Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

2019 – 2021 жылдарға арналған Ақтөбе қаласы бюджет жобасы талқылануда

Опубликовано: 07.12.2018

DSC_0214

ҚР Бюджет кодексінің 73, 73-1, 75 және 78 баптарына сәйкес «Ақтөбе қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы» мәселесі бойынша Әліпов С.А. төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару мәселелері бойынша және экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

DSC_0200

 

Аталған отырысқа Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П. Шынтасова, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Р.Ә. Айдашева, К.А. Айдарханова, «Астанай және «Алматы» аудандардың әкімдері қатысты.

DSC_0204

 

2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша «Ақтөбе қаласының денешынықтыру және спорт бөлімі», «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі», «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі», «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты», «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты», «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік мекемелерінің басшылары баяндама жасады.