Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

ПЫСЫҚТАУҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ! «Ақтөбе қаласы “Астана” ауданы әкімінің аппараты» ММ-ң 2020-2022 жылғы бюджет жобасына түсініктеме хаты

Опубликовано: 06.12.2019

Ақтөбе қаласы “Астана”ауданы әкімінің аппараты” ММ Ақтөбе қалалық бюджетінен қаржыландырылады. Барлығы 48 штаттық бірлік, оның ішінде: 26 бірлік мемлекеттік қызметкерлер (әкім-1 бірлік, әлеуметтік мәселелер бойынша әкімнің орынбасары-1 бірлік, ТКШ және кәсіпкерлік мәселелері бойынша әкімнің орынбасары-1 бірлік, аппарат басшысы-1 бірлік, бөлім басшылары-5 бірлік, бас және жетекші мамандар – 17 бірлік), 2 азаматтық қызметкер және 20 бірлік техникалық персонал (2 бірлік-комендант, 8 бірлік-күзетші, 3 бірлік-үй-жайды жинаушы, 2 бірлік-аула сыпырушы, 3 бірлік-жүргізуші, 2 бірлік – ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы).

“Ақтөбе қаласы “Астана” ауданы әкімінің аппараты” ММ қаржыландыру жоспары бойынша 2019 жылы нақтыланған бюджет 80538,4 мың теңгені құрады,оның ішінде республикалық бюджет 6 865,7 мың теңге, қалалық бюджет 73672,7 мың теңге.

2020 жылға болжам бойынша 93903,1 мың теңгені, 2021 жылға 100476,3 мың теңгені, 2022 жылға 107509,7 мың теңгені құрайды. Болашақ жылдарда шығынның өсуі 2019 жылдың тамызында мекеме теңгеріміне 3 ғимарат және 3 автокөлікті қүтіп-ұстауға берілуменен байланысты:

- Сәңкібай батыр даңғылы 145Б мекен жайында орналасқан әкімшілік ғимараты, жалпы ауданы 1081,5 м2, оның ішінде, Астана ауданы әкімінің аппараты – 260,6м2, №1 ҚПБ учаскелік полиция пункті – 87м2, “Дін мәселелері және қоғамдықпен байланыс орталығы” КММ – 31,5м2, аудан ақсақалдарының кеңесі – 15,4м2, коворкинг орталығы – 137,3м2, қалған 549,7м2 – ортақ жалпы пайдаланудағы алаңдар.

- Сазды т.м., Өнеге көшесі, 1 мекен жайында орналасқан әкімшілік ғимараты, жалпы алаңы 371,1м2, оның ішінде №2 ҚПБ учаскелік полиция пункті – 15м2, қалған алаң бос, ғимаратты ұтымды күтіп-ұстау мақсатында аукцион арқылы кәсіпкерлерге жедел басқаруға беру немесе қалалық білім бөліміне бағынысты мекемелерге беру қарастылуда.

- Жаңақоныс т.м. Больничная көшесі, 3 мекен жайында орналасқан әкімшілік ғимараты, жалпы алаңы 253м2, оның ішінде №1 ҚПБ учаскелік полиция пункті – 13м2, ауыл ақсақалдарының кеңесі – 13,6м2, қалған алаң бос, ғимаратты ұтымды күтіп-ұстау мақсатында, бүгінгі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының теңгеріміне беру процессі жүруде.

- 3 автокөлік құралы: KIA Sportage – 2014ж.ш., Skoda Oktavia A4 – 2008ж.ш. және Lada 21214 – 2012ж.ш. Аталған көліктерді күтіп-ұстау үшін, автоқосалқы бөлшектер, ЖЖМ,сатып алуға, жөндеу жұмыстарына және т.б. қызметтерге қаржы қажет болады.

2019 жылға бөлінген қаражат 2 бюджеттік бағдарлама бойынша игерілуде:

123001015 “Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету” бағдарламасы бойынша 2019 жылы шығындар 73231,4 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет 6865,7 мың теңге, қалалық бюджет 66365,7 мың теңге. 2020 жылға – 93251,1 мың теңге, 2021 жылға – 99 778,7 мың теңге, 2022 жылға – 106 763,2 мың теңге жоспарланып отыр. Қаражат шығысының өсуі мекеме теңгеріміне 3 ғимарат және 3 автокөлікті қүтіп-ұстауға берілуменен байланысты. Осыған орай, техникалық персоналдың штат саны өсті, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстар, ғимаратта орналасқан жабдықтауларды қарауға қызметтер пайда болды, кеңселік және тұрмыстық тауарлар сатып алуға, автокөліктерді күтіп-ұстау үшін ЖЖМ, автоқосалқы бөлшектер сатып алуға, көліктерді жөндеуге арналған шығыстар, компьютерлерге, кеңсе техникаларына және қолданбалы бағдарламаларға техникалық қызмет көрсету және т.б.шығыстар.

Бағдарлама мақсаты 26 мемлекеттік қызметшілердің, 2 азаматтық қызметшілердің және 20 техникалық қызметкерлердің жалақысын уақытында төлеу, мекеме теңгеріміндегі 3 ғимарат пен 3 автокөлікті қүтіп-ұстау, аудан әкімі қызметін қамтамасыз етудегі тиімділікті арттыру.

Есепті кезеңде қол жеткізілген тікелей көрсеткіштер:2019 жылы “Астана” ауданы бойынша қалалық әкімдіктің бөлімдерімен бірлесе келесі мәселер шешіліп, жұмыстар атқарылды:

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша. «Астана» ауданы аумағында 1252 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 260 үй 659 лифтімен қамтамасыз етілген. Үйді күтуге 96 ПИК, 372 кондоминиум нысандары және 190 үйге ерікті негізде қызмет көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында 2019 жылы аудан аумағында жалпы сомасы 219 млн. теңгеге 5 үй жөнделді. Сонымен қатар, жалпы құны 165 млн.тг 4 үйді жаңарту жоспарлануда – Әбілқайыр хан даңғылы 16, Маресьев 75, М. Лачугин, 11, Красногорская, 17.

Лифт шаруашылығын жаңғырту аясында, 2019 жылы аудан аумағы бойынша 10 үйдің 16 лифттері жалпы сомасы 108,8 млн. тг «Жігер Ақтөбе» ЖШС мердігерлік мекемесімен аустырылды.

Санитарлық тазалау. Ауданда 332 контейнер алаңында 2321 контейнер бар, олардың 101-і евроконтейнерлер. 2019 жылы жалпы соммасы 4,9 млн. теңгеге 199 стандартты контейнерлер сатып алынып, орнатылды.     Сондай-ақ «DUKSAR» ЖШС-мен жалпы сомасы 22,7 млн. теңгеге еуроконтейнерлерге арналған 20 контейнерлік алаңдар орнатуға келісім-шарт жасалып, казіргі уақытта оларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсарту және облыс әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы көктем және күз мезгілдерінде жалпы қалалық сенбіліктер өткізіліп, 39 мыңнан астам адам қатысып, 126 арнайы техника жұмылдырылып, 396 тоннадан астам қоқыс қалалық полигонға жеткізілді.

«Бірге – Таза Қазақстан» атты акциясын қолдау көрсету мақсатында, 2019 жылдың 27 шілдесінен осы уақытқа дейін санитарлық тазарту бойынша аудандық аумақта өткен эко-челленджге 825 адам мен 62 арнайы техника қатысып, 137 тонна қоқыс шығарылды, 1,5 км өзендер мен су арналар тазартылды.

Балалар мен спорт алаңдары. Ауданда 122 ойын алаңы бар. 2019 жылы 20 балалар ойын алаңдарын орналастыруға жалпы сомасы 35,3 млн. теңгеге қаражат бөлінді, бүгінгі күні 14 балалар ойын алаңдары орнатылды, қалған алаңдарды жыл сонына дейін орнату жоспарланған. Ауданда 82 спорт алаңы бар. 2019 жылы жалпы сомасы 39 млн. теңгеге 15 спорт алаңдарын құру жоспарлануда.

Тротуарлар. 2019 жылы «Астана» ауданы аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды (тротуарларды) орнатуға және күтіп ұстауға жалпы сомасы 43 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, бүгінгі күні жалпы аумағы 5628 шаршы метр болатын тротуар салу жұмыстары аяқталды.

Люктер мен құдықтар.Кәріз люктерінің ұрлануының ұлғаюына байланысты аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары және коммуналдық қызмет өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылып, олар рейдтік іс-шаралар кезінде Астана ауданы аумағында талапқа сай келмейтін 206 люк пен құдықты аңықтады. Қазіргі уақытта 206 люктердің 194-і сәйкестікке келтіріліп, ал қалған 12-сін ережелер мен талаптарға сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық көлік аялдамасы. Ауданда 247 аялдама пункті бар. Биыл аудан аумағында 33 шыны аялдама орнатылды.

Жол көлігінің инфрақұрылымы«Астана» ауданы аумағы ұзындығы 295 062 м құрайтын 324 көше бар, оның ішінде асфальтбетон жамылғысы – 154 187 м, қиыршық тас – 20 293 м, құм жабындысы – 120 582 м, оның ішіңде 45 497 м өте жақсы жағдайда, 61 682 м жақсы жағдайда, 41 092 м қанағаттанарлық жағдайда және 146791 м қанағаттанарлық жағдайда. 2019 жылы Арынова көшесіне жалпы соммасы 537,6 млн.тг. және Батыс-2 ауданыңдағы Мәңгілік Ел көшесіне жалпы соммасы 246,1 млн. тг. автожолды қайта құру үшін қаражат бөлініп, мердігермен келісім шарт жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыспен қамтамассыз ету және әлеуметтік көмек көрсету бойынша. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді курстардан 391 адам оқытылып оның ішінде 211 адам аяқтап, 170 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Екінші бағыты бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 60 адамға 704,2 млн.тг. көлемінде шағын несие берілді. 2019 жылы қала бойынша 114 адамға несие беру жоспарланды.

Астана ауданы бойынша 100 АЕК-ке (252 500) дейінгі грант – 6 адамға және 200 АЕК-ке (505 000) дейінгі грант – 112 адамға берілді.

Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 152 адам жолданды, 92 адам аяқтап оның ішінде 64 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар іс тәжиербиесін 739 адам жолданып оның іщінде 403 түлек аяқтап, 273 түлек тұрақты жұмысқа орналасты, сонымен қатар қоғамдық жұмысқа 310 адам және «Гулдене бер» акциясы аясында қоғамдық жұмысқа 358 адам бағытталып, оның ішінде 112 студент, 238 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылы қала бойынша 6720 жана жұмыс орындары ашылды (қала бойынша 11420). 2019 жылға арналған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 29 жасқа дейінгі 3992 жастар жұмысқа орналасты. Аудан бойынша тіркелген жұмыссыз адамдар саны 1263 адамды құрады.

Жыл басынан жұмыспен қамту орталығымен 8 кезекті және 4 мамандандырылған бос жұмыстар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде Астана ауданы бойынша 503 адам жұмысқа орналастырылды.

Атаулы әлеуметтік көмек.Жыл басынан бастап Астана ауданы бойынша жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек 5818 отбасыға(27299адам), оның ішінде шартты ақшалай көмек 4592 отбасыға(22914), шартсыз ақшалай көмек 1227 отбасыға(4385адам) тағайындалды.

Актуализация:Жылдың басынан бастап Астана ауданы бойынша 836 азамат өзектендірілді (актуализирован), оның ішінде БЖТ төлеген -378 азамат. 2019 жылдың 1 қарашасына қала бойынша өзектендірілмеген (неактуализирован) – 9454 адам, соның ішінде Астана ауданы бойынша -5672 азамат. Жыл басынан бастап үй-жайларды аралап, азаматтардың статусын анықтау барысында бүгінгі күнге   2430 үй араланды. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе2019 ж. 17 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін 2209 адам мекен жайы бойынша араланды. Аталған жұмыс жалғасуда.

Әлеуметтік сала бойынша. Ақтөбе қаласы Астана ауданы бойынша  2019 жылдың 20 тамыз және 20 қыркүйек аралығында  Халық қауіпсіздігін қамтамассыз ету жобасы аясында 5 түрлі бағытта 133 кездесу жұмыстары өткізіліп, 4655 адам қамтылды.

2019 жылы жалпы аудан бойынша 3 ауысымда оқитын мектептердің мәселесі кезең кезеңімен шешілуде. ҚР Конституциясы күні қарсаңында Құрашасай ауылында 600 орындық мектеп ашылып, №58 ОМ 2 ауысымдыққа көшу мәселесі шешілді. Одан басқа №21, №27, №9 ОМ қосымша кеңейтілім құрылыстары аяқталып, қолданысқа берілді, ал №56 және №37 ОМ қосымша кеңейтім салу бойынша құрылыс жұмыстары басталып, 2020 жылы аяқтау жоспарланған.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 2019 жылдың 30 тамыз күні Батыс-2 мөлтек ауданында жалпы аумағы 3750 ш.м. құрайтын 150 орындық балабақша іске қосылды. (тапсырыс беруші «Асыл Ойл» ЖШС; инвестиция көлемі 680 млн.теңге).

Ауданда орналасқан барлық 43 мектептіңқолжетімділігі, мектепке барар жол, жаяу жүргіншілер жолы, жарықпен қамтамасыз етілуі, жылу жүйелерінің жағдайына талдау шаралары жүргізіліп, талдау қорытындыларын қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне жолданды. Талдау қортындысына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінің айналасына жаяу жүргінші жолы – 35 734м2, автокөлік жолы- 96 080 м2, автотұрақ – 8 094 м2, 407 бағана жарық көзінің қажет, сонымен қатар жалпы білім беру мекемелерінің спорт алаңдарына толық жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бар. Бүгінгі күні аталған қажеттіліктің аудан аумағында орналасқан тек 6 мектептің айналасына 2389,6 м2 жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Қайырымдылық. Жалпы аудан бойынша қаңтар- тамыз аралығында 59 концерттік, қайырымдылық шара аудан әкімдігімен ұйымдастырылды. Қамтылған 1224 адам, соммасы 2,3 млн. теңгеге демеушілік көрсетілді. Мектеп оқушылары жазғы демалыстарын көңілді өткізу үшін 4575 оқушы балаларға жазғы лагерьлерде демалыс ұйымдастырылды. Оған қоса «Астана» ауданы әкімдігі және демеушілердің қолдауымен «Астана» ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Ашық есік» күндері аясында 27 көпбалалы және аз қамтылған отбасына азық- түлік, киім кешекпен қамтамасыз етті.

«Мектепке жол» акциясы аясында «Астана» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 23 баланы толық қажетті құрал- жабдықтар мен киім кешекпен, жалпы соммасы 610 мың теңгеге демеушілік көрсетілді.

Кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы бойынша. Астана ауданы бойынша кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, саны 32,8 мың(ЖШС -11,4 мың, ЖК – 21,4 мың).

Астана ауданы аумағында шағын және орта бизнес бойынша 2019 жылы 1790 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 18495,5 млн.теңгені құрайтын, 58 жоба жүзеге асырылды. Жалпы 2019 жылы аудан аумағында 8425,5 млн.теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылды, 27 бизнес объекті ашылып, 542 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Ауыл – ел бесігі» бастамасының аясында ауыл кәсіпкерлерімен 2019 жылы Сазды ауылында 100 орындық балабақша ашылып, іске қосылды. Жоба құны – 33 млн.теңге. Жаңақоныс ауылындағы балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізілді (1,2 млн.тг.) және ауылдың күн көрісі төмен және аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетілді (0,5 млн.тг.).

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ж.Қасымбектің 2019 жылғы 1 тамыздағы «Аймақтарды маркетинг (скрининг) зерттеу жұргізу» тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарымен жұмыс жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты – кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарының әлеуетті мүмкіншілігі мен қажеттіліктерін анықтау арқылы елді мекендерге маркетингтік талдау жүргізу.

2019 жылдың 1 қараша айына Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы бойынша үй-шаруашылығын 7075 (100%) аралау жоспар қойылған.

Қазіргі таңда 7175 (101%) үй-шаруашылығы араланып сауалнама толтырылып, орталықтандырылған базаға НПП РК Атамекен (http://opros.atameken.kz/) сауалнама енгізілді.

2019 жылы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алтай», «Алия» сауда үйінің алдарында 30 ауыл шаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Құжат айналымы, тұрғындармен байланыс орнату бойынша.                      

2019 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімі аппараты» ММ барлығы 210 өтініш хат (179 – жеке тұлғалардан, 31 – заңды тұлғалардан) қабылданып, оның 151 өтініші қарастырылып, жауап берілді, қалған 54 өтініш тиісті мемлекеттік мекемелерге қайта жолданды. Уақытында жауап берілмеген немесе жауапсыз қалған хаттар мен өтініштер жоқ.Бұдан басқа интернет желісімен қолданатын тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау және ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды, жоспарланған мерекелік шараларды халыққа уақытылы жариялап, хабарлау мақсатында, http://astana.akt.gov.kz, ресми сайтында жәнеInstagram, Facebook әлеуметтік парақшаларында күнделікті тұрғандардан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар қарастылып, жұмыс жүргізілуде.

         Жоспарланған кезеңнің тікелей түпкілікті көрсеткіштері:

Қалалық әкімдіктің бөлімдерімен бірлесе”Астана” ауданы аумағында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, 3 ауысымды мектептерді азайту, кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығын дамыту, тұрғындардың барлығын қамтитын мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, спортпен шұғылданатын азаматтардың санын көбейті, жағдай жасау, жұмыссыз тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету(АӘК), бос жұмыстар жәрмеңкесін ұйымдастыру, аудан тұрғындарына арзандатылған бағамен өнімдер сатып алу үшін және жергілікті ауылшаруалық өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарын қолдау үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру, аудан ақсақалдарымен және жастармен бірлесе жұмыс жасау, тұрғындарды қабылдау бойынша ашық есік күндерін өткізу, өтініштерді уақытылы қарап, жауап беру, азаматтардан түскен мәселерді шешу үшін тиісті шара қолдану және т.б. тапсырмаларды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыру.

123022000 “Мемлекеттік органның күрделі шығыстары” бағдарламасы бойынша. 2019 жылы – 7307,0 мың теңге шығыстар қарастырылды. 2020 жылға – 652,0 мың теңге, 2021 жылға – 697,6 мың теңге, 2022 жылға -746,5 мың теңге. Қаражаттын азаю себебі, 2019 жылы жаңадан құрылған аудан әкімдігінің жұмысына қажетті мамандарға жиһаз, кондиционерлер, кеңсе техникалары сатып алынды және стандартқа сәйкес жаңа үлгідегі мемлекеттік рәміздер (Елтаңба) сатып алынды.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қызметкерлерге функционалдық міндеттерді уақытылы және сапалы орындауға жағдай жасау үшін қызметкерлерді материалдық техникалық базасымен және материалдық емес активтермен қамтамасыз ету.

Есепті кезеңнің тікелей қол жеткізілген көрсеткіштері: стандартқа сәйкес жаңа үлгідегі мемлекеттік рәміздер (Елтаңба), кондиционерлер, жиһаз және кеңсе техникалары (МФУ 3в 1, принтерлер) сатып алынды.

Жоспарланған кезеңнің тікелей түпкілікті көрсеткіштері: қызметкерлерге берілген тапсырмаларды тез әрі тиімді орындауға жағдай жасау үшін ескі және істен шыққан компьютерлерді кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарына сәйкес жыл сайын бес компьютер жиынтығын сатып алу.

 

«Астана» ауданы әкімі                                               Б.Н.Тілегенов

Бас маман                                                                         З.Ж.Кутынова