Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын сайлау бойынша кандидаттардың отырысы

Опубликовано: 15.03.2019

DSC_04312019 жылдың 15 наурызыңда қалалық мәслихаттың хатшысы С.П.Шынтасованың төрағалығымен қалалық мәслихатта Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын сайлау бойынша кандидаттардың отырысы өтті.

Жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Сонымен қоса, мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды.

DSC_0428

Ағымдағы жылғы 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында 10 жұмыс күні ішінде қалалық мәслихат коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қабылдады.  Осы мерзім аралығында қажетті құжаттарымен 7 ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстар мұқият тексерілді. Кандидаттардың барлығы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның талаптарына сәйкес келеді. Отырыс барысында 7 кандидаттан 6 кандидат жұмыс тобына сайланды. Осыған орай, жұмыс тобын 9 адам құрады, оның ішінде 3-мемлекеттік орган өкілінен және 6 – коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.