Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

АӨК дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар

Опубликовано: 05.11.2019

DSC_0039Бүгін,  5 қазанында депутат Қ.А. Төлеуовтың төрағалығымен  Ақтөбе қалалық мәслихатының аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиясының дөңгелек үстел форматында отырысы өтті. 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жұзеге асыру бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы» мәселесі талқыланды.

DSC_0045 DSC_0040 DSC_0035 DSC_0042

Отырысқа мәслихат депутаттары Хамитов Т.А., Тасимов А.Т., Муханова А.Е., Махамбетов Н.Ж., Гончаров Ю.В., Байсеитов А.М., Гринберг В.Ф., Ақтөбе қ. Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қала әкімінің орынбасары Сисенова Г., «ҚазАгроФинанс» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Ж.Ш.Исмаилова-Есжанова, қаланың шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Аталған отырыста жергілікті ауыл-шаруашылық өнімдері көрмесі ұйымдастырылды.

DSC_0048

DSC_0017

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысы Тоқболатов М.Т. баяндады. Қазіргі таңда қала бойынша жалпы ауданы 34,6 га болатын 12 жылыжай кешені бар. 2019 жылғы 1 қазан күнгі оперативті мәліметтерге сәйкес аталған жылыжайлар 9 057,9 тонна өнім өндірді. Оның ішінде: 5 769,8 тонна томат өнімдері және 3 268,1 тонна қияр және 20 тонна құлпынай өнімдері. Осы кезеңде қала жылыжайларынан 3 063,6 тонна экспортқа (РФ) жөнелтілді. Өнімдердің қалғаны Ақтөбе қаласында өткізілді. Бүгінгі күнге 2 557 га алқапта келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін жер дайындалып, 358 га алқапта күзгі дақылдар егу жұмыстары жүргізілді. Бекітілген егіс құрылымына сәйкес ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 22,6 мың гектарда жүргізілді, 2018 жылмен салыстырғанда егіс құрылымының өсімі 110,1 % немесе 2,1 мың га ұлғайды. 2019 жылдың 01 қазанына Ақтөбе қаласының ауыл мал шаруашылығының жағдайы – мал шаруашылығының өнімдері ет тірі салмақта- 5019,8 тонна немесе 105,6%; сүт-17626,1 тонна немесе100,6%; жұмыртқа -132035,0 мың.дана немесе 100,4%; жүн -83,0 тонна немесе 87,1%. Күн тәртібінің мәселесі бойынша қосымша «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Әжниязов Р.Ә. баяндады.

DSC_0025

DSC_0040