Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бойынша «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» жобасына түсіндірме жазба

Опубликовано: 14.11.2019

«Ақтөбе қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ Ақтөбе қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2019 жылы «Ақтөбе қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-де 1 бағынысты мекемесі «Ақтөбе қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ КМК «Қалалық ветеринарлық стансасы» жұмыс жасады.

Барлық штаттық саны 30 бірлік.

«Ақтөбе қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-нің жылдық жоспары бойынша нақтыланған бюджет 105 150,7 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет 2907,3 мың теңге, қалалық бюджет 98 243,4 мың теңге, облыстық бюджет 4000,0 мың теңге.

2020 жылға арналған болжам 94 779,4 мың теңгені, 2021 жылы 101414,0 мың теңгені, 2022 жылы 108512,9 мың теңгені құрайды. 2020 жылмен салыстырғанда 2019 жылға арналған шығыстар 10 371,3 мың теңге ауыл шаруашылық қызметкерлері мен техникалық қызметкерлердің еңбек өтілінің өзгеруі, 2018 жылғы еңбекақы мен салықтар, аударымдар бойынша кредиторлық берешектің өтелуі, жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарлардың иелеріне 30 % құнын өтеу себебінен ұлғайды.

2019 жылға бөлінген қаражат 7 бюджеттік бағдарлама бойынша игерілді:

474001000 «Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы   мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру қызметтері» бағдарламасы бойынша 2019 жылы бюджеттен 29339,7 мың теңге бөлінді, оның ішінде қалалық бюджеттен 26432,4 мың теңге, республикалық бюджеттен 2907,3 мың теңге.2019 жылы бөлінген қаражатты игеру 100% құрады.

2020 жылға жоспарланған қаражат көлемі 22 404,4 мың теңгені, 2021 жылы 23972,7 мың теңгені, 2022 жылы 25650,8 мың теңгені құрады.2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылға шығыстар 6935,3 мың теңгегеазайды, себебіжаңа штаттық кестенің бекітілуіне және ұйымдағы қызметкерлердің еңбек өтілінің өсуіне байланыстыАқтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 350І «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №7725 қаулысына өзгерістер енгізу» қаулысына сәйкес «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-де штат санының жаңа лимиті бекітілуіне байланысты және мекеме қызметкерлерінің 2018 жылғы қазан, қараша, желтоқсан айларына мемлекеттік қызметкерлердің міндетті аударымдар мен салықтар, сонымен қатар екі мекеме құрылғаннан кейін жыл сайынғы еңбек демалысының жалақысын алмаған қызметкерлерге кредиторлық берешек өтелді, «Парус-КАЗ» бағдарламасын сүйемелдеу және техникалық қызмет көрсету бойынша шығындардың артты, қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары, ҚР Ел ішіндегі іссапарлар, қызметшілердің семинарларға қатысуына байланысты шығындар туындады.

Бағдарламаның мақсаты – Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімінің тиімді жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуде 10 мемлекеттік қызметкерлерге, 1 техникалық қызметкерге, 1 қосалқы персоналға еңбекақылары мен міндетті төлемдерді төлеу.

Есепті кезеңнің қол жеткізілген көрсеткіштері- Бөлімнің 10 мемлкеттік қызметкерлеріне, 8 техникалық персоналдарға, 1 қосалқы персоналға жалақы мен барлық аударымдар төленді, еңбек демалысының ақылары, емдік жәрдемақылары, салықтар мен міндетті аударымдар төленді. Дебиторлық және кредиторлық берешектер жоқ.

Тікелей түпкілікті нәтижелерге жоспарланатын кезең: Мекеменің жұмыс істеу қабілеттілігін қамтамасыз ету, 10 мемлекеттік қызметкерлерге, 1 техникалық персоналға, 1 қосалқы персоналға еңбек ақыларды, салықтар мен аударымдарды уақытылы аудару.

