Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЫ

Опубликовано: 07.08.2019

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабының 3-тармағына, 19-бабына сәйкес, аумақтық сайлау комиссияының мүшесін сайлау үдерісінің басталуы туралы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихаты хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда қалыптастырылады.Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әр бiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураныұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2019 жылғы 8 тамыздан бастап 23тамызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз түріндегі мәлімет;

2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтердің, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттың өтінішінің нысаны қалалық мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялықзаңының 23-ші бабының 2-тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс, сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау туралы

 

Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар, қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күні, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 23тамызға дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге (үзіліс – 13:00 – 14:00) дейін жүргізіледі.

Нысан-Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныс

Нысан-Кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініш