Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Байқаушылар тізімін калыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Опубликовано: 22.02.2019

kisspng-pop-art-clip-art-binoculars-5ab80e5c6552e2.2789581315220117404151

Ақтөбе қаласының Мәслихаты Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушыларды тізімін жасақтау бойынша іріктеу жүргізілетіндігін хабарлайды.

Байқаушы болуға ниет білдірген азаматтар 2019 жылғы 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы Мәслихатының аппаратына жазбаша нысандағы өтініш жолдайды.

Құжаттар 2019 жылғы 11 наурыз, сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден – 18:00-дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 14:00-ге дейін), келесі мекенжайда: 030000, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 үй, Ақтөбе қаласының Мәслихаты аппаратының 42 бөлмесінде жүргізіледі. Анықтама телефондары: 8 (7132) 41-64-07, E-mail: maslihataktobe@mail.ru.

Өтініштің нысаны форма наблюдатели