Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Депутаттар мен Қоғамдық кеңес шаруа қожалығындарына барды

Опубликовано: 31.07.2019

Бүгін, 31.07.2019, мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, “Ақтөбе қаласының агроөнеркәсіптік кешеніндегі мәселелер және оларды шешу жолдары туралы” мәселесі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты – Тасимов Ә.Т., Қоғамдық кеңесінің мүшелері Кариев С.Ә., Сағандықова Г.Х., Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Тоқболатов М.Т. қатысты.
“Бексұлтан” ш/қ (мал шаруашылығы), “Бәйтерек Агро” ш/қ (мал шаруашылығы), “Жаңа қоңыс” жылыжайы (қызанақтар, қиярлар) комиссия назарына түсті. Негізгі мәселелрдің бірі, егіннің шықпауы табиғат-климат жағдайлары себептеріне жем-шөптің тапшылығы.