Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

ПЫСЫҚТАУҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ! «Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі» ММ-ң 2020-2022 жылғы бюджет жобасына түсініктеме хаты

Опубликовано: 06.12.2019

«Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ 1 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып келеді.

Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімінде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырумен – 11 мемлекеттік қызметші, 9 азаматтық қызметші қызмет атқарып келеді.

Бөлімнің ережесіне сәйкес, оның негізгі функциялары: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, АХАТ ТП, ХҚКО АЖ ақпараттық жүйелерін жүргізу, Қазақстан республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша халықаралық міндеттемелер аясында құқықтық көмек көрсету, неке, отбасылық құндылықтары институтын нығайту мақсатында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

«Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, неке-отбасылық заңнама аясында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып келеді.

          «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылға бекітілген бюджет 80847,0 мың теңгені құрайды,2019 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес жаңартылған бюджет 61 772,1 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 3 228,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 58 544,1 мың теңге.Бекітілген Бюджеттің 22620,4 мың теңгеге азаюы, себебі 2019 жылғы ақпанда «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған жаңа туған нәрестелер үшін бокс қораптарын сатып алуға конкурс жариялануына байланысты «Kaztermit» ЖШС жеткізушісі ұсынған техникалық сипаттамаларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі сәйкес емес деп таныды. Нәтижесінде нәтижелердің сотқа шағымдануына байланысты, бұл конкурс 8 айға кешіктіріліп, тек үстіміздегі жылдың қыркүйегінде сот шешімі шығарылды, оның келісімі біржақты тәртіппен бұзылды.

 

           2020 жылға болжам 82 121,3 мың теңге, 2021 жылға 87869,8 мың теңге, 2022 жылға 94020,7мың теңге.   2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылға арналған 956,8 мын.тенге шығындардың артуы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 12.07.2019 жылғы № 3382 қаулысы негізінде «Тиімді даму орталығы» КМУ-дан автомобиль Chevrolet Cruze мен жүргізушілердің 1 штаттық бірлігі, жанар-жағармай материалдарын сатып алу құнын арттыруға байланысты. Қосалқы бөлшектер, төтенше жағдайдағы автокөлігін жөндеу, сонымен қатар «ЕСЕДО», «ИПГО», «1С», «Парус КАЗ» бағдарламаларын жүргізу, кеңсе жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, картриджді толтыру, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу шығындарының өсуі.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы еліміздің азаматтырана сапалы, уақытылы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында үзіліссіз жұмысты қамтамасыз ету, неке институты, отбасылық құндылықтар және отбасылық тәрбиені насихаттау, электронды форматта тұрғындарды мемлекеттік қызметтерді алуға бағыттау, жалпықалалық шараларға қатысу.

               Тікелей нәтижелері: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін мекеме штатының 11 мемлекеттік қызметкері мен 9 техникалық жұмысшыларының үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді, жалақы, салықтар, міндетті төлемдер, үй-жайларды жалға алу 2019 жылға 29 450,4 мың теңге, коммуналдық қызметтер сомасында 884, 7 мың теңге, сондай-ақ «басқа да ағымдағы шығындар» 4 879,6 мың теңгені игерді.               Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер Стандарттарына сәйкес бөлім 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 5-і «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі: тууды тіркеу, некені тіркеу, некені бұзуды тіркеу, аты, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, қайталама куәліктер мен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар беру. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы №191 бұйрығымен «Қайтыс болуды тіркеу, акт жазбаларды қалпына келтіру, акт жазбалардың күшін жою» электронды түрдегі нысандарына тағы үш қызмет қосылды, бұл үш қызмет www.egov.kz электрондық үкімет порталында қол жетімді.         Жалпы 10 айда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 27 845 құрайды, оның ішінде:

  • Электрондық форматта – 74,1% (5 907)
  • Мемлекеттік Корпорация арқылы – 91,3 % (17620).

10 айда өндірілген мемлекеттік баж салығы 22 571 009,8 теңге көлемінде, бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% өскенін көрсетеді.

2019 жылғы 10 айында құжаттардың жалпы айналымы 65127 құжат болды.

Қазіргі уақытта 1 пилоттық жоба іске асырылуда: Жоба – қайталама куәліктерге және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларға өтінімдер беру қызметі. Өтініш берушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, қайталама куәліктерді және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды алуға өтінім АХАЖ ТП жүйесі бойынша тіркеуші органға қажетті тіркеу актісінің орналасқан жері бойынша тікелей келіп түседі, Тіркеуші органдар оны 5 жұмыс күні ішінде орындап, қайталама куәлікті немесе анықтаманы толтырып, өтініш берген жердегі ХҚКО-ға жолдайды.

Электрондық қызметтердің санын көбейту мақсатында, а.ж.27 маусымында «Үкіметтің Ақтөбе облысы азаматтарына арналған мемлекеттік корпорациясы» ҰАК филиалынан түскен № 03-04-17-12 / 8707 хатқа байланысты осы жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің алдын алу қызметінің 26 маусымдағы № 01-22-09 / 412 хаты негізінде тууды проактивті тіркеу қызметін тоқтатуға байланысты АХАТ бөлімі Ақтөбе қаласындағы үш перзентханамен келісімге келіп, үстіміздегі жылдың қыркүйегінде 3 қызметкер (қоғамдық қызметкерлер) Облыстық перинаталды орталыққа, Ақтөбе медициналық орталығына, Қарғалы қалалық ауруханасына азаматтардың тууды тіркеу туралы өтініштерін электронды форматта қабылдау және жіберу үшін жіберілді. Алайда, мобильді азаматтардың деректер базасында әйелдерді авторизациялауда техникалық қиындықтар бар екенін атап өту керек, осыған байланысты, Мемлекеттік корпорацияға мобильді қосымшадағы ақпаратқа авторизациялауды жүргізетін бөлек қызметкерді бөлу жөнінде хат жіберілді.               Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2013 жылдан 2017 жылға дейін Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық іс қағаздары цифрланды (оларды сканерлеу және электрондық мұрағатқа тапсыру). 5 жыл ішінде Ақтөбе облысының АХАЖ мұрағаты 1937 жылдан 2008 жылға дейін толығымен тексерілді.               2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың тамызына дейін Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі сканерленген акт жазбаларын цифрландыру және жаңартылған ақпаратты енгізу, сондай-ақ АХАЖ ақпараттық жүйесінде түзетілген ақпаратты жаңарту бойынша жұмыстар жүргізді. Осы кезеңде 1 201 000 акт жазбалары жаңартылды. Осы жұмыстың мақсаты – «Электронды тіркеу бөлімі» электрондық мұрағатын «Е-Мұрағат АХАЖ» құру, өйткені цифрлық ғасырда электронды мұрағат жүйесін құру ең маңызды міндеттердің бірі болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.               Жоспарлау кезеңінің тікелей нәтижелері: 2020 жылы 1 бағдарлама бойынша қаржыландыру қамтамасыз етіледі, нәтижесінде: бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үздіксіз атқарылуы, жалақы, салықтар, міндетті төлемдер, үй-жайды жалға алу төлемі жылына 29 450,9 мың теңге. қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 15 000,0 мың теңге сомасында АХАТ бөлімінің және Ақтөбе қаласы әкімдігінің қалалық іс-шаралар жоспарына сәйкес мерекелерде, Отбасы күні, Балаларды қорғау күні, түрлі іс-шараларда (мысалы,«Ақ орамал» және т.б.), Отбасылық және неке институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, қаламызда ажырасулар санын азайту мақсатында түрлі отбасылық жарыстар, жас отбасыларға арналған тренингтер жүргізу көзделген.

 

 

 

Басшы                                                                                                                          Мамбетова В. Т.

 

 

Бас маман                                                                                                                    Кулданова Г.А.