Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

ПЫСЫҚТАУҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ! «Ақтөбе қаласы “Алматы” ауданы әкімінің аппараты » ММ-ң 2020-2022 жылғы бюджет жобасына түсініктеме хаты

Опубликовано: 05.12.2019

«Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі қалалық бюджеттен қаржыландырылады.2019 жылға Алматы ауданының қаржы жоспарының анықталған бюджеті- 90 143,3 мың теңге оның ішінде: республикалық бюджет- 6 886,3 мың теңге, қалалық бюджет- 80 625,0 мың теңге.

Жоба 2020 жылға- 108 353,1 мың теңге, 2021-жылға- 115 937,8 мың теңге, 2022 жылға – 124 053,5 мың теңгені құрайды. 2019 жыл мен 2020 жылды салыстырғанда шығын- 18 209,8 мың теңгеге көбейді.

Себебі «Ақтөбе қаласы тиімді дамыту орталығы» КММ-нен «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты»ММ-не балансқа әкімшілік ғимарат, көліктер және 25 штаттық техникалық персонал берілді.

2019 жылы Алматы ауданының шығыстары 2 бюджеттік бағдарлама бойынша:

«Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2019 жылғы шығын – 80 625,0 мың тенге,2020 жылға 108 353,1 мың теңге қарасытырылды. Айырмашылық себебі жұмыстар мен қызметтер төлемінің өсуіне және еңбек өтілімінің жоғарылауына қарай Қазақстан Республикасының 17.01.2004 жылғы №1284 қаулысына сәйкес, коэфициенттердің өзгеруіне байланысты. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 12.07.2019 жылғы №3382 қаулысы негізінде 25 штаттық техникалық техперсонал (1-комендант, 3 көлік жүргізуші, 4-күзетші, 4-оператор, 11- қызметтік үй-жайды тазалаушы 6 бос орын, 1-жұмысшы электрик сантехник, 1-аула тазалаушы) қызметкерлерінің жалақысы, балансқа 5 ғимарат берілді ( 1-әкімшілік ғимарат Қарғалы т.а., Октябрге 60 жыл көшесі, 20Б, 1- әкімшілік ғимарат Қурайлы т.а. Жеңіс көшесі 44 және 1-дәрігерлік амбулаториялық ғимарат Жеңіс көшесі 11А қазірі кезде жалға берілді, жалға беруден түскен кіріс «Ақтөбе қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ-не түсуде. 1- мәдениет үйі ғимараты К.Нокин т.а. Клубная көшесі 1, жобалық сметалық құжаттама дайын күрделі жөндеу қажет. 1-ескі дәрігерлік амбулаториялық ғимараты Пригородный т.а., М.Әуезов көшесі,24 күрделі жөндеу қажет). 3 қызметтік көлік (Kia Sportage, Chevrolet Lacetti , Lada 21214).

 

Бағдарлама мақсаты:Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру. Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету. Ғимаратты және қызметтік көліктерді күтіп ұстау.

(Анықтама: штатта 55 бірлік бар, оның ішінде: 28 мемлекеттік қызметші: 1-әкім, 2- әкіморынбасары, 1-аппарат басшысы, 23-бас маман, 1-жетекші маман), -2-қосалқы персонал, 25 штаттық техикалық персонал: 1-комендант, 3 көлік жүргізуші, 4-күзетші, 4-оператор, 11- қызметтік үй-жайды тазалаушы оның ішінде 6 бос орын, 1-жұмысшы электрик сантехник, 1-аула тазалаушы).

Есепті кезеңде қол жеткізілген тікелей көрсеткіштер: жалақы төлеу, салықтарды төлеу, мемлекеттік қызметшілердің квалификациялық біліктілігін жетілдіруге, қайта даярлауға ақы төлеу, ел ішіндегі іс сапарларға ақы төлеу, коммуналдық шығындарға төлем жасау. Қаржыны 100 пайыз игерілуде. Дебиторлық және кредиторлық берешектер жоқ.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің атқарылған жұмыстары бойынша:

Автомобиль жолдары, жол белгілері

2019-2020ж. қысқы мезгілдеріне ауданға қарасты жолды күтіп ұстау жұмыстарын «Дэу-2010» ЖШС, «Ерхат жолдары» ЖШС, «Дорожник и К» ЖШС, «Financial World» ЖШС «Бошан Транс Авто» ЖШС, «АГДС» ЖШС, «Протон МК» ЖШС мердігер мекемелері белгіленді.

Алматы ауданы бойынша 4 автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

(Олар: Өрлеу тұрғын үй алабынан-Кірпішті тұрғын үй алабына дейінгі жол -ұзындығы 5700 м, сметалық құны- 315 080,64 мың/теңге, мердігер мекеме- «КапРемСтрой» ЖШС, Бекқұл баба тұрғын үй алабы Орталық көшесі- ұзындығы 1225 м, сметалық құны- 71 342,40 мың/теңге, мердігер мекеме- «Ерхат-жолдары» ЖШС, Ясный т.а Мира көшесі –ұзындығы 985 м, сметалық құны- 69 354,70мың/теңге, мердігер мекеме-«Ерхат-жолдары» ЖШС, Ақжар-2 Ұшқиян көшесі – ұзындығы 2200 м, сметалық құны- 263 618,2мың/теңге, мердігер мекеме- «АссанаДорСтрой» ЖШС).

Ақшат елді мекеніндегі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

Қурайлы, Қызылжар-1,2,3, Ақжар-1,2, Заречный-1,2,3,4, Рауан, Қарғалы және т/а көшелеріне грейдермен тегістеу жұмыстары жасалды.

Қазіргі кезде Шилісай тұрғын үй алабына ұзындығы 3200 м қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сая тұрғын үй алабына ұзындығы 500м қиыршық тас төсеу жұмыстары қараша айында төселінуі жоспарлануда.

Қызылжар-2, Ақжар-1, Поиск-2 б-б/ұ, Бекқұл баба тұрғын үй алабы және Қарғалы тұрғын үй алабы Сәтпаев көшесі бойындағы аялдама бекеттеріне қиыршық тас төселді.

Аудан аумағындағы тұрғын үй алаптарының ішкі жолдарына қиыршық тас төсеу үшін құны: 1 049,6 мың.тг, көлемі: 2 100 тонна қиыршық тас демеушілік ретінде «АКНМ» ЖШС арқылы көмек көрсетілді.

Жаяу жүргіншілер жолы

Қарғалы т.а.Құрғұлова, Байғанин көшелері, Заречный-2 т/а №46 ЖББОМ баратын жол, Заречный-4 т/а №55 ЖББОМ, «Нұрай» бала-бақшасына баратын жол, «Нұр-Ақтөбе» ш/а «Алтын бесік» бала-бақшасына баратын жол, Өрлеу елді мекеніндегі №57 ЖББОМ, EXPO 2017 Энерготиімділік орталығына жалпы аумағы 3550 ш.м. жаяу жүргінші жолы төселінді. Бас мердігер «БатырТұранТранс» ЖШС. Ақжар-2 Ұшқиян көшесі – ұзындығы 2200 м жаяу жүргіншілер жолы салынды. Мердігер мекеме- «АссанаДорСтрой» ЖШС.

Көше жарығы

Аудан бойынша Заречный-2,3, Қызылжар-1,2,3, Қурайлы, Өрлеу, Бекқұл баба, Белогор, Ақжар-2, Қарғалы, К.Нокин, Садовый көшелерінде 2000 істен шыққан көше жарықтарының шамдарын толықтай ауыстыру және Заречный-2 Имашев көшесіне, Ақшат, Ақшат-2, Ақжар-2 , Рауан, Рауан-2, Заречный-4 Баһадүр көшесі, Ақтөбе-Орск тас жолынан Қайдауыл батыр көшесіне дейін барлығы 65 жаңа шам жарықтарын орнату жұмыстары жүргізілді. Асау Барақ көшесіне 75 көше жарығы лэд шамдарға ауыстырылды.

Автобус қозғалысы

Заречный-4 елді мекені тұрғындарының өтінішімен №2 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертіліп, №55 мектеп арқылы жүргізілді. Садовое елді мекені тұрғындарының өтінішімен автобус көлігінің интервалы өзгертіліп, өз уақытымен жүруі қадағалауға алынды. №39 бағыт сызбасы Шилісай елді мекеніне дейін ұзартылды.

«Кірпішті-Орталық базар» бағытындағы №13 автобус көлігіне «Автопарк» ЖШС жаңа 5 автобус көлігі қолданысқа берілді.

Автобус аялдамалары

Қызылжар-2, Қарғалы елді мекеніндегі «Аурухана» автобус аялдамалары ретке келтірілді.

Нұр-Ақтөбе тұрғын алабындағы ескі маршрут сызбасынан қалған аялдамалар Ақжар-1 елді мекеніне, Қайдауыл батыр көшесіндегі Назерке дүкенінің алдына, №2 шағын ауданға орналастырылды.

Қоқыс контейнерлерін орнату

Қазіргі таңда қаланың ескі бөлігіндегі Ш.Уалиханов көшесі №29 көп пәтерлі үй маңына евроконтейнерлерге арналған қоқыс алаңы орнатылуда. ГМЗ айналма тас жолы бойындағы бау-бақша ұжымдарына қосымша- 10 дана қоқыс контейнері, №1 «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданы коттедж қалашығына-2 дана қоқыс контейнері, Қонаев көшесі 1/5 үй ауласына 4қоқыс контейнерлері қойылды.

Газ желілері

«Медик-1», «Олимпиец» бб/ұ тұрғыныдарына Айтбаева Ұ., Жұбанова Д. өтініштері бойынша жеке тұрғын үйлеріне газ желісі тартылып, қосылды.

Қызылжар елді мекеніндегі «АктобеСтройЭксперт» ЖШС 4 уч және «Айсагаз» ЖШС-мен 5 уч жер телімдерінен өтіп жатқан газ желісін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Су желілері

Белогорка елді мекеніне су жүргізу құрылыс жұмыстары. Мердігер мекеме «Алихан Ойл З» ЖШС- Құрылыс монтаж жұмыстарының құны- 162 млн теңге. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды. «Ақбұлақ» АҚ тапсырып қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Қарғалы тұрғын алабындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары. Бас мердігер «НұрайСтрой» ЖШС. ҚМЖ (құрылыс монтаждық жұмыстары) құны- 839 млн теңге. Құрылыс жұмыстары ауыспалы. (аяқталу мерзімі 2020 жыл)

Өрлеу т/а су құрылысы жұмыстары жүргізілді. Бас мердігер «КазПромСтройгруп» ЖШС. ҚМЖ (құрылыс монтаждық жұмыстары) құны- 202 млн теңге. Құрылыс жұмыстары қараша айының аяғында аяқталу жоспарлануда.

Заречный-1 т/а су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. ҚМЖ (құрылыс монтаждық жұмыстары) құны- 328 млн 193 мың теңге. Құрылыс жұмыстары ауыспалы. (аяқталу мерзімі 2020 жыл) Мердігер мекеме «КазПромСтройГруп» ЖШС.

Белогор елді мекеніндегі 2017 жылы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 3 тұрғынның үйіне «Алихан Ойл З» ЖШС мекемесінің демеушілігімен орталықтандырылған су желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Өрлеу елді мекені тұрғыны Б.Жұмашеваға «КазПромСтройГруп» ЖШС демеушілігімен жеке тұрғын үйіне су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын-үй

Ақтөбе тұрғын үй алабы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның директоры Ж.Мурзагалеев пен Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі арасында келісілген кестеге сәйкес Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабы №1,2,3,4 мөлтек аудандарында үй сатып алушыларға үйлерді көрсету жұмыстары жүргізілді.

7-20-25 бағдарламасы аясында РБК, БЦК, Халық банкі, Ресей жинақ банкі және де т.б. жалпы саны сегіз банкпен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты 2019 жылдың 20-22 ақпан аралығында іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй алабы бойынша №2 шағын ауданында №14 үй және №4 шағын ауданында №17 көбқабатты тұрғын үйлері қолданысқа берілді.

Көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау

«Айка»,«ЖасылорманСтройСнаб» ЖШС мердігер мекемелермен Заречный, Пригородный, Қарғалы т/а Сәтпаев, Өрлеу, ГМЗ, Алтынсарин, Кобозев, Құрмыш, Кірпішті, К.Ноикн т/а 4000-ға жуық, «Ернар» ЖШС ауданға қарасты (Сүт зауыт ауданы, Кеңес Нокин, Қаланың ескі бөлігі, 312 атқыштар дивизиясы, Заречный, Қарғалы) елді мекендерінде қазіргі күнге дейін 5 500 га қураған және құрғақ ағаштарды кесіліп, жалпы қалалық сенбіліктер өткізіліп, нәтижесінде 14865 адам, (мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ШОБ өкілдері, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ПИК, кондоминимум, колледж, университет студенттері, тұрғындар) әр сенбі сайын 11 техника жұмылдырылып, жалпы 181 тонна астам қоқыс шығарылды .

Алматы ауданының еріктілер тобы Қарғалы өзенінің бойын қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстарын жүргізіп, «Протон МК» ЖШС мекемесі арқылы көлемі 10 тонна, 20 қыркүйек күні Солнечный демалыс аумағындағы Қарғалы өзенінің бойын «Жасыл ел» жастар отрядының 30 студенттерімен 5 тонна қоқыс қалдықтары мен қураған ағаштар, К.Нокин елді мекеніндегі Кемеңгер көшесінен 160 тн, 41 разъезд Құс фабрикасы маңынан 140 тн стихиялық қоқыс шығарылды.

Жалпы республикалық акциясының тал отырғызу іс-шарасының аясында аудан аумағында 3378 түп жас көшеттер отырғызылды.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен «Бірге–таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағында бірнеше рет экологиялық акциялар ұйымдастырылып, нәтижесінде су қоймаларының жағалаулары-24 шақырымды құрап, акцияға 268 тұрғын, барлық меншік нысанындағы 1937 кәсіпорын, 35 техника жұмылдырылы, 372 тонна қоқыс шығарылды.

Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме «Жасұлан Флора» ЖШС аудан аумағындағы сквер Кереев, сквер Бериев, Қонаев көшесіндегі үш бұрыш, Кеңес Нокин даңғылы натали дүкенінің жаны, Түйе төбе, Елек және ГМЗ айналма жолдарында жалпы көлемі 2 203 м2 гүл егу жұмыстарымен қатар 11 639 гүлзар алаңдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстарын жүргізді.

Ауылшаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің атқарылған жұмыстары бойынша:

Кәсіпкерлік саласы.

Ақтөбе қаласы Алматыауданыбойынша бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер және занды тұлғалардың саны17,5 мың (ЖШС-4,8 мың, ЖК-12,7мың).

2019 жылдың басынан 837 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде ЖШС – 186, жеке кәсіпкер – 628 және 23 шаруа қожалығы

Ақтөбе қаласының әкімінің 2019 жылдың 07 маусымдағы №265 қаулысына сәйкес шағын кәсіпкерліті қолдау мақсатында Ақтөбе қаласы аумағында 85 көшпелі сауда орыны белгіленді. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша 31 сауда орыны жеке кәсіпкерлер мен жергілікті өнім өндіруші шаруа қожалықтарына тегін берілді.

Ауданда орналасқан базарлар мен супермаркеттерде аптасына бір мәрте әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге баға мониторингі жүргізіліп, қалалық кәсіпкерлік бөліміне жолданып отырады.

Мемлекеттік саясатты насихаттау және қәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнес ортаны дамыту» жобасы аясында ашық есік күні өткізілді. Алматы ауданы бойынша 50 ден аса адам қатысып, нәтижесінде 8 азаматқа нақты қөмек көрсетіліп, 7 азамат «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 3 535 мың теңгеге, ал «Еңбек» бағдарламасы арқылы 84 азамат 42 420 мың теңгеге ие болды.

Алматы ауданы бойынша 30 кәсіпкер 353 960 000 теңге көлемінде шағын несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. 2017-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 3608 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Ауыл қамқоршысы» жобасы аясында «Алматы» ауданы бойынша кәсіпкермен меморандум жасалды. Қазіргі таңда, Ақшат елді мекенінде 144 орынға арналған бала-бақша іске қосылды.

Аудандар бөлінісінде маркетингтік зерттеу жүргізуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоспар бойынша бекітілген 7075 үй шаруашылығы қамтылды.

Ауыл шаруашылығы саласы.

Ақтобе қаласы «Алматы » ауданы бойынша 82531 га,оның ішінде егістік 14124 га,шабындық 2728 га,жайылым 61734 га,тынайған жерлер 3945 га.

Ауылшаруашылығы бағытында жұмыс істеп тұрған тауар өндіреушілер құрылымдарының саны -116 дана. (11ЖШС,9 а/ш,61ш/қ).) Құрамында   500-ден артық жұмысшы қызметкерлер еңбек жасауда.

