Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Алтынай Ерішқызы Муханова – №4 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

9-12Муханова Алтынай Еришовна, 1959 жылы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Қобда ауданының Ақсай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Тұрмыста, екі ұлды тәрбиелеп, алты немересі бар. «Бухгалтелік есеп» мамандығы бойынша Ақтөбе кооперативтік техникумді бітірді. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінде жоғары білімін алды. Жалпы еңбек өтілі – 41 жыл. Өз еңбек жолын 1977 жылы Михайловская орта мектебін бітірген кейін бастады. 1977 – 1999 жылдары аралығында «Автоколонна 2577» тауар ауласында қабылдау-өткізу маманы, меңгеруші, бухгалтер болып жұмыс атқарды. 1999 жылдан 2004 жылға дейін әскери-техникалық метебінде бухгалтер лауазымда жұмыс атқарды. 2004 жылдан бастап «Real Газ Energy» ЖШС-ның қаржы директоры. Негізгі қызметтен бөлек, «Қолғанат-Ақтөбе» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңес төрайымы. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшесі. «Сұйытылған газды жеткізушілердің Ақтөбе облыстық қауымдастығы» ЗТБ-нің төрайымы. «НұрОтан» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградтармен, облыс, қала және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды. «Мектепке жол», «25 игі іс», «Тілектер шыршасы», «Таза ауа» атты қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады.

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2018 жылы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Қазақстан халқына жолдауында Республикамыздың әрбір азаматының әл-ауқаты өсуінің деңгейін арттыру бойынша мемлекетіміздің дамуының векторы болып табылатына тоғыстырды. Мемлекет басшысы, «Қазақстан 2050» жаңа саяси бағыты Стратегиясын жүзеге асыруының шеңберінде, жаппай берекелі мемлекет құруға бағытталған алты басымды бағыттарын белгіледі. «Қазақстан 2050» Стратегиясы менің сайлау алды бағдарламаның алдағы кезенінің негізі болып табылады.

Менің сайлау алды бағдарламаның негізгі бағыттары:

- Әрбір азаматтың берекесі, берекелі отбас – мемлекеттің тірегі. Берекелі отбасының кепілі  -  жайлылық. Әйел, шаңырақтың шырақшысы ретінде, жайлылық жасайды. Әрбір отбасты өз шаңырағын қамтамасыз ету үшін, мемлекет аналарға, отбасыларға жанжақты көмектесуі керек.
- Зейнеткерлерге – мұңсыз қарттық,  ұдайы еңбек үшін алғыс.
- Жас ұрпаққа – мемлекеттік саясатттың басымдылығы ретінде жанжақты қолдау. Ақысыз мектептен тыс тәрбиенің үлесін ұлғаю, жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтамасыз етілмеген лицей, колледж, институт, университет, академияларының түлектердің үлесін төмендету.
- Кәсіпкерлікті дамыту – ұлттық экономиканың қозғау күші. Жұмыс орындарын құру үшін, жағдай туғызып, оқыту семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кеңейтілген баспасөз конференциялар ұйымдастыру әдісімен, халықтың қаржы сауаттылыған арттыру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту маңызды.
- Аулаларды, көшелерді аббатандыруы – жаппай берекенің қалыптасуына қажетті аспектілерінің бірі.
- Медициналық қызмет көрсетуінің сапасын арттыру, себебі әрбір азаматтың саламатты өмір сүруі мемлекетіміздің дамуына тура әсер тигізеді.

Құрметті отандастар, жерлестер! Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, Елбасының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауында алтыншы басымды бағытына сәйкес, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысу қажет.

БІЗДІҢ БЕРЕКЕМІЗ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА, АРДАҚТЫ САЙЛАУШЫЛАР!