Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Кезекті 35 сессиясының отырысы

Опубликовано: 30.10.2018

DSC_0114

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті 35 сессиясының отырысы өтті.

 

Сессия отырысына, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова, қала әкімінің орынбасарлары, “Алматы”,”Астана” аудандардың әкімдері, қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары,қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC_0149

Сессия отырысы қуаныш сәттен басталды.  Ағымдағы жылдың 28 қазанында, Ақтөбе қалалық мәслихатының 4 сайлау округі бойынша, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтті. Сайлауға 8 768 (64,4 пайыз) сайлаушылар қатысты. № 4 сайлау округ бойынша 4 кандидат арыз берді, олардың 3-і тіркелді. Сөйтіп, № 4 округ бойынша сайлаушылардың    52,33 % дауысын жинап, Муханова Алтынай Ерішқызы Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Қалалық сайлау комиссияның орынбасары Т.Нұртазин  қалалық мәслихат депутатының куәлігін және төсбелгісін табыстады.

DSC_0133

Күн тәртібіндегі: Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 243 “2018-2020 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер туралы бойынша Ақтөбе қалалық бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімінің басшысының м.а. Абдулаева А. баяндады.

 

Күн тәртібіндегі екінші сұрақ, “Ақтөбе қаласындағы қосымша білім беру ұйымдарының жай-күйі және даму болашағы” бойынша мектептен тыс білім беру ұйымдарының басшылары тыңдалды.

DSC_0148

Қазіргі уақытта қалада 1 аула клубы, 2-станция, 2-орталық, 3-музыка мектебі, 1-өнер мектебі, 1-көркемсурет лицейі, 1-ұшқыштар мектебі, 1-шығармашылық үйі, 1-оқушылар сарайы,1-шығармашылық академиясы жұмыