Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Хабарландыру

Опубликовано: 15.03.2019

Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң)Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Жұмыс тобының 2019 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 45 адам көлемінде айқындалды, оның ішінде 5 мемлекеттік органдардың өкілдерінен және 40 азаматтық қоғамының өкілдерінен тұратын болады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы «18» наурыз – «03» сәуір аралығында.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының

Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Т.Ахтанов көшесі  50, 41 бөлме,  сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.00 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде. Анықтама телефондары: 8 (7132) 41-64-08. Электронды мекен-жай: maslihataktobe@mail.ru.

Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.

 

Сауалнама

Өтініш нысаны