Егістік 2019жылы Алматы ауданы бойынша барлығы – 6 416 га, оның ішінде жаздық масақты дәнді дақылдар – 5280 га, майлы дақылдар – 120 га, мал азығы дақылдары – 3546га ,көкөніс-500 га, суармалы жерлер – 629 га құрайды.

Ағымдағы жылы Алматы ауданы бойынша қалалық агроөнеркәсіптік территориялық инспециясының жүргізген жұмыстарының аясында Пригородное және К.Нокин тұрғын үй алабындағы жеке секторлардан Қызанақ күйесі анықталып, тұрғындарға оның жою тәртібі түсіндірілді және 20 г. мемлекеттік жерден Жадаған у кекеріне қарсы улау жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскісінде орналасқан танап туралы ақпарат Qoldau.kz электронды порталына енгізілді. Енгізілген шаруашылық жерлер – 56086 га.

Мал шаруашылығы Алматы ауданына қарасты ауылдық мекендерде мал шаруашылығы бойынша АШБЖ (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ИСЖ) және АСЖ (ақпараттық талдау жүйесі ИАС) бағдарламаларының мәліметіне сәйкес Ірі қара- 8 737 бас, жылқы-3 399, түйе-135 бас, шошқа-219 бас.

Мал ұрланудың алдын-алу мақсатында елді мекендерде қараусыз бос жүрген үй жануарларына арналған айыппұл тұрағы белгіленді. Айыппұл тұрағы Қурайлы дәне Белогорка елді мекендерінде орналасқан шаруа қожалықтарының қожайындарымен ыңтымақтастық келісім негізінде жүзеге асырылды.

Бос жүрген қанғыбас иттерді аулау бойынша «Қалалық ветеринарлық стансасы» КМК-мен бірлесіп жұмыс жасалды. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 1-қарашаға дейін 3 399 ит ауланды.

Сонымен қатар сәуір айынан бастап 23 мәрте ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 40-тан астам тауар өндірірушілер қатысып, көкөніс -19 тонна, картоп-38 тонна, қауын қарбыз – 44 тонна, 4 тоннаға жуық ет өнімдерін сатылды. Тауарлар қала базарларынан 10-15% төмен бағамен сатылды. Жалпы сатылған тауар құны шамамен 5,9 млн тенгені құрайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлім бойынша атқарылған жұмыстар:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша

Қысқа мерзімді кәсіби оқуға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға (автоэлектрик, электрик, газдәнекерлеуші, тігінші, тігуші-пішуші, шаштараз, тырнақ әрлеуші, бет әрлеуші) 260 жұмыссыз жолданып, 141-і курстарын аяқтады. 113-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша

««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы Алматы ауданы бойынша 32 адам 392 060,0 мың теңге, ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 20 адам 198 000,0 мың теңге қаржы көлемінде шағын несие алды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз бизнесін ашуға 98 адам 47 589,1 мың теңге қаржы көлемінде грант иегерлері атанды.

А.ж. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 1 айлық кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына 140 адам бағытталып, 126 –сы оқуын аяқтады.

Бизнес бастау жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 152 адам бағытталды, оның ішінде 151-і адам оқуды аяқтады.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде:

Жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын дамыту

-Әлеуметтік жұмыс орындарына – 102 жұмыссыз жолданып, 61 адам аяқтап, 42-сі жұмысқа орналастырылды.

-Жастар іс-тәжірибесіне 492 түлек жолданды. Оның 269-ы аяқтап, 182 түлек жұмысқа орналастырылды.

-Ақылы-қоғамдық жұмысқа -206 жұмыссыз жолданды.

Сонымен қатар, студенттер мен жоғарғы класс оқушыларына «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында 238 адам жолданды. Акция аясында жоғары сынып оқушылары мен студенттерді жазғы демалыс кезінде қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағытталады. Аталған акция оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және қаражат табу мақсатында үлкен септігін тигізеді. Жыл сайын жоғары оқу орны мен колледж студенттері белсенді түрде қатысады.

Мемлекеттің қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар саны -4228.

2017-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 4480 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жыл басынан бері Ақтөбе қаласы бойынша 8 кезекті және 4 мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде Алматы ауданы бойынша 335 адам жұмысқа орналастырылды.

Қазіргі таңда тіркелген жұмыссыздар саны -848.

АӘК

Алматы ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 5818 отбасы. Оның:

4592-сі шартты атаулы әлеуметтік көмек (1 жыл мерзімге);

1227-сі шартсыз атаулы әлеуметтік көмек (6 ай мерзімге).

Актуализация

Жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен және жергілікті учаскелік полициямен «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және оларды актуализациялау» бағдарламасы аясында, жұмыссыздардың статусын анықтау мақсатында үйлерді аралау жұмыстары жүргізілуде. Ол азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға және медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірілді. Бейресми жұмыс жасайтын азаматтарға жұмыспен қамту орталығымен бос жұмыс орындары және кәсіби оқытулар ұсынылды.

2020 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша бүгінгі күнге дейін 1424 адамның 118-і актуализацияланды. Қалған 1306 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, жергілікті учаскелік полициялармен бірлесе үй-жайларды аралау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда 571 адамға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жалғасуда.

Пробация

Алматы ауданында пробация бойынша тіркелгендер саны -490. Оның 40-ы әйел адам, 4-еуі кәмелетке толмағандар.

2019 жылдың басынан бері 12 адам жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта 29 жұмыссыз азамат пробация бойынша тіркелген. 22 азамат өз бетінше жұмысқа орналасқан.

2019 жылдың 18 қазанында «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген адамдар үшін мамандандырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. 15 ұйым қатысып, 301 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 65 қатысушының Алматы ауданы бойынша 11-і бос жұмыс орнына жолданды.

Ағымдағы жылы 22 жеке кәсіпкерлер мен еріктілер 176 отбасыға 2 535 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Алматы ауданы бойынша

1 топ мүмкіндігі шектеулі жандар саны-482;

2 топ мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 1808;

3 топ мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 1730;

Мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 826;

Зейнеткерлер саны -17185.

ҰОС ардагерлері – 9;

ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер саны – 390;

Тыл ардагерлер саны – 1332.

Аталған тұлғалардың барлығы мемлекет тарапынан тиісті көмек алуда.

 

 

Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат:

Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданында 54 білім беру мекемелер (38 орта, 2 негізгі, 1 бастауыш, 1 кешкі) 9 арнаулы орта, 3 жоғары білім беретін мекеме),

2 музыкалық мектеп,

2 спорттық мектеп,

«Жас натуралисттер станциясы»,

2 Мәдениет үйі,

84 мектепке дейін білім беретін ұйым (17 мемлекеттік, 67- мемлекеттік тапсырыспен жасайтын бала-бақша),

8 кітапхана орналасқан.

Денсаулық саласында 30 нысан қызмет көрсетеді (6 аурухана, 3 емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт және 7 жеке медициналық орталық).

Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы бойынша барлығы 73 мерекелік шара, 9 спорттық шара өткізілді. Оның ішінде қайырымдылық шаралар: акция- 5;

қайырымдылық шарасы-12,

қайырымдылық концерт-2,

қайырымдылық футбол -1

«Мектепке жол» акциясы аясында -199 балаға 3 млн 220 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жалпы аудан бойынша 2019 жылдың 10 айында 6 млн 765 мың теңгеге 1414 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылы аудан аумағанда 300 орындық жаңа 2 мектеп қолдануға берілді. Желтоқсан айында «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивіндегі 4 ықшамауданындағы 900 балаға арналған мектеп құрылысының аяқталуы жоспарда тұр. Биылғы жылы «Рауан» түрғын массивінде 300 орынға арналған және «НұрАқтөбе» тұрғын массивіндегі 1 ықшамауданында 900 орынға арналған мектептердің құрылысы басталып, 2020 жылы қолданысқа беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы Алматы ауданы әкімдігінің ұымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында 185 балаға 3 млн. 220 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы бойынша барлығы 73 мерекелік шара,9 спорттық шара өткізілді.

Жоспарлау кезеңінің тікелей қорытынды көрсеткіштері:

Тротуарларды салу, санитарлық тазалау, ауданды жақсарту бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру. Мемлекеттік мерекелер мен естелік күндерге арналған мәдени іс-шараларды ұйымдастыру. Ауыл тұрғындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету, бос орындар жәрмеңкесін өткізу және әлеуметтік көмек көрсету. Орта мектептер мен аудандық мектепке дейінгі мекемелердің қызметін үйлестіру. Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету, ШОБ нысандарына консультациялық-ақпараттық жұмыс жүргізу. Көрмені ұйымдастыру арқылы аудан тұрғындарын қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.

Ақсақалдар кеңесін құру, аудан жастарымен өзара тығыз байланысты болу.
Аудан әкімі аппаратының қызметіне мемлекеттік қызмет көрсету функцияларын орындау үшін олардың қызметін қамтамасыз ету. Біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен дағдыларын жаңарту және тереңдету.

 

«Мемлекеттік ұйымның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 2019 жылғы шығын-2632,0 мың теңге, 2019 жылға күрделі шығыстар бойынша шығын қарастырылмаған.

Бағдарлама мақсаты: аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету, ұйымдарға негізгі құралдарды сатып алу. Ғимаратты және қызметтік көліктерді күтіп ұстау.

Есепті кезеңде қол жеткізілген тікелей көрсеткіштер: басшылардың бөлмелеріне жиһаздар сатып алынды (3 дана топтамасымен).

Жоспарлау кезеңінің тікелей қорытынды көрсеткіштері: 2020 жылға күрделі шығыстар жоспарланған жоқ.

Негізгі мәселелер және шешу жолдары

Алматы ауданына қарасты 29 тұрғын алабында 90808 адам тұрады. Негізгі мәселелер санатына кіретін сұрақтар: көше жарығы, автокөлік жолдарын жөндеу, су және газбен жабдықтау, балабақша, мектеп құрылысы, стихиялық және жиналған қоқысты шығару.

2020 жылға аудан бойынша 30 000 кв м жаяу жүргіншілер жолын қажет етеді.

Алматы ауданы бойынша 69 көшеге асфальт жабындысы, 208 көшеге қиыршық тас төсеу қажет. «Ақтөбе қаласы тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобмль жолдары»ММ-не ұсыныс берілді.

Алматы ауданы бойынша 178 көшеге көше жарығын орнату бойынша «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-не ұсыныс берілді.

Кезек күттірмейтін Қызылжар елді мекеніне баратын автомобиль жолына 5аялдама, Қарғалы т.а Сатпаев көшесіне 2 аялдама, №70 ЖББОМ алдына 1 аялдама қажет.

Жалпы аудан бойынша 60 автобус аялдамасын орнату қажет ететіндігі жөнінде«Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не ұсыныс берілді.

Аудан аумағындағы контейнерлерге арналған қоқыс алаңы- 20 дана орнату қажеттілігі бойынша «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не ұсыныс берілді.

Қазіргі таңда Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабы, 1,2,3,4 шағын аудандарын жылумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы қуаты 115,2 мВт жаңа қазандықтың құрылысы аяқталған жоқ. Мердігер мекеме «КазТеплоЭнергоМонтаж» ЖШС. Тапсырыс беруші «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ. Құрылыстың аяқталу мерізімі 2019 жылдың 16 желтоқсаны.

«Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында ПС 110/10 кВ «Восточная» электр станциясы салынуда. Мердігер мекеме «КЭМОНТ» АҚ. Тапсырыс беруші «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ.

ПС 220/110/35/10 кВ «Акжар-2» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме «Актобе Электросетьстрой» ЖШС. Тапсырыс беруші «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ.

«Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабы, №4 шағын ауданында 900 орынға арналған орта білім беру орталығы салынуда. Мердігер мекеме «АктобеЭлектросетьстрой» ЖШС. Тапсырыс беруші «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ.

Аудан аумағында орналасқан мектеп мәселелері

№ 2 орта мектеп ғимараты 1966 жылы салынған, сол кезден бері электржелілері ауыстырылған жоқ.

№ 5, 14, Елек, Қызылжар орта және № 52 негізгі мектептерінің спортзалдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет. Сонымен қатар № 14 орта мектебінің класстарының жетіспеушілігіне байланысты ғимаратқа жанама құрылысты салу.

№ 6 орта мектебінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары, электржелілерінің ауыстыру жұмыстары жасалмаған.

№ 11 орта мектебінде спортзалға, жертөленің құрылғысына өрт дабылының орнатуымен ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет.

№ 13 орта мектебі 635 орынға арналған, бірақ қазіргі таңда 1301 бала оқиды. Жанама құрылыс салу, жобалық-смета бар, құны -288 млн.теңге.

№ 15 орта мектебінің қасбетіне, ғимаратына, спорттық алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалмаған.

№ 22 орта мектебінің ғимараты, жылыту желілері, спорттық алаңы қанағаттанғысыз жай-күйде тұр.

№ 31 орта мектебіне тасымалданатын бала санының көбеюіне байланысты қосымша автобус қажет. Қазіргі таңда сыйымдылығы 13 адам «Газель» автокөлігімен 53 бала тасымалдануда. Жаңа автокөлік қажет.

№ 42 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары (терезелерді ауыстыру, ғимараттың қасбеті және т.б.) қажет.

№ 50 орта мектеп ғимаратының шатырына, қасбетіне, Благодар орта мектебінің шатырына күрделі жөндеу жұмыстары, қоршауына, ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу.

Пригород орта мектебінің жарықтандырылуына ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет.

№ 53 орта мектебі 780 балаға арналған, бірақ қазіргі таңда 1815 бала 3 ауысымда оқиды. Қазіргі таңда жанама құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамада, ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында дайын болуы керек. 2020 жылдың бюджетіне осы жанама құрылысының қосылуы өте қажет болып тұр. Сонымен қатар акт залы, спорт залы қанағаттанғысыз жай-күйде тұр.

№ 59 орта мектебінің жылыту желілеріне, акт залына, спорт залына, № 62 орта мектебінің электржелілеріне, ғимаратына, М.Арын ат.орта мектебінің жылыту желілеріне, электржелілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Заречный-1 тұрғын массивіндегі 320 балаға арналған мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде.

№53 орта мектебіне қосымша жанама ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Қаржы қажет.

«Қарғалы» тұрғын үй массивінің 4 ықшам ауданындағы мектеп құрылысын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. 1 ықшам ауданыныда мектеп құрылысы басталды. Келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда жұмыспен қамту бөлімінде 4 штат саны бар (1-бөлім басшысы, 3-бас маман) Алайда аталған бөлім жұмысының ауқымы кең болғандықтан 1 штат саны жетіспейді. Ағымдағы жылдың 1 сәірінен бастап атаулы көмекке құжат қабылдау кең көлемде жүргізілуде. Күніне шамамен кеңес алуға 50 адам қабылданады. Соның 10-ы атаулы көмекке құжат тапсырады және құжаттарды арыз қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін «Жұмыспен қамту орталығы»КММ-не тапсырылады.

Құжат тапсырған азаматтардың үйіне барып материалдық жағдайын тексеру актісі толтырылады. Ауданда 29 тұрғын алабы болғандықтан көлік жетіспейді.

Мәселелерді шешу жолдары ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама) дайындау қажет, штат санын ұлғайту, көлік санын ұлғайту және қаржыландыруды қажет етеді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша

Ақтөбе қаласы Алматыауданыбойынша бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер және занды тұлғалардың саны17,5 мың (ЖШС-4,8 мың, ЖК-12,7мың).

Ауыл шаруашылығы бағытында қызмет ететін шаруашылықтар саны 116.

2019 жылдың басынан 837 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде ЖШС – 186, жеке кәсіпкер – 628 және 23 шаруа қожалығы.

Индустриялық аймақта құны 3млрд 252 млн құрайтын «А» классты логистикалық орталық іске қосылды.

1млрд 658 млн теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырып, 375адам жұмыспен қамтылды.

Алматы аудыны бойынша 2019 жылы «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің тапсырысымен, мердігер мекеме «Мир игровых комплесков KZ» ЖШС-і Заречный-3, Заречный-1 елді мекендерінде және Заречный-2 елді мекені Иманов көшесінің тұрғындары өз бастамаларымен балалар ойың алаңдарын орнатылды.

Ақтөбе «Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы ақпарат

2019 жылдың 10 ай ішінде Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі жеке қабылдауында 134 адам болды. 127 өтініш қаралып, жауап берілді (оның ішінде: 7-қанағаттандырылды, 120-түсініктеме берілді). «Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде электрондық құжат айналымы бағдарламасы бойынша (БЭҚА) 2019 жылдың есепті кезеңіне барлығы (соның ішінде қала әкімінің кеңсесінен) 431 өтініш келіп түсті және тіркелді (426-өтініштер, 2- шағымдар ,-3-басқалары оның ішінде: 420-сы жеке тұлғалардан, 11-заңды тұлғалардан 364 өтініш жауаптар қаралды және жауап берілді (оның ішінде 36- қанағаттандырылды, 326- түсіндірілді, 2- тоқтатылды).

Алматы ауданы әкімі                                                             Ә.Әуелбаев