Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы

Опубликовано: 28.01.2019

DSC_0332

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының және Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Аталған отырысқа мәслихат хатшысы С. Шынтасова, қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Р. Айдашева, К.Айдарханова бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері қатысты. Қала әкімінің аппарат басшысы С. Нәби Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің және білім бөлімінің тағайындалған басшыларын депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелеріне таныстырып шықты. Ақтөбе қаласының бас экономисті Айгүл Бегей тағайындалған лауазымына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс атқарды.

Күн тәртібіндегі «Ақтөбе қалалық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Бегей баяндама жасады.