Сайт
маслихата города Актобе

Секретарь маслихата города Актобе А.Даржанова посетила несколько учреждений

Опубликовано: 18.02.2021

WhatsApp Image 2021-03-02 at 09.55.46Бүгін, қаламыздың аумағында орналасқан объектілермен танысу мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы А.Даржанова бірнеше мекемеде болды. Алғашқы объекті, «Габбас» ПИК-нің өкілдерімен жолықты. Олардан атқарып жатырған жұмыстарымен таныс болып, толғандырған мәселелер туралы біліп, қаламызды көркейту, халықты тазалыққа,тәртіпке үйрету бойынша ұсыныстарын тыңдады. Аталмыш ПИК-тің 30% тұрғындары пәтерді жалға алушылар. Жалпы тұрғындардың 30% уақытылы төлем жасап отырған тәртіпке үйренген зейнеткерлер. Міндетті төлем жасаудан жалтарған тұрғындардын есебінен қоқыс шығару мәселесінде қиындықтар туындап отыр. Халық әлі де ірі габаритті қоқыстарды тастауын тоқтатпаған.

Кооператив басшысының айтуы бойынша, Тургенев көшесі, 74 «а» тұрғын үйі терможаңғырту бағдарламасы аясында жөндеуден өткен. Қазіргі таңда үйдің жағдайы халықтың көңілінен шығып отыр. Сонымен қатар, бұл ПИК-ке қарасты тұрғын үйде Ұлы Отан соғысының 2 ардагері тұрады екен.


Екінші объекті, бұл қаламыздағы №30 орта мектебі. Мектеп директорының айтуы бойынша басты проблемалардың бірі – оқушыларды тасымалдау. Қазіргі таңда мектепке келетін оқушылардың санының артуына байланысты, тасымалдауды қажет ететін, саяжайда тұратын 150 оқушы бар. Алайда, тек 50 бала тасымалдауға ғана мектеп автобусы берілген. Ол автобус 2009 жылғы шығарылған, ескірген, сыйымдылығы 25 бала.
Мектепте 141 баланың отбасы арнаулы әлеуметтік көмек алады.