Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

ПЫСЫҚТАУҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ! «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сінің 2020-2022 жылғы бюджетіне түсініктеме хаты

Опубликовано: 14.11.2019

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі  13 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және 3 бағынышты мекемелер болып табылады. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сінің штаты – 26 адам, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ-сінің штаты – 27 адам, «Ақтөбе қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-сінің штаты – 65 адам, «Әлеуметтік жәрдем орталығы » КММ-сінің штаты – 145 адамды құрайды.

Мемлекеттік мекеменің функциясы болып – жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстарға тарту, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша көмек көрсету және т.б.

Бөлімге 2019 жылға 7 352 671,,2 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 871 633,9  мың теңге, республикалық бюджеттен 2 559 216,3 мың теңге, облыстық бюджеттен 884 327,0 мың теңге, ұлттық фондттан 2 037 494,0  бөлініп,   қаржыландыру 13 бюджеттік бағдарлама бойынша өтті.

2020 жылға жергілікті бюджеттен 1 833 149,6 мың теңге қарастырылған.

451001000 «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді   іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 69 525,1 мың теңге, құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 6 830,5 мың теңге, жергілікті бюджеттен 62 964,6 мың теңге.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 65 069,2 мың теңге. 2021 жылға-69 624,0 мың теңге, 2022 жылға-74 497,7 мың теңге. Ұлғаю себебі: мекеме балансындағы автокөліктің берілуі, жанар-жағармай материалдары, автобөлшектерді сатып алу, машинаны жөндеу, «ЕСЕДО», «ИПГО» «1С» «ПарусКаз» бағдарламаларды техникалық қызмету ету, картриждерді толтыру.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бөлім аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

Тікелей нәтижесі: 26 мемлекеттік қызметкер мен 16,5 штаттан тыс қызметкерлер құрайтын бөлім аппараты қамтамасыз етілді.

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі: бөлім аппаратының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қызметі қамтамасыз етілді.

Түпкілікті нәтиже: 26 мемлекеттік қызметкер мен 16,5 штаттан тыс қызметкерлер құрайтын бөлім аппараты қамтамасыз етілді.

451002000 «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 1 089 952,3 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 453 626,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 218 531,3 мың теңге, облыстық бюджеттен – 119 734,0 мың теңге, ұлттық қоры –298 061,0 мың теңге.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздар санын қысқарту(қоғамдық жұмыс, жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары,қайта даярлау, кәсіби даярлау, жазғы ай мерзімінде студенттермен жоғары сынып оқушыларына арналған қоғамдық жұмыс).

Тікелей нәтижесі: жұмыспен қамту барысында1112 адам қоғамдық жұмысқа, 1231 түлек жастар іс-тәжірибесіне, 254 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 651 адам жазғы ай мерзімінде студенттермен жоғары сынып оқушыларына арналған қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 595 адам қайта даярлаудан өтті.

Мақсатты индикатор: 2019 жылға 01 қараша айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі жоспар бойынша 0,8%, нақты– 0,6%. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінгендер саны – 13633 адам, жұмысқа орналасқаны – 11472 адам, жоспар бойынша – 12995 адам.Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген тұлғалардың санынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі – 65%, индикатор бойынша – 63%.

11200 жаңа жұмыс орындары құрылды, индикатор бойынша 11420 жоспарланды.  Жұмыссыздық деңгейін төмендету 2019 жылға жоспар бойынша пайызы нақты – 4,9%, 2020 жылы индикатор бойынша – 4,7%.,іс-жүзінде 2018 жылға қарағанда -4,9%Тұрақты жұмысқа орналастырылған жұмыссыз азаматтар саны – 88875, мақсатты индикатор бойынша 10921 адам. Жұмысқа орналастырылған еңбекке қабілетті мүгедектер саны – 246 адам, мақсатты индикатор бойынша – 258 адам.

2020 жылға  жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат –330 251,0 мың теңге.2021 жылы-353 368,6 мың теңге, 2022 жылы-378 104,4 мың теңге.Өсу себебі: қатысушылар саны мен АЕК, ЖТМ-нің өсуі.

Жоспарлы кезеңге тікелей нәтижелер: жергілікті бюджет бойыншақоғамдық жұмысқа 400 адам, жастар іс-тәжірибесіне 200 түлек.

451005000 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 4 055 396,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 1 783 658,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 117 712,0 мың теңге,облыстық бюджеттен 414 593,0 мың теңге, ұлттық қорынан – 1 739 433,0 мың теңге.

 Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.

          Тікелей нәтижесі: мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек 49634 адамға төленді (10579 отбасы), жоспар бойынша 4700 адамға (2018 жылмен салыстырғанда АӘК- 4817 адамдар алған, 995 отбасы).Тапсырғандар саны- 11713 отбасы, бас тартылғандардың саны-1134 отбасы себебі: (артық кіріс, кірісті жасыру, құжаттар толық емес,сенімсіз отбасы құрамы бойынша мәлімет, тексеруден бас тарту). Алушылар санының және төленген сомаларының өсуі кедейлік шегінің өзгеруіне байланысты болды (2019 жылғы сәуірден бастап кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% құрайды), балаларға 20789 теңге тағайындалды. Отбасының жалпы кірісін есептеу кезінде көп балалы аналарға, «Күміс алқа», « Алтын Алқа» стипендиясының иегерлеріне, мүгедек балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар алынып тасталады. Осыған байланысты тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері артып келеді.

Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану: бюджеттік қаражат көп балалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалды – 49634 адам.

Түпкілікті нәтиже: Ақтөбе қаласын дамыту бағдарламасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында жұмысқа қабілетті халықтың үлесі  18%, 2019 жылға жоспар бойынша – 18,5% құрады.

2020 жылға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек қарастырылмайды, себебі  ӘК қаржыландыруы 10-15%, 2019 жылы жоспар бойынша ӘКК –4055396,0 мың теңге 10-15% тең 405539,6-608309,4 мың теңге.

451006000 «Тұрғын үйге көмек көрсету» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы жергілікті бюджеттен шығыстар 7 136,0 мың теңгені құрады.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 5 963,0 мың теңге, 2021 жыл-6 380,4 мың теңге, 2022 жыл-6 827,0 мың теңге. Азаю себебі;мәслихаттың шешіміне орай 28.02.2018 ж.№298.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету.

Тікелей нәтижесі: коммуналдық шығыстар мен байланыс қызметтеріне – 185 адамға жәрдемақылар төленді.

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі: бюджет қаражаты халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалды. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 5104 тг.

Түпкілікті нәтиже: аз қамтылған 256 отбасығы(512 адам) әлеуметтік көмек жоспарланған, оның ішінде: байланыс, коммуналдық қызметтер – 256 отбасы, тұрғын үйді ұстап күтуге – 256 отбасы.

451007029 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 719 158,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 669 158,0 облыстық бюджеттен 50 000,0 мың теңге құрады.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 741 085,0 мың теңге. 2021 жылға-792 961,0 мың теңге.2022 жылға-848 468,2 мың теңге Өсу себебі: Мүгедек адамдар санының және  мұқтаж азаматтардың санаттарына өмiрлiк қиын жағдай туындаған өсуіне,2019 жылға жоспар бойынша -9349 адам.2020 жылға 11285 адам, алайда 1936 адамға өсуі.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы орган есебінен,  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін әлеуметтік көмек.

Тікелей нәтижесі: бір жолғы әлеуметтік көмекке – 591603,0 мың теңге (2018ж.-619 164,9 мың теңге), ай сайынғы әлеуметтік көмекке – 111344,0 мың теңге(2018ж.-99 198,1 мың теңге), мед.көрсеткіштерге жол ақысы – 16211,0 мың теңге(2018ж.-10000,0 мың теңге),, барлығы 17252 адамға төленді, жоспар бойынша 14927 адам(2018ж.-16609адам).

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі:

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту: Әлеуметтік көмек ҰОС қатысушыларына, теңестірілгендерге, ҰОС қатысушылардың жұбайларына, Ауған соғысының жұбайларына, қиын-өмірлік жағдайға тап болғандарға, үйде оқитын мүгедек балаларға, мед.көрсеткіш бойынша жол жүру ақысына және т. б. көрсетілді, барлығы – 17252 адам.

451011000 «Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 14 328,0 мың теңгені құрады.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 8 931,0 мың теңге, 2021 жылға-9 556,2 мың теңге.2022 жылға- 10 225,1 мың теңге.  2019 жылы АӘК және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу.

Тікелей нәтижесі: әлеуметтік төлемдердің 0,2%, 0,3%, 0,6%, 2,25% банктік қызметтері төленді.

451013000 «Белгіленген тұрғылықты жері  жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар                   99 556,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 13966,4 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 85 589,7 мың теңге.

2020 жылға қарастырылған қаражат –86 965,0 мың теңге, 2021 жылға-93 052,6мың теңге,2022 жылға-99 566,2 мың теңге. Қызметкерлердің жұмыс өтілінің өсуіне орай.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығын қамтамасыз ету.

Тікелей нәтижесі: 65 азаматтық қызметкері бар, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығы қамтамасыз етілді. 2019 жылы  тұрағы жоқ тұлғалар мен жазасын өтеген тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету барысында  бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Орталықта 65 төсектік орын бар және орталықтың жанынан түнде болу бөлімшесі мен мобильді әлеуметтік патруль қызметі ашылған.

Орталыққа қабылданғаны: 145 қызмет алушы оның ішінде: ер адамдар -117,  әйелдер-28, бұрын сотталғандар-34,  жаңадан  жазасын өтеп шыққандар-34 (90 қайта сотталғандар)

Арнайы әлеуметтік көмек көрсету барысында Орталықта 164 адам бейімделуден өтті, оның ішінде:

-стационарлық ем алуға жіберілгендер-22

- қарттар және мүгедек үйіне 17 адам жіберілді( жасына байланысты-13      адам, 1-2топ мүгедегі-4.)

-жасына байланысты зейнетақыға  құжаттандырылған-  5 адам

-мүгедектігі туралы жәрдемақы алуына  көмек көрсетілгендер-1

-мүгедектігін растайтыны туралы құжаттандыруға көмек көрсетілді-1

-медициналық қызмет алғандардың жалпы саны-156

-жұмысқа орналастырылғандар -16 (жазасын жаңадан өтеп келгендер-9)

-уақытша және  маусымдық жұмысқа -3

-қайтадаярлаудан өткен -1

- құжаттарсыз түскен-44

-орталыққы тіркеуге тұрғызылған қызмет алушы саны- 781

Сонымен қатар, орталықта РБ есебінен 20 адамдық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметі ашылып, 19 адамға қызмет көрсетілді.

451014000 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 164 759,8 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен -16919,8 мың теңге, жергілікті бюджеттен-147 840, мың теңге құрайды.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 149 656,4 мың теңге.

2021 жылға-160 132,3 мың теңге, 2022 жылға 171 341,6 мың теңге. Қызметкерлердің жұмыс өтілінің өсуіне орай.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету.

Тікелей нәтижесі: 145 азаматтық қызметкер 701 қарттар мен мүгедектерге және 184 бала кезінен мүгедек балаларға қызмет көрсететін әлеуметтік қөмек орталығы қамтамасыз етілді, 136әлеуметтік қызметкердің жол жүру билеттері төленді  (2018 ж.145 азаматтық қызметкер 713 қарт пен мүгедекке, 180 бала кезінен мүгедек балаға әлеуметтік көмек көрсетті, 135 әлеуметтік қызметкерге жол жүру билеттері төленді).

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі: халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Орталықтың қызметі қамтамасыз етілді.

451017000 «Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 748 199,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен –212 332,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен –435 867,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 100000,0 мың теңге.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 61 751,0 мың теңге. 2021 жылға-341 394,2 мың теңге. 2022 жылға-365 291,8 мың теңге.

Өсу себебі: гигиена құралдары бағасының өсуі мен мүгедектер санының артуы.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету.

Тікелей нәтижесі: гигиеналық құралдармен 1209 мүгедек (2018ж.-1286 адам), 1690 мүгедек (2018ж.-1566 адам) көмекші құралдармен қамтамасыз етілді және жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары 994 мүгедекке(2018ж.-778адам) қызмет көрсетті.

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі: халықтың осал топтарының өмір сүру сапасы жақсарды: барлығы 3893 адам гигиеналық, қосалқы құралдармен қамтамасыз етілді және оларға жеке көмекшілер, ымдау тілі мамандары қызмет көрсетті. 2019 жылға гигиеналық және көмекші құралдар бойынша қажеттілік толық қанағаттандырылды.

451023000 «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар                   74 392,9 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен –17 031,6 мың теңге, жергілікті бюджеттен –57 361,3 мың теңге.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 61 751,0 мың теңге.

2021 жылға-66 073,6 мың теңге.2022 жылға-70 698,7 мың теңге Ұлғаю себебі: жұмыс тәжірибесі өсуі.

Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану: жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз ету

Тікелей нәтижесі: штат саны 35 азаматтық қызметкер және 2 штаттан тыс қызметкер, 3 консультант, 5 ассистент жұмыс жасайтын жұмыспен қамту орталығы қамтамасыз етілді.

451050000 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 38778,0 мың теңгені құрады. 2020 жылға қарастырылған қаражат – 44574,0 мың теңге. 2021 жылға-47694,2 мың теңге. 2022 жылға-51032,8 мың теңге.Өсу себебі: 1 маш/сағаттың бағасының өсуі.

Тікелей нәтижесі: 100 мүгедекке 21956 машина/сағат қызмет көрсетілді.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі бар 374 адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту(инватакси қызметі).2018 ж 300 мүгедектер.

Түпкілікті нәтиже: 400 мүгедекті Инватакси қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

451054011 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар 71 490,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен –54852,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 16638,0 мың теңге.

2020 жылға қарастырылған қаражат – 19 844,0 мың теңге, 2021 жылға-21 233,1 мың теңге. 2022 жылға-22 719,4 мың теңге.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Тікелей нәтижесі: үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет 97 адамға, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет 38 адамға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет 9 адамға, адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет 20 адамға, әлеуметтік қызмет көрсетілді.

451095000 «Әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша – 2019 жылы шығыстар республикалық бюджеттен 200 000,0 мың теңгені құрады.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсыну үшін облыстық бюджеттен бюджеттік төлемдер.

Нәтижесі: Тұрғын үй алған азаматтардың саны-185 адам.

Бөлім басшысы                                                               М.Тұрмағамбетова

Пояснительная на 01.11.2019 посл