Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

“Мектепке жол” республикалық науқаны жалғасуда

Опубликовано: 20.08.2019

Бүгін, 20 тамызында Қалалық оқушылар сарайында, Ақтөбе қалалық маслихатының хатшысы Сұлупан Панақызы Шынтасова, областық мәслихатының депутаттары Довматенко Дмитрий Адамович, Итегулов Марат Сергазиевич, қалалық мәслихатының депутаттары Хамитов Талғат Амангелдіұлы, «Кәсіпкерлердің құқын қорғайтын ассоциация» ЗТБ БПҰ, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері, «Қамқоршылық- Забота» қайырымдылық қоры «Мектепке жол» республикалық науқаның аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан мектепке баратын 120 балаға ойын-сауық шараны ұйымдастырып, 2,3 миллион теңге көлемінде мектеп формасын, аяқ киім, рюкзак, кеңсе тауарларды тасбыстады. Балаларға «Темір қазық» биімен «Искорки» үлгілі би ансамблі, «Көрөғлы» күйімен «Шаттанамын» домбырашылар ансамблі, «Мереке» биін «Інжу» би студиясы көрсетіп, көңіл-күйін көтеруге үлес қосты.