Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Опубликовано: 22.02.2019

obshchestvennyy_sovet11

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Ақтөбе қаласының Мәслихаты Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобы құрамының саны 9 адамнан, оның ішінде 3 адам мемлекеттік органның және 6 адам азаматтық қоғамының өкілдерінен тұрады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2019 жылғы 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы Мәслихатының аппаратына келесі құжаттар тапсырады:

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (заңды тұлғалар):

1) Нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Қазақстан Республикасының азаматтары (өзі-өзін ұсынған жеке тұлға):

1) Нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 11 наурыз, сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден – 18:00-ге дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 14:00-ге дейін), келесі мекенжайға: 030000, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 үй, Ақтөбе қаласының Мәслихаты аппаратының 42 бөлмесіне жазбаша түрде тапсыру қажет. Анықтама телефондары: 8 (7132) 41-64-07, E-mail: maslihataktobe@mail.ru.

 

Өтініштің нысаны форма заявка для раб.группы