Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Көшпелі тұрақты комиссия отырысы өтті

Опубликовано: 01.08.2019

IMG_0820

Бүгін, 1 тамыз күні, Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік – мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссияның “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын орындалу барысы туралы” мәселесін дайындау шеңберінде көшпелі отырысы өтті. Аталған шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері және Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысты.