Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЫ

Опубликовано: 30.11.2018

Сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының
ХАБАРЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес облыстық аумақтық және 150 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихаты хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда қалыптастырылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы учаскедегі сайлаушылардың саны байланысты аумақтық сайлау комиссиясымен белгіленген.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әр бiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз түріндегі мәлімет;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштерінің нысаны облыстық мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Осы Конституциялық заңының 23-ші бабының 2 тармағына көзделген туралы.Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс, сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау туралы

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар, қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күні, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс – 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін.

 Ақтөбе қалалық мәслихаты

 Шынтасова Сұлупан Панақызы – Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50.

 Жауапты тұлға – Ершеге Манас Игнатұлы , №42 бөлме, қалааралық телефон коды (87132), қызметтік телефоны: 41-64-07, ұялы телефоны: +87760000147, факс нөмірі: 41-64-07, электрондық почта мекен-жайы: maslihataktobe@mail.ru.

 Сайлау комиссияларының сандық құрамы және мекен-жайлары - ЖҮКТЕУ Сайлау комиссиялары туралы ақпарат

Нысан Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныс

Нысан Кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініш