Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

«Аналар аманаты» тұрақты көрме сату алаңы ашылды

Опубликовано: 14.02.2020

95f67619-126a-4498-a04b-5ec8f4db887d

14 ақпан, жұма күні Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» орталығынан «Аналар аманаты» атты тұрақты көрме сату алаңы ашылды. Жаңа жобаның ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, қыз-келіншектердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
«Біз ұлттық қол өнерімізді дәріптеу арқылы, өңірдегі қыз-келіншектердің жұмыспен қамтылуына, кәсіп ашуына ықпал еттік. Біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетеміз, алдағы уақытта әдемі дүниелерді жасау өздеріңіздің еншілеріңізде болып қала бермек»,-деді аймақ басшысы. Тұрақты көрме сату алаңында жобаның ұйымдастырушысы Ырза Тұрсынзаданың Ақтөбе өңіріндегі 450-жуық шәкіртінің ерекше қолөнер бұйымдары көпшікке ұсынылады. «Аналар аманаты» еліміз бойынша Атырау және Ақтөбеде ашылып отыр. Болашақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ашылу жоспарда. Жоба жетекшісі Ырза Тұрсынзада «Аналар аманаты» тұрақты көрме сату алаңының ашылуына қолдау көрсеткені үшін облыс басшысына алғысын білдірді.