Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Мәслихатының кезекті 41 сессия отырысы өтті

Опубликовано: 28.03.2019

DSC_0517

Бүгін, жергілікті уақытпен сағат 10:00 Ақтөбе қалалық әкімдіктің ғимаратында депутат Нұрлан Жаңабекұлы Махамбетов төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясының пленарлық отырысы өтті.  Сессия отырысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П.Шынтасова, қала әкімі І.С.Испанов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, “Астана” мен “Алматы” аудандарының әкімдері Б.Н. Тлегенов, А.А. Әлімбаев, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Б.Т.Құрманалин, БАҚ өкілдері қатысты.

2019 жылға арналған Ақтөбе қалалық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру туралы» және «Ақтөбе қаласының жергілікті полиция қызметі басшысының 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі» мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалады. Бірінші мәселе бойынша Ақтөбе қаласы әкмінің орынбасары К.А. Айдарханова баяндап шықты

DSC_0528

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Б.Т.Құрманалин халық қалауларына есеп берді.

DSC_0537