Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Кезектен тыс 45 сессия отырысы өтті

Опубликовано: 25.07.2019

8d93f0ca-20d4-4de6-bc0a-cf2dbbb067ba

Бүгін, жергілікті уақытпен сағат 15:00 Ақтөбе қалалық әкімдіктің ғимаратында депутат Бекенова Алмагүл Шұбайқызының төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясының пленарлық отырысы өтті. Сессия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П.Шынтасова, қала әкімі М.Е.Абдуллин, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Сейілханов Р.Н., Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, “Астана” мен “Алматы” аудандарының әкімдері Б.Н. Тлегенов, А.А. Әлімбаев, қатысты.

2019 жылға арналған Ақтөбе қалалық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 394 «2019-2021 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақтөбе қаласы әкімдігінің Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жүргізілетін іс-шаралар туралы» және «Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралымәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.