Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Опубликовано: 05.12.2018

DSC_0185ҚР Бюджет кодексінің 73, 73-1, 75 және 78 баптарына сәйкес «Ақтөбе қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы» мәселесі бойынша Бекенова А.Ш. төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі бойынша және экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

 

DSC_0187

Аталған отырысқа Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.П. Шынтасова, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Р.Ә. Айдашева, К.А. Айдарханова, «Астанай және «Алматы» аудандардың әкімдері қатысты.

DSC_0193

2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығындардың жобалары бойынша «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ өкілі, және «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы А.Ю.Юнисова баяндамашы ретінде хабарлама жасады.

DSC_0197