Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

ПЫСЫҚТАУҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ! «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасы бойынша түсіндірме жазба

Опубликовано: 14.11.2019

“Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ (бұдан әрі – бөлім) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

“Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ штаттық кестесі 17 бірлікті құрайды (оның ішінде: бөлім басшысы – 1 бірлік, басшының орынбасары – 2 бірлік, сектор меңгерушілері – 3 бірлік, бас мамандар – 10 бірлік, жетекші мамандар – 1 бірлік), техникалық қызметкерлер-4 бірлік.

Сонымен қатар бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымы бар, олар 50 адамнан тұратын штаттық бірлігі бар “Ақтөбе қала құрылысы мониторингі” КММ, оның негізгі қызметі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыс түрлері, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру элементтері болып табылады.

2019 жылы бюджеттен 367 487,4 мың теңге бөлінді, шығындар 3 бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілді.

-2020 жылға болжам 427 588,1 мың теңге, олар 3 бюджеттік бағдарлама бойынша шығындар жоспарлануда.

-2021 жылға 457 519,2 мың теңге,

-2022 жылға 489 545,6 мың теңге құрады.

 

2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылға арналған шығыстардың                 60 100,7 мың теңгеге ұлғаю себебі автокөліктің теңгеріміне қабылдануына байланысты, ЖЖМ, автоқосалқы бөлшектерді сатып алуға, автокөлікті жөндеуге, сондай-ақ “ЕСЕДО”, “ИПГО”, “1С”, “ПарусКАЗ”, компьютерлер мен картридждерді толтыру бойынша қызметтерге арналған шығыстар қарастырылған.

2019 жылға бөлінген қаражат 3 бюджеттік бағдарлама бойынша толық игерілді:

486001000 “Жергілікті деңгейде жер қатынастарын реттеу, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер” бағдарламасы бойынша 2019 жылы шығыстар                   249 406,4 мың теңгені құрады.

- 2020 жылға шығыстар 108 526,1 мың теңгені құрайды,

- 2021 жылға шығындар 116 122,9 мың теңгені құрайды .,

- 2022 жылға шығындар 124 251,5 мың теңгені құрайды.

 

2020 жылға арналған шығыстарды 2019 жылмен салыстырғанда               -140880,3 мың теңгеге азаюда. Азаю себебі “Ақтөбе қаласының геоақпараттық порталына” 2020 жылы қаражат қарастырылмаған. Инженерлік желілердің электрондық сұлбаларын өзектендіру, Ақтөбе қаласының Геопорталына техникалық қолдау көрсету бойынша қызметтер, “Ақтөбе қаласының геоақпараттық порталы” ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық тексеру жүргізу, сондай-ақ “Ақтөбе қаласының геоақпараттық порталы”ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынауды талдау жасау басқа қызметтер 2020 жылы қарастырылмаған.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейде жер қатынастарын, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер.

Тікелей нәтижелер: 17 мемлекеттік қызметші, 4 техникалық персонал төлемі қамтамасыз етілді. Еңбекақы төлеу, салық төлеу, демалыс ақысы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, байланыс қызметтеріне ақы төлеу, кеңсе тауарларын сатып алу және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, ел ішіндегі іс-сапар шығындары.

 

“Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақтөбе қала құрылысы мониторингі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. “Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ “Ақтөбе қала құрылысы мониторингі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі штаты – 50 адамды құрайды.

2019 жылы Бюджеттен 198246,2 мың теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет 4 809,5 мың теңге, қалалық бюджет 193 436,7 мың теңге.

2020 жылға болжам 50253,6 мың теңге жоспарланған,

2021 жылға  53 771,4 мың теңге жоспарланған,

2022 жылға  57 535,3 мың теңге жоспарланған.

2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылға шығыстардың 147 992,6 мың теңгеге азаюы Ақтөбе қаласының геопарталын дамыту 2020 жылы көзделмеген.

2019 жылға бөлінген қаражат толық игерілді.

 

486001000 “Жергілікті деңгейде жер қатынастарын реттеу, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер” бағдарламасы бойынша 2019 жылы шығыстар 198246,2 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет 4809,5 мың теңге, қалалық бюджет 193 436,7 мың теңге.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 50 адамға жалақы төлеу, салық төлеу, демалыс ақысын төлеу, сауықтыруға арналған жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу. Ақтөбе қаласының сәулет және жер қатынастары бөлімінің қызметтері мен сервистерін автоматтандыру бөлігінде Ақтөбе қаласының геосаясатының дамуы. Бөлінген қаражатты игеру 2019 жылы 100% құрады.

Тікелей нәтижелер: бөлім қызметінің мазмұны қамтамасыз етілді (жалақы төлеу, авторанспортты жалға алу).). Ақтөбе қаласының сәулет және жер қатынастары бөлімінің қызметтері мен сервистерін автоматтандыру бөлігінде Ақтөбе қаласының геопорталын дамуы.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер шешілді:

1) Гепортал функционалына Тапсырыс берушінің талаптарын қалыптастыру және талдау;

2) геопортал функционалын жобалау, деректер құрылымын, жүйелік компоненттердің өзара іс-қимыл интерфейстерін анықтау, қолданылатын алгоритмдер, жүйеге қойылатын талаптарды дәйектілікпен қалыптастыру және нақтылау;

3) техникалық тапсырманы әзірлеу;

4) бағдарламалық компоненттерді әзірлеу;

5) пайдалану құжаттамасын әзірлеу;

6) жүйенің модульдерін біріктіру және құрастыру;

7) оқытуды жүргізу.

“Электрондық инженерлік желілер қоймасы” бөлімі кеңістіктік және атрибуттық деректері бар инженерлік желілерді сақтауға және ұсынуға арналған болады. Сандық картографиялық деректер келесі қабаттарды қамтиды:

Сумен жабдықтау схемаларының қабаттары

Газбен жабдықтау схемаларының қабаттары

Электрмен жабдықтау схемаларының қабаттары

Жылумен жабдықтау схемаларының қабаттары

Телекоммуникация схемаларының қабаттары

Сервистер мен қызметтерді автоматтандырудың мақсаты қабылданған өтініштерді орындау үшін АЖО әзірлеу, қабылданған өтініштерді өңдеу және келісу болып табылады. ЖАО қызметкерінің жұмыс орны сәулет және жер қатынастары бөлімінің келесі электрондық қызметтерін ұсыну қызметін кешенді көрсетуге арналған:

1) эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

2) құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну);

3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру;

4) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;

5) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

6) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

7) жер учаскесін кадастрлық бағалау актісін бекіту;

8) жер учаскесін жалдау шарттарын ұзарту;

9) жер учаскесін бөлу;

10) сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу);

11) жер учаскесін жеке меншікке беру.

қызметті орындаудың барлық кезеңдерін қамтитын: өтініштің толықтығын және дұрыстығын тексеру, коммуналдық кәсіпорындарға сұраныстарды жіберу, рұқсат беру құжаттарын қалыптастыру, ЭЦҚ келісу және қол қою.

Іске асырылатын функциялар

Кіріс өтініштер тізімін түсу тәртібімен қарау;

Өтініштің барлық атрибуттарын көрсету;

Қажетті картада жер учаскесін көрсету;

Салынған файлдарды жүктеп алу;

Коммуналдық кәсіпорындарға ТШ сұраныстарын жіберу;

Қызметті ұсыну мерзімі таяп қалған кезде көзбен шолып хабарлау;

Бастапқы құжаттарды қалыптастыру;

Дәлелді бас тартуды толтыру және жіберу;

Өтініштерді сүзу:

техникалық шарттарды ұсыну орындаушылары бойынша;

өңдеу дәрежесі бойынша;

сұраныстарды орындау нәтижелері бойынша;

Өтініштің өзекті статусына Мониторинг жүргізу;

Қызметті орындаудың әрбір кезеңінде қарау күндерінің санын көрсету;

Жақын арада аяқталатын өтініштерді ерекше түспен бөлу;

Сыртқы файлға өтініштер тізімін экспорттау (xlsx)

Есеп беру нысандары

Кезең ішінде орындалған өтінімдер бойынша есептер;

Өтініштерді орындаушылар бойынша есептер

486001000 “Жергілікті деңгейде жер қатынастарын реттеу, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер” бағдарламасы бойынша 2020 жылы шығыстар 50253,6 мың теңгені құрайды.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер. 50 адамға жалақы төлеу, салық төлеу, демалыс ақысын төлеу, сауықтыруға арналған жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу.

Жоспарланған кезеңнің тікелей нәтижелері: 50 адамға жалақы төлеу, салық төлеу, кеңсе тауарларын сатып алу, Байланыс қызметтеріне ақы төлеу, Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу. Сондай-ақ, топографиялық-геодезиялық және картографиялық сьемкалар бойынша Ақтөбе қаласын дамыту үшін қала келбетін, Ақтөбе қаласының инфрақұрылымын дамыту. Тұрғын үйлерді сырлау. Форэкскиздерді әзірлеу.

 

486004000 “аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу” бағдарламасы бойынша 2019 жылы шығындар 91347,0 мың теңгені құрады.

- 2020 жылға шығындар 291 347,0 мың теңгені құрайды,

- 2021 жылға шығындар 311 741,3 мың теңгені құрайды .,

- 2022 жылға шығындар 333 563,2 мың теңгені құрайды.

 

2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 200 000,0 мың теңгеге ұлғаюсебебі “Шығыс-2″, “Рауан-2″, “Жаңа ауыл-3″, “Сазды-3″,”Баянауыл”тұрғын алаптарының аз қабатты құрылысының Бас жоспарына сәйкес қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеумен байланысты. 2020 жылға аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу және қаланы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу.

Тікелей нәтижелер: аз қабатты құрылыстың бас жоспарына сәйкес қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді:

- “Шығыс-2″, “Рауан-2″, “Жаңа ауыл-3″, “Сазды-3″, “Баянауыл” тұрғын алаптарының аз қабатты құрылысын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы.

486008000 “аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың шекарасын белгілеу кезінде жүргізілетін жерге орналастыру” бағдарламасы бойынша 2019 жылы жерге орналастыру жобаларын дайындау бойынша шығындар сомасы 26 734,0 мың теңгені құрады.

- 2020 жылға шығындар 27 715,0 мың теңгені құрайды,

- 2021 жылға шығындар 29 655,1 мың теңгені құрайды ,

- 2022 жылға шығыстар 31 730,9 мың теңгені құрайды.

2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 981,0 мың теңгеге ұлғаюда. Ақтөбе қаласының “Астана” және “Алматы” аудандарының елді мекендерінің шекараларын өзгертумен әкімшілік аумақтарды ұйымдастыру жобасын әзірлеуге байланысты жер телімдерінде жерге орналастыру жобалары дайындалды. 2020 жылға Ақтөбе қаласы бойынша жер телімдерінде жерге орналастыру жобаларын дайындау жоспарлануда.

 

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ақтөбе қаласының “Астана” және “Алматы” аудандарының елді мекендерінің шекараларын өзгертумен әкімшілік аумақтарды ұйымдастыру жобасын әзірлеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі мен құрамын анықтау және Ақтөбе қаласы бойынша жер учаскелерінде жерге орналастыру жобаларын дайындау бойынша қызметтер.

Қол жеткізілген нәтижелер: Ақтөбе қаласының “Астана” және “Алматы” аудандарының елді мекендерінің шекараларын өзгертумен әкімшілік аумақтарды ұйымдастыру жобасы әзірленді, жер учаскелерінде жерге орналастыру жобалары әзірленді.

 

 

Басшы                                                                                  Серикбаев А.М.

Бас маман  Абдрахманова Ж.О.

2020-2022 каз