Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

НЕГІЗДЕМЕ БОЛМАҒАНЫН СЕБЕБІНДЕ, ПЫСЫҚТАУҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ – «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бойынша 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасына түсіндірме жазба

Опубликовано: 12.12.2019

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

бойынша 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасына

түсіндірме жазба

 

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ қалалық бюджеттен қаржыландырылады. 2019 жылғы «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-ң шығындары 30209,7 мың теңге сомасында 2 бюджеттік бағдарлама бойынша жасалды, оның ішінде қалалық бюджеттен 28357,8 мың теңге, республикалық бюджеттен 1851,9 мың теңге. Дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ. Бюджет жобасы бойынша 2020 жылға 33630,5 мың теңге, 2021 жылға 35984,6 мың теңге, 2022 жылға 38503,6 мың теңге шығындар қарастырылған.  469001000 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың қызметтері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға барлығы 21500,7мың теңге бөлінді, оның ішінде қалалық бюджеттен 19648,8 мың теңге, республикалық бюджеттен 1851,9 мың теңге.                2020 жылғабюджет жобасы бойынша 22511,5 мың теңге, 2021 жылға 24087,3 мың теңге, 2022 жылға 25773,4 мың теңге шығындар қарастырылған, 2019 жылмен салыстырғанда бюджет қаражатының өсуі мекеме балансына Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 3382 қаулысымен қызметтік автокөлік қабылданды, бұл өз кезегінде автокөлікке техникалық қызмет көрсету мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға сонымен қатар бөлімге ЭҚАБЖ, МОАП, 1С бағдарламалар қызметінің және компьютерлерді техникалық жөндеу қызметтері мен картридждерді толтыру қызметтеріне кететін шығындар.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты Бөлім қызметін және мемлекеттік мекеменің бюджет қаражатын игеруді қамтамасыз ету болып табылады.

         Есепті кезеңнің тікелей қол жеткізілген көрсеткіштері:                9 мемлекеттік қызметкерлер мен 4 штаттан тыс жұмысшыдан тұратын бөлім аппаратының құрамы қамтамасыз етілді. Мақсатқа жету үшін 2019 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға курстарына төлем, үздіксіз және тиімді жұмыс үшін Parus-Kaz бағдарламасы үшін төлем, пошта қызметтері үшін төлем, іс сапар шығындарының төлемі, салықтар төлемі, жалақы төлемі жүргізілді.       Жоспарлау кезеңінің тікелей нәтижелері: 2020 жылға – аппарат құрамын қамтамасыз ету үшін 22511,5 мың теңге қарастырылған.                469003000 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға жоспарланған шығындар сомасы 8709,0 мың теңге, 2019 жылғы 1 қарашаға шығындар сомасы – 1984,0 мың теңгені құрап отыр.               2020 жылғабюджет жобасы бойынша 10934,0 мың теңге, 2021 жылға – 11 699,4 мың теңге, 2022 жылға – 12 518,3 мың теңгеқарастырылған, 2019 жылмен салыстырғанда шығындар сомасы артып отыр, бюджет қаражатының ұлғаюы ауылшаруашылық жәрмеңкелерін, көрмелерді және басқа да іс-шараларды өткізу үшін 20 дана сауда шатырларын дайындау қызметімен байланысты. Бір шатырдың сметалық құны 90,0 мың теңгені құрайды.               Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:               Бағдарламаның міндеті мен мақсаты осы бағдарлама бойынша Ақтөбе қаласында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ету, Қазақстан халықтарының қолөнері мен салт-дәстүрін сақтау және дамыту, ұлттық мұраны және жастарға мәдени-рухани білім беру, халық қолөнерін насихаттау, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды шағын бизнеске тарту болып табылады.               Есепті кезеңнің тікелей қол жеткізілген көрсеткіштері:               2019 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлім 1984,0 мың теңге сомасында келесі іс-шараларды өткізді:     – осы жылдың наурыз айында «Наурыз мейрамы» мерекесі қала бойынша атап өтілді, осы мақсатта 20 киіз үй жалға беру қызметі арқылы сатып алынды оған қоса 120 дастархан жаю, киіз үйлерді құру қайта жинау және оларды тасымалдау, нысандарды күзетпен қамтамасыз ету және т.б. қызметтер барлығы 1262,5 мың теңгені құрады. Бұл киіз үйлерде қоғамдық тамақтандыру саласының кәсіпкерлік субъектілері халықты тегін ұлттық тағамдармен қамтамасыз етті.     – ағымдағы жылдың мамыр айында, Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 1 мамырда 20 кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен («монтаждау, бөлшектеу, тасымалдау» 20 түрлі кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен «ұлт дастарханына қош келдіңіздер» тақырыбында мерекелік көрме – түрлі ұлт өкілдерінің асханаларында сауда жасау және өткізу бойынша қызметтер ұйымдастырылды, іс-шараға қатысушыларды орналастыру үшін сауда сөрелері, әр қатысушыға кемінде 2 үстел ұсынылады) және «Қолөнер дәстүрлердің жалғасы, өшпейтін дәлелі» қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесіне 15 шеберлердің қатысуымен (қолөнерге арналған көрме жабдықтары ұсынылды) қөрме ұйымдастырылды, көрсетілген қызметтің сомасы 250,0 мың теңгені құрады.     – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жастар және Ақтөбе қаласының тұрғындары арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту идеясын кеңінен тарату мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында қатысушылар көрмесі (саны 15 кәсіпкерлік субъектілері, 15 көрме стендтерін монтаждау-бөлшектеу, тасымалдау, қатысушыларды орналастыру үшін) және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылатын «Бастау Бизнес» жобасынамен (алғыс хаттарын, барлық қатысушыларға төсбелгілер, музыкалық сүйемелдемелер, полиграфиялық қызметтер) 200-ге жуық адамның қатысуымен көрме ұйымдастырылып өткізілді, көрсетілген қызметтің сомасы 471,5 мың теңгені құрады.               Ағымдағы жылдың желтоқсан айларында келесі іс-шаралар жоспарланған 5425,0 мың теңгеге: – Қорытынды ауылшаруашылық жәрмеңкесі (алғыс хаттар, жақтаулар, қатысушылардың аты-жөндері жазылған белгілер, баннерлер, баға белгілері, қатысушылар үшін арнайы форма, іс-шаралардың қорытындысы бойынша барлық қалалық іс-шараларға (ауылшаруашылық жәрмеңкелері, көрмелер және т.б.) белсенді қатысқан 30 кәсіпкер – тауар өндірушілер сыйлықтармен марапатталады);

-«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік субъектілері – 2020» каталогын шығару (өндірістік, құрылыс кәсіпорындарының, мейрамханалардың, сауда үйлерінің, екінші деңгейлі банктердің және т.б. деректері);

- «Сауда және қызмет көрсету саласындағы менеджмент» тақырыбындағы семинар (үй-жайды жалдау, кофе-брейктер, төсбелгілер, баннерлер, спикерлердің қызметіне ақы төлеу, 120 семинар қатысушысына сертификаттар шығару);

- 2019 жылдың қорытындысы бойынша меморандумдарға қол қою рәсімімен іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер (алғыс хаттар, жақтау шығару 30 дана) – Тауарларды сатып алу (меморандумға қол қоюға қатысқан кәсіпкерлерге сувенирлер, сонымен қатар жыл ішінде іс-шараларға қатысқан қаланың белсенді кәсіпкерлеріне 30 бірлік мөлшерінде сыйақы);

- Кәсіпкерлік субъектілері арасындағы тақырыптық көрме (баннерлер, төсбелгілер, көрме сөрелерін монтаждау-бөлшектеу және тасымалдау, қатысушыларды манекендермен қамтамасыз ету т.б қызметтер).

         Жоспарлау кезеңінің тікелей нәтижелері: 2020 жылға келесі іс-шараларға – 10 934,0 мың теңге қарастырылған: – «Жас кәсіпкер Ақтөбе – 2020» байқауы; – «Шағын және орта кәсіпкерліктің үздік субъектісі» атағы бойынша қызмет; -«Наурыз мейрамы» мерекесі аясында Ақтөбе қаласында қоғамдық тамақтану орындарынан шығатын сауданы ұйымдастыру қызметі; - Кәсіпкерлік субъектілері арасында тақырыптық көрмені өткізу қызметі; - Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары арасында көрме өткізу қызметі; – Маусымдық ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу қызметі; - Қазақстандағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша «дөңгелек үстел» өткізу қызметі; – Кәсіпкерлер үшін оқу семинарын өткізу қызметі; - Сауда шатырларын дайындау қызметі – 1800,0 мың теңге; – Кәдесыйлар, сыйлықтар сатып алу (жыл қорытындысы бойынша).               469004000 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға қаржы қарастырылмаған, 2020 жылға бюджет жобасы бойынша 185,0 мың теңге, 2021 жылға – 198,0 мың теңге, 2022 жылға – 211,8 мың теңгеқарастырылған. бөлімге түрлі-түсті принтер сатып алу үшін.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мемлекеттік органның қызметін, персоналдық материалдық-техникалық компьютерлермен, жиһаздармен және өзге де заттармен қамтамасыз етілуі.

       Есепті кезеңнің тікелей қол жеткізілген көрсеткіштері: шығындар болған жоқ.       Жоспарлау кезеңінің тікелей нәтижелері:  2020 жылға – бөлімге түрлі-түсті принтерді сатып алуға 185,0 мың теңге қарастырылған. Ақтөбе қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында                «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ атқарған жұмысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға ықпал етті. Сонымен, 2019 жылдың соңына қарай осы бағыттағы негізгі көрсеткіштерге оң қол жеткізілді.                1 Бағыты. Экономика               Өнеркәсіп   Мақсат 1.1: Өнеркәсіптің жоғары өнімділігін қамтамасыз ету               Мақсатты индикатор:

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында – 100,0% құрады, жылдық жоспар бойынша – 103,0% құрайды.               Міндеті: жоғары қосылған құнмен өндірісті құру         2019 жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 474,6 млрд.теңгені құрады, жылдық жоспар бойынша- 276,2 млрд.теңге.      Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін жоғарылату (бұл көрсеткішті есептеу әдісі облыстық деңгейде қалыптасады).            Мақсат 1.2: Өңдеу өнеркәсібін дамыту               Мақсатты индикатор:               Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 99,7% құрады, жылдық жоспар бойынша 104,0% құрайды.               Міндеті: Өңдеу өнеркәсібін дамыту               Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 405,0 млрд.теңгені құрады, жылдық жоспар бойынша – 210,0 млрд.теңге.               Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 85,3% құрады, жылдық жоспар бойынша 79,0% құрайды.                              Индустриалдық- инновациялық даму               Мақсат 1.3: Инновациялар мен инвестицияларды дамыту               Мақсатты индикатор:               2019 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі – 102,3% -ды құрады, жылдық жоспар бойынша – 102,5% құрайды.               Міндеті: Қолайлы инвестициялық климатты құру               Қаланың негізгі капиталына салынатын инвестициялардың үлесі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан Республикасының көрсеткіші бойынша – 31,9% құрады, жылдық жоспар бойынша – 1,8% құрайды.               2019 жылдың қаңтар-қазан айларында облыстың негізгі қорларына инвестициялардың жалпы көлеміндегі қаланың инвестицияларының үлес салмағы -31,9% -ды құрады, жылдық жоспар – 36,5% -ды құрайды.               2019 жылғы қаңтар-қазан айларында жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны – 115,7% құрады, жылдық жоспар бойынша – 101,0% құрайды.               Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында жылдық жоспар 1,0% болғанда 9,9% құрады.

Мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 173 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетілді, оның ішінде:

- субсидиялау бойынша жалпы сомасы - 6466,2 млн.теңгеге 96 жоба мақұлданды;               – несиелерді кепілдендіру бойынша жалпы сомасы – 1755,7 млн. теңгеге 61 жоба мақұлданды;               – жетіспейтін инфрақұрылымды салу бойынша 3 кәсіпкерлік субъектісіне 81,9 млн. теңге ұсынылды;               – 3 млн. теңгеге дейінгі гранттарға 13 бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін жалпы сомасы - 28,4 млн. теңге көлемінде гранттар берілді.               Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру шеңберінде:         Бағдарламаның 79 қатысушысына жалпы сомасы – 948,0 млн.теңгеге шағын несие берілді.               – 599,5 млн.теңге 53 жоба бойынша кепілдіктер берілді, кепілдік сомасы 56,8 млн.теңге (20%).               2019 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек тауар айналымының көлемі -508,5 млрд.теңгені құрады, лөлем индексі – 100,3%.               Бөлшек тауар айналымының оң көрсеткішіне қол жеткізу үшін ірі ТОП-30 кәсіпорындарының жұмысына, олардың қаладағы бөлшек сауда айналымының үлесінің 1/3 бөлігін құрайтын, статистикалық түзетулер қолданылатын кәсіпорындарға, және шағын кәсіпорындар үнемі бақылауда болады. Кәсіпорындардың тиісті көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі.               Тұтастай алғанда, сауда көлемін ұлғайту мақсатында тауарлар сатылымын төмендетілген бағамен өткізу, тауарларды сатып алу үшін ақпараттық-ынталандырушы сипаттағы жарнамалық ақпараттар тарату және сатып алу қабілетіне әсер ететін басқа да шаралар өткізу мақсатында бөлшек сауда желілерінде олардың маркетингтік қызметтерін жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. тауар айналымы.               Ақтөбе қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 1 нысаналы көрсеткіш қарастырылған.       Мақсаты: Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту.               Тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қазанына 48,5 мың бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% құрайды.               Мақсатты индикатор:               Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар санының өсу қарқыны 2019 жылғы қаңтар-қазан айларында 111,9% құрады, жылдық жоспар 103,0%                Осы бағдарламаның мақсаты: кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.шағын және орта бизнесте: 1.      2019жылғы 1 қазанға жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 39,6 мың бірліктіқұрады,жылдықжоспар 40,0 бірлік.2.      2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1000 тұрғынға шаққанда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің саны 1/12,6 тұрғынға, жылдық жоспар 13.3.      Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 81,5%-ды құрады, өткен жылғымен салыстырғанда 5,1% өсті (76,4%). Бүгінгі күні белсенді емес шағын және орта бизнесті жою жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 398 шағын және орта бизнес субъектілері таратылды, оның ішінде: 328-і заңды тұлғалар, 70-і жеке тұлғалар Осы бағытта жұмыс жалғасуда.4.      Бөлшек тауар айналымының нақты көлем индексі 2019 жылғы 1 қарашаға жағдай бойынша 100,3% (көлемі – 508,5 млрд.теңге) құрады.

  1. Бөлшек квадраттардың саны 2000 шаршы метрден кем болмауы тиіс («сауда» қызмет түрі бойынша), 2019 жылы келесі сауда орындары енгізілді:

-          С.Калдаяков көшесінде «Анвар»супермаркеті;-          Құлымбетова көшесіндегі ресейлік «Бағдаршам» желісінің арзан бағамен сатылатын үшінші дүкені.-          желтоқсан айында Батыс-2 ауданда тағы бір «Анвар» шағын супермаркеті іске қосылады.

Бөлім басшысы                                                                               Р. Ажниязов

Предпринимательство Ноябрь (2020-22гг) посл.вариант

Түсініктеме 19ж ноябрь(2020-2022жж) каз.посл.вариант

Слайды МСП на 1,11,2019