Ақтөбе қалалық мәслихатының
сайты

Мәслихат хатшысының өмірбаяны

WhatsApp Image 2021-02-02 at 08.56.04

1967 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген.

Білімі:

1984 ж. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген.

1989 ж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2015 ж. Ақтөбе қаласындағы Қазақ-орыс халықаралық университетінің магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби тәжірибесі:

1989-1999 жж. Ақтөбе қаласында «Продтовары» АҚ, «Азық түлік» АҚ сауда саласында қызмет еткен.

1999-2006 жж. Ақтөбе қаласы әкімдігінің бөлімдерінде мамандығы бойынша қызмет еткен.

2007-2016 жж. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған.

2016-2019 жж. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысы, 2019-2021 жж. Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» ӨКП директоры болып жұмыс жасаған. 2021 ж. қаңтардан бері Ақтөбе қалалық Мәслихаты хатшысы қызметін атқаруда.

Қосымша мәлімет:

06.2008-11.2008 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономика саласындағы менеджерлер мен басшылардың біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша «Тұран Профи» Кәсіби академиясында оқыған.

12.10-12.11.2008 ж. – InWEnt «Fort bildungs programm fur kasachische Manager» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен (Германия).

26.02-20.03.2010 ж. – «Municipal Support for small Business Development» USAID АҚШ Қоғамдастықтарының Байланыс Жобасы бойынша тағылымдамадан өткен.

2013 ж., сәуір – Германия Федеративтік Республикасының (GIZ) Экономика және технологиялар Федералды министрлігінің басқару кадрларын даярлау бағдарламасы бойынша «Инновациялық менеджмент» тақырыбында оқыған.

17.06-30.06.2013 ж. – МАSHAV және Еуропалық Экономикалық Комиссияның «Support Systems for Women in Small Business at National and Local Levels» бағдарламасы бойынша оқыған (Израиль).

16.02-22.02.2019 ж. – МАSHAV бағдарламасының «Social Entrepreneurship» тақырыбы бойынша оқыған (Израиль).

Мемлекеттік наградалары мен алғыс хаттары:

         ҚР Президентінің Жарлығымен:

  • «ҚР тәуелсіздігіне 20 жылдығы», «ҚР Конституциясына 20 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 25 жылдығы», «Астананың 20 жылдығы», «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен,
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
  • «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
  •  Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің өкімімен 2019 жылы “Жыл адамы” деп танылды.
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы  Ғ.Әбдірахымовтың (2008), Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту жөніндегі ЮСАИД жобасының бас директоры Грэгори Хемпфиллдің (2009), Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі ВАS Бағдарламасының (2010, 2012, 2014, 2018), ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның хатшысы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдықалықованың (2011), АҚШ Мемлекеттік Департаментінің (2011), «Даму» АҚ КДҚ АҚ Басқарма төрайымы Л.Ибрагимованың (2013), Израиль мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Лиат Вексельманның (2019), ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның хатшысы Л.Рамазанованың (2020) алғыс хаттарымен марапатталған.

♦ «Nur Otan» Партиясының мүшесі.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласы Мәслихатының жетінші шақырылымның депутаты болып сайланды.

Ақтөбе қаласы Мәслихатының хатшысы

Телефон: +7 (7132) 41-64-07

E-mail: anar_en@mail.ru

Instagram: @anardarzhanova

Facebook: Анар Даржанова