Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

“Анаға тағзым” кешенінде азаматтарды қабылдау өтті

Опубликовано: 30.07.2019

IMG_08062019 жылдың 30 шілде күні “Анаға тағзым” рухани-адамгершілік кешенінде Ақтөбе қаласының әкімдігімен әлеуметтік сипаттағы (жәрдемақы алу, тұрғын үй, жер алу, материалдық көмек алу) мәселелері бойынша 80 нен аса әйел қабылданды. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А. Арынғазиева, қалалық мәслихаттың хатшысы С. Шынтасова, сондай-ақ білім бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің,АХАТ бөлімі, сәулет және жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары, қалалық полиция басқармасы, денсаулық сақтау саласы және банк өкілдері көпбалалы аналармен кездесті.
Барлық келушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жазбаша өтініштер қабылданды.