Туындаған мәселелер:

  1. Мекеменің толыққанды қызмет етуі үшін, мекеме штатында агроном және экономист мамандарының жетіспеушілігі;
  2. Мекеме орналасқан алаңның 1 адамға шаққанда бекітілген нормативке сәйкес келмейді (барлық орналасқан алаңы- 64 ш.м., оның ішінде басшы және қабылдау бөлмелері – 28,4 ш.м., бөлім басшысының бөлмесі – 11,8 ш.м., 8 мемлекеттік қызметкерге – 23,8 ш.м. );

3.Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндетіне жатпайтын жұмыстарды атқаруы (азаматтарды өзектендіру сұрақтары).

Шешу жолдары:

  1. 2020 жылдың бюджетінде агроном және экономист мамандарына мекеменің штатын ұлғайтуды қарастыру;
  2. Нормативке сәйкес бөлім қызметкерлеріне бөлме алаңдарын бөлу (Басшы – 25 ш.м., қабылдау бөлмесі – 7 ш.м., бөлім басшысының орынбасары – 15 кв.м., 8 мемлкеттік қызметкерге– 60 ш.м)
  3. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндетіне жатпайтын жұмыстарды болдырмау.

Түпкілікті нәтиже:

Бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік реттеу саласы АӨК және аумақты дамыту бағдарламасының индикативтік көрсеткіштерінің жетістіктері (АДБ) бойынша міндеттерді орындауы.

 

474005000 «Мал көмінділерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (биотермиялық шұңқырлар)» бағдарламасы бойынша 2019 жылы жергілікті бюджеттен 3210,0 мың теңге бөлінген. 2019 жылы бөлінген қаражатты игеру 100% құрады.

2020 жылға мал қорымдарына мал өлігін көму үшін қалыпты жұмыс ітеуін қамтамасыз етуіне қалалық бюджеттен 3210,0 мың теңге, 2021 жылы 3434,7 мың теңге, 2022 жылы 3675,1 мың теңге жоспарланған.

Бағдарламаның мақсаты – Ветеринарияда тұрақты эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету.

Есепті кезеңнің қол жеткізілген көрсеткіштері– ҚР «Ветеринария туралы» Заңға және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерге сәйкес өлген жануарлардың өлекселері, әскери конфискаттар, ауру сипатына байланысты шикі жануарларды қайта өңдеу кезінде алынған өнімдердің қалдықтары мен тастандылары, мал қорымдарында өртеуге және көмуге немесе биотермиялық шұңқырларда жоюға жатады. Қаңғыбас иттердің 6192 басы мен мысықтардың 688 басы жойылды, сондай – ақ дизель отынын сатып алуға және пайдалануға, «Калдыгулов» ЖК үй-жайды жалға алуға ақы төлеуге, Ақтөбе қаласы, Қызылжар ауылы, жер телімі 176 мекен-жайында орналасқан пеш-инсинератор бойында жұмыс істейтін қызметкерлерге ақы төлеуге жұмсалды.

Тікелей түпкілікті нәтижелерге жоспарланатын кезең:– Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу, адамға берілетін жұқпалы аурулардан халықты қорғау, ветеринариядағы тұрақты эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мал қорымын ұстау жөніндегі міндеттерді атқаратын қызмет көрсетуші персонал мен ветеринариялық қызметкерлер арасынан бригаданы ұстаудың орындылығын талап етеді. Қаңғыбас иттердің 7800 басы мен мысықтардың 800 басы жойылады, сондай – ақ дизель отынын сатып алуға және пайдалануға, «Калдыгулов» ЖК үй-жайды жалға алуға ақы төлеуге, Ақтөбе қаласы, Қызылжар ауылы, жер телімі 176 мекен-жайында орналасқан пеш-инсинератор бойында жұмыс істейтін қызметкерлерге ақы төлеуге жұмсалады.

 

Туындаған мәселелер:

Ауыл шаруашылығының мал басы орналасқан әр елді-мекендерде мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлар) болмауы.

Шешу жолдары:

2020 жылдың бюджетінде мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлар) құрылысын қарастыру. Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлар) сметалық жобасы 18 000,0 мың теңгені құрайды.

Түпкілікті нәтиже:

Мал қорымдарына мал өлігін көму үшін қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

 

474006000 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 2019 жылы қалалық бюджеттен 2204,0 мың теңге бөлінген. 2019 жылы бөлінген қаражатты игеру 100% құрады.

2020 жылға ауру малдарды мал сою пунктері мен ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру арқылы залалсыздандыруға байланысты қалалық бюджеттен 2204,0 мың теңге, 2021 жылы 2358,3 мың теңге, 2022 жылы 2523,4 мың теңге. жергілікті бюджеттен 2204,0 мың теңге жоспарланған.

Бағдарламаның мақсаты- Халықтың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Есепті кезеңнің қол жеткізілген көрсеткіштері– ҚР 2005 жылғы                8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 наурыздағы №104 «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, дайындауды (союды) сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау Ережесін бекіту туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 маусымдағы “Ветеринария туралы” Заңы, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 26 мамырдағы №120 «Облыс аумағында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысы. Бруцеллез ауруына шалдыққан 129 бас ІҚМ, 61 бас ұсақ мал «Айбек» ӘКК, «Касымов» ЖК ет-консервілеу цехында сойылды.

Тікелей түпкілікті нәтижелерге жоспарланатын кезең – Ауру малдарды мал сою пунктері мен ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру арқылы залалсыздандыру, ауру жануарлар анықталған кезде объектілерді өңдеу, жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу, жануарлардан адамға берілетін жұқпалы аурулардан халықты қорғау мақсатында бруцеллез ауруына шалдыққан 205 бас ІҚМ, 95 бас ұсақ мал «Айбек» ӘКК, «Касымов» ЖК ет-консервілеу цехында сойылды.

 

474007000 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 2019 жылы қалалық бюджеттен              32 100,0 мың теңге бөлінген. 2019 жылы бөлінген қаражатты игеру 100% құрады.

2020 жылға иесіз қалған иттер мен мысықтардың санын реттеу жұмыстары үшін қалалық бюджеттен 32 100,0 мың теңге, 2021 жылы 34347,0 мың теңге, 2022 жылы 36751,3 мың теңге жоспарланған.

 

Бағдарламаның мақсаты- Иесіз қалған иттер мен мысықтардың санын реттеу. Ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерді сақтау.

Есепті кезеңнің қол жеткізілген көрсеткіштері- Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өліктерін аулау мен жою іс-шаралары бойынша есепті кезең бойынша 6880 бас (1 бас х 3889 тг) қаңғыбас иттер мен үйсіз мысықтар ауланып, жойылды, қызметкерлерге жалақы төленді,барлық аударымдар аударылды, ЖЖМ сатып алынды.

Тікелей түпкілікті нәтижелерге жоспарланатын кезең –Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өліктерін аулау және жою, халықты иттер мен мысықтардан адамға берілетін жұқпалы құтыру және эхинококкоз сияқты аса қауіпті аурулардың таралуынан қорғау мақсатында қаңғыбас 7800 бас иттер мен 800 бас мысықтар ауланды.

Туындаған мәселелер:

Ақтөбе қаласында иесіз қалған иттер мен мысықтарға арналған тәлімбақ жоқ.

Шешу жолдары:

2020 жылғы бюджетте 500 бас иесіз қалған иттер мен мысықтарға арналған арнайы тәлімбақты салу құрылысына қаражат қарастыру, жоба сомасы 250 000 мың теңгені құрайды.

Түпкілікті нәтиже: Халықты иттер мен мысықтардан адамға берілетін жұқпалы құтыру және эхинококкоз сияқты аса қауіпті аурулардың таралуынан қорғау.

 

 

474008000 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 2019 жылы жергілікті бюджеттен 4592,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде: қалалық бюджеттен 573,9 мың теңге, облыстық бюджеттен 3615,9 мың теңге. 2019 жылы бөлінген қаражатты игеру 100% құрады.

2020 жылға сауықтыру іс-шаралары нәтижесінде бруцеллезбен ауырған малдардың иелеріне 30 % құнын өтеуге қалалық бюджеттен 634,0 мың теңге, 2021 жылы 678,4 мың теңге, 2022 жылы 725,9 мың теңге қаражатжоспарланған.2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылға шығыстар 3958,0 мың теңгегеазайды, себебі денсаулықты сақтау шараларын өткізу нәтижесінде бруцеллез ауруына шалдыққан малдың саны азайды.

Бағдарламаның мақсаты – Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарлардың иелеріне 30 % құнын өтеу.

Есепті кезеңнің қол жеткізілген көрсеткіштері– Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарлардың иелеріне 30 % құнын өтеу үшін бруцеллез ауруына шалдыққан мал ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды, 21 жеке тұлға иелеріне, «Құмсай» шаруа қожалығына өнім құнының 30-ы өтелді (54 ІҚМ, 33 ҰҚМ). Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың өтеуге жататын нарықтық орташа айлық бағасының мөлшері, 1 (бас) ІҚМ: Тұқымдық бұқалар – 280,0 мың теңге, Сиырлар – 260,0 мың теңге, Ірі қара малдарының төлдері – 160,0 мың теңге, 1 жасқа дейінгі бұзаулары – 70,0 мың теңге, 3 жылдан жоғары жылқылар – 360,0 мың теңге, 3 жылға дейінгілер – 250,0 мың теңге, 1,5 жасқа дейінгі – 150,0 мың теңге, бүралар – 460,0 мың теңге, інгендер – 350,0 мың теңге, 3 жасқа дейінгі түйе төлі – 240,0 мың теңге; 1 (бас) ҰММ: тұқымдық қошқар-33,0 мың теңге, аналық саулық – 30,0 мың теңге, жас мал 6 айдан 1 жасқа дейінгі – 22,0 мың теңге, жас мал 6 айға дейінгі – 15,0 мың теңге, тұқымдық теке – 23,0 мың теңге, аналық ешкі – 22,0 мың теңге, 1 жасқа дейінгі – 11,0 мың теңге, мегежіндер – 80,0 мың теңге, торайлар – 15,0 мың теңге; облыс көлемінде ет өнімдерінің сатылатын құны (1 өлшем бірліктің құны, кг/теңге): сиыр еті – 1450 теңге, қой еті – 1300 теңге, жылқы еті – 1800 теңге, шошқа еті – 1260 теңге, түйе еті – 1400 теңге.

Тікелей түпкілікті нәтижелерге жоспарланатын кезең – Халықты аса қауіпті аурулардың таралуынан қорғау, жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарлардың иелеріне 30 % құнын өтеу бойынша 30 жеке тұлғаларға және «Құмсай» шаруа қожалығына өнім құнының 30-ы өтелді (175 бас ІҚМ, 88 бас ҰММ).

Туындаған мәселелер:

Бруцеллезбен ауырған малдардың 30% құнын иелеріне өтеу бойынша мал иелері қолданыстағы өтеу нормативтеріне қанағаттанбауда.

Шешу жолдары:

Нормативтерді 30% – дан 50% – ға арттыруға ұсыныс енгіземіз.

Түпкілікті нәтиже:

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарлардың иелеріне 50 % құнын өтеу.

 

474012000 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша 2019 жылы қалалық бюджеттен 4815,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылы бөлінген қаражатты игеру 100% құрады.

2020 жылға жануарлар ауруларының алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық өңдеулердің жүзеге асырылуын бақылау мен қадағалауға байланысты қалалық бюджеттен 4815,0 мың теңге, 2021 жылға 5152,1 мың теңге, 2022 жылға 5512,7 мың теңге жоспарланған.

 

Бағдарламаның мақсаты –Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуды және жануарлар ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық өңдеулердің жүзеге асырылуын бақылауды жүргізу.

Есепті кезеңнің қол жеткізілген көрсеткіштері–Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі “Ветеринария туралы” Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі әзірленді. Ережедегі сәйкестендіру деп сырғалау, таңба басу және татуировка жолымен жеке сәйкестендіру нөмірін (пластмасса биркалар, сырғалар, татуировка нөмірлері) алып жүретін ауыл шаруашылығы жануарларын паспорттауды жүргізу рәсімі түсініледі. Ереже талаптары жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен және ұстаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

2019 жылы 3476 бас ірі қара, 6693 бас ұсақ мал, 480 бас жылқы бірдейлендірілді және АЖЖ деректер базасына енгізілді.

Тікелей түпкілікті нәтижелерге жоспарланатын кезең –Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу, жануарлардан адамға берілетін жұқпалы аурулардан халықты қорғау, тұрақты эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есепті кезеңде АЖЖ деректер базасына ІҚМ 4500 бас, ҰММ 8800 бас енгізілді.

Туындаған мәселелер:

Ескірген оргтехника (2010 жылғы компьютерлер, сканерлер, принтерлер)

Шешу жолдары:

АЖЖ деректер базасына енгізу үшін қазіргі заманғы компьютерлерді сатып алуға (компьютерлер – 10 дана, сканерлер – 7 дана, принтерлер- 7 дана) бюджеттен қаражат қарастыру.

Түпкілікті нәтиже:

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға мәліметтер енгізу, ауыл шаруашылығы жануарларын жеке нөмір беру және белгілеу.

 

474013000 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша 2019 жылы қалалық бюджеттен 28 890,0 мың теңге бөлінген.

2020 жылға жануарлардың қауіпті және аса қауіпті жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау бойынша іс-шаралардың ұлғаюына байланысты қалалық бюджеттен 29412,0 мың теңге, 2021 жылғы                  31470,8 мың теңге, 2022 жылға 33673,8 мың теңге жоспарланған.

Бағдарламаның мақсаты –Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және жою.

Есепті кезеңнің қол жеткізілген көрсеткіштері–ҚР 10.07.2002 жылғы №339 «Ветеринария туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің 28.04.2013 жылғы №401 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы»қаулысына, ҚР 24.06.2009 жылғы «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жануарларға вакцинация жүргізу, ветеринариялық препараттарды қолдану, жануарлардың қан сынамаларын алу және жеткізу, сондай-ақ препараттарды сақтау. 2019 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері (әр түрге қажетті) сібір жарасына қарсы ІҚМ – 10800 бас, Эмкарға қарсы ІҚМ-7500 бас, Пастереллезге қарсы ІҚМ-7500 бас, Нодулярлы дерматитке қарсы ІҚМ-12500 бас, Сібір жарасына қарсы ҰММ-17000 бас, Пастереллезге қарсы ҰҚМ-4300 бас, сібір жарасына қарсы жылқы-2000 бас, сібір жарасына қарсы түйелер -100 бас, сібір жарасына қарсы шошқалар – 500 бас, Пастереллезге қарсы шошқалар – 350 бас, Құтырмаға қарсы иттер – 1500 бас, иттерді дегельминтизациялау (эхинококкоз) – 2235 бас, Құтырмаға қарсы ІҚМ – 2000 бас егілді, сонымен қатар 12892 бас ірі қара мал бруцеллезіне, туберкулезге ІҚМ-13100 бас, бруцеллезге ИФА – 477 бас, бруцеллезге түйе- 105 бас, бруцеллезге жылқы-13 бас, бруцеллезге ҰҚМ-15527 бас, жылқы ауруы – 800 бас, шошқа бруцеллезі – 210 басқа диагностикалық зерттеулер жүргізілді.

Тікелей түпкілікті нәтижелерге жоспарланатын кезең –Жануарлардың қауіпті және аса қауіпті жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау бойынша іс-шаралар өткізу нәтижесінде 2019 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері (әр түрге қажетті) егілуде және диагностикалық зерттеулер жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны егіледі, оның ішінде: сібір жарасына қарсы ІҚМ – 12500 басқа, Эмкарға қарсы ІҚМ – 9200 басқа, Пастереллезге қарсы ІҚМ – 7500 басқа, Нодулярлы дерматитке қарсы ІҚМ – 12500 басқа, Сібір жарасына қарсы ҰММ – 22000 басқа, сібір жарасына қарсы жылқы – 2000 басқа, сібір жарасына қарсы түйелер -100 бас, сібір жарасына қарсы шошқалар – 500 бас, иттерді дегельминтизациялау (эхинококкоз) – 2235 бас, Құтырмаға қарсы ІҚМ – 3000 бас. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларына диагностикалық зерттеулер жүргізуде, ірі қара мал бруцеллезіне 14967 бас, ҰММ бруццелезіне 22960 бас, ІҚМ туберкулезіне 18800 бас.

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметі 2017-2021 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

 

Ақтөбе қаласын дамытудың Бағдарламасы бойынша нысаналы индикатор. 2019 жылға белгіленген мақсатты индикаторда                   қаланың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің нақты көлемінің 105,0 % индексіне қол жеткізу міндеті тұр.

 

Мақсаты:Агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі есебінен қала және облыс халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қала тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуетін арттыру.

Міндет:Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі бағыттары мен аграрлық саясат саласындағы шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қол жеткізілген нәтижелер: 2019 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша орындалуы – 102,2 % құрайды, ағымдағы жылдың соңына дейін бұл индикативтік көрсеткіш 103,5% деңгейінде күтілуде. Оның ішінде жалпы мал шаруашылығының көлемдік индексі – 102,6% (2019 жылға жоспарланған индикативтік көрсеткіш-103,5%). Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысы бойыншаауыл шаруашылығының өндірілген өнімінің жалпы сомасы25,6 млрд.теңгені құрайды, 2018 жылдың қорытындысын 103,6% құрап отыр.

 

Мал шаруашылығында.

Саланың 2019 жылғы 10 ай бойынша басты көрсеткіштері:

Өнім өндірісі (2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):

ет (тірідей салмақта) –5985,4тонна немесе 107,8 %; ; АДБ (ПРТ) – 10 мың тонна;

сүт – 20368,3тонна немесе 100,1 %; АДБ – 25,8 мың тн;

жұмыртқа –147505,0 млн. дана немесе 99,7 %. АДБ – 121,5 млн. дана.

 

2016-2020 жылдарға АДБ бекітілген сәттен бастап ет өндірісі 6,9 мың тоннадан 7,1мың тоннаға дейін артты. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 7,5 мың тоннаны құрайды деп күтілуде.

Аумақты дамыту бағдарламасы бекітілген жылы ет өндіру бойынша АДБ бақылау көрсеткіштері жоғары көрсеткіште қате көрсетілген, қазіргі уақытта қаланың нақты өндірістік мүмкіндіктерін ескере отырып түзетуді талап етеді.

Ақтөбе қаласының ірі сүт өндірушілердің бірі «Анди» ЖШС ауыр қаржы-экономикалық жағдайда тұрғандықтан, сүт өндірісінде күтілетін өсім байқалмайды.Дегенмен, қала бойынша сүт өндірумен айналысатын басқа да шаруашылықтар есебіненбұрын қол жеткізілген көрсеткіштерді сақтап қалуға мүмкіншілік бар, жыл соңына дейін 25,0 мың тонна өндіріп алу жоспарлануда.

Тауық жұмыртқасы өндірісінде жақсы өсім бар. 2016 жылы 123,2 млн дана, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 175 млн дананы құраған.Аталған көрсеткіш құс фабрикасының өндірістік қуаттылығын жаңғыртумен және қала мен облыстағы жалғыз ірі өнеркәсіптік өндіруші болып табылатын «ADMinvestment»  ЖШС-де жаңа құрама жем зауытының құрылысымен байланысты болды.

Ағымдағы жылдың қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты жыл қорытындысы бойынша АДБ-ның жекелеген жоспарлы көрсеткіштері орындалмауы мүмкін.

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту.

Жыл сайынқала шаруашылықтары ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуда, көбінесе ірі қара мал, қой, жылқы.Қала бойынша ағымдағы жылға берілген тапсырмаларға сәйкес:асыл тұқымды ІҚМ 850 бас сатып алынуы тиіс,нақты шаруашылықтармен 30 бас сатып алынды немесе тапсырма 3,5 % – ға орындалды.500 бас қой сатып алу тапсырылды, нақты 782 бас сатып алынды немесе тапсырма 156,4 % орындалды.

Қаланы екі ауданға бөлгеннен кейін ауылдық елді-мекендер ауылдық аймағындағы мәртебесін жоғалтуы қалаға қарасты ауыл тұрғындары үшін теріс әсер етті,ал қалаға қарасты ауылда орналасқан шаруашылықтар «Еңбек» бағдарламасына қатыса алмады және несие қаражатын алған жоқ. Қазір бұл жағдай кредиттік ұйымдардың республикалық деңгейінде қайта қаралғанмен ағымдағы жылы уақыт зая кетті.Индикативтік көрсеткіштердің орындалуында да тұрақтылық жоқ және мал шаруашылығын субсидиялаудың әр түрлі бағыттары бойынша төлемдерді созутауар өндірушілердің қаржылық жағдайын нашарлатуда.

Асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесін арттыру бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының Қазақстан Республикасында етті мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АФ несие қаражатына асыл тұқымды мал мен асыл тұқымды бұқашықтарды сатып алуы есебінен орындалады.

2018 жылы ШҚ «Құмсай» 180 бас ІҚМ сатып алынды, 2019 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша Ресей Федерациясынан 182 бас асыл тұқымды мал сатып алынды, жыл соңына дейін қосымша 200 бас ет тұқымы сатып алынуы тиіс.Барлығы 1000 бас асыл тұқымды етті мал сатып алынуы тиіс болатын.

Сонымен қатар, «Кіші Кум» ШҚ 40 млн. теңге кредиттік қаражат алды және Қостанай облысынан 70 бас ІҚМ сатып алды, «АйКар» ШҚ 40 млн. теңге қаражатына Ресей Федерациясынанасыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға өтініші қаралуда, «Амина» ШҚ 400 бас қой сатып алуға «Актобе Несие» КС-тен 12,0 млн.теңге алды.

Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша асыл тұқымды мал түрлерінің үлесі:

ІҚМ-13,1%; АДБ (ПРТ) – 24,6 %

қой мен ешкі – 35,8 %; АДБ – 38,3 %

жылқы – 27,2%. АДБ – 26,8 %

Өсімдік шаруашылығы. Саланың 2019 жылғы басты көрсеткіштері: астықтың барлық түрлерінен – 3,9 мың тонна өндірілді; картоптан – 35,5 мың тонна жиналды, көкөніс өнімі – 32,6 мың тонна жиналды, ірі азықтар -               61,7 мың тонна дайындалды, майлы дақылдар тұқымдарынан – 309,7 тонна жиналды, жылыжайда 9057,9 тонна көкөніс өсірілді. Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2019 жылға – 101,7%. (2019 жыға жоспарланған индикативтік көрсеткіш -101,2 %).

АДБ нысаналы индикаторындамал азығы дақылдарының алқаптарын 9,4 мың га жеткізу жоспарланды, нақты қала шаруашылықтары 2019 жылы мал азығы дақылдарының ауданын 13,1 мың. га жеткізіп орындады, немесе жоспар 139,4 %.- ға орындалды.

АДБ нысаналы индикаторында көкөніс көлемін өндіру 23,5 мың тоннаға дейін жоспарланған, көкөністің нақты өндіріс көлемі 2019 жылы 32,6 мың тоннаны құрады және жоспар 133,2 % орындалды.

2019 жылдың 18 қазанына ветеринарно-профилактикалык іс-

шараларының орындалу барысы туралы ақпарат.

 

Ауру түрлері Жылдық жоспар Ағымдағы жылдың нақты орындалуы Орындалу %
  Вакцинация
1 Сібір жарасы ІҚМ 12 500 12 000 96,0
2 Сібір жарасы ҰММ 22 000 22 000 100,0
3 Туберкулез ІҚМ 18 800 15 200 81,0
4 Туберкулез түйе 100 100 100,0
5 Пастереллез ІҚМ 7 500 7 200 96,0
6 Пастереллез ҰММ 4 300 4 300 100,0
7 Эмкар ІҚМ 9 200 8 800 96,0
Диагностикалык тексеру
1 Бруцеллез ІҚМ   (серология) 14 967 14 538 98,0
2 Бруцеллез МҰМ   (серология) 22 960 20 615 90,0
3 Хламидиоз   ІҚМ   (серология) 262 262 100,0
4 Лейкоз ІҚМ     (серология) 306 304 100,0
5 Инф.эпидед. қошқарлар 660 463 71,0
6 Лептоспироз ІҚМ (серология) 142 142 100,0
7 Листериоз ІҚМ   (серология) 142 142 100,0

 

Ескертпе:Жоспардың орындалуы 2019 жылдың 30 желтоқсанға дейін қадағаланады. Оң натиже берген ІҚМ саны 196 бас немесе ауруға шалдығу 1,3%, ҰММ саны 83 бас немесе 0,4 % құрады. Барлық дезинфекция жасалынған аулалардың көлемі 3 558 шаршы метр. (2018 жылмен салыстырмалы түрде, ІҚМ саны 123 бас немесе ауруға шалдығу 0,3%, ҰММ саны 126 бас немесе 1,5 % құрады).

2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 25,6 млрд. теңгені құрады, «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бойынша бюджет қаражатының жалпы шығындары 105,1 млн.теңге құрады, АӨК саласындағы түрлі бағыттар бойынша шаруашылықтарға субсидия төлеу 764,0 млн.теңгені құрады, барлығы 869,0 млн.теңге.

Ауыл шаруашылығы саласында әрбір салынған теңгенің есебіне сәйкес 29,4 теңгеге өнім алынды.

 

 

2019 жылдың 9 айына Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттікқызметтердіңатауы

 

2018 жыл

9 ай

2019 жыл

9 ай

Тракторлар мен өздігіненжүретіншассилергежәнеолардыңнегізіндежасалғантіркемелерге, соныңішіндеөздігіненжүретінкөлікқұралдарыныңарнайыжабдықтары бар тіркемелерге, сондай-ақарнайыавтомобильдерүшінтіркеукуәлігінжәнемемлекеттікнөмірлікбелгі беру 580

 

626

 

Жылсайынтракторлардыжәнеөздігіненжүретіншассилердіжәнеолардыңнегізіндежасалғантіркемелердіңмеханизмдерін, соныңішіндеөзіжүретінкөлікқұралдарыныңарнайыжабдықтары бар тіркемелерді, сондай-ақарнайыжүретінкөлікқұралдарынмемлекеттіктехникалықбайқауданөткізу 708

 

652

 

Тракторлар мен өздігіненжүретіншассилер мен механизмдердің, оларүшіншығарылатынтіркемелердің, соныңішіндеарнайыжабдықтары бар тіркемелер, өздігіненжүретін, ауылшаруашылық, мелиоративтіжәнежол-құрылысмашиналары мен механизмдерінің, сондай-ақарнайыжолжүруқұралдарыныңкепілдіктерін (тіркеуден) мемлекеттіктіркеу 72

 

94

 

Ветеринариялықанықтама беру 3 178 4633
Ветеринариялық паспорт бере отырып, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру 991 1 372
Барлығы: 5 529 7377

 

 

Саланың қазіргі мәселелері:

Ақтөбе қаласының айналасындаурбанизация мен агломерацияға байланысты егістік және жайылымдық жер алқаптарын қысқартуы.

Шешу жолдары:

ЖТҚ үшін және басқа да мақсаттарға жер бөлу. Картоп өсіруге басымдықты егіс алқаптарының құрылымын, көкөніс-бақша өнімдерін, су қоймасы және өзен бойындағы жерлерде азықтық дақылдарды оңтайландыру. Мал шаруашылығын дамытуда етті және сүтті тұқымды ірі қара малды жыл бойы тұрақты ұстау жүйесіне басымдық беру.

Түпкілікті нәтиже:

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің тиімділігін арттыру, малдардың өнімділігін, егістіктің өнімділігін жақсарту.

 

 

 

Ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімінің басшысы                                       М.Тукбулатов

        Бас маман                                                                  Д. Ешниязова

отчет на 2019 год каз.вариант

Слайд 2019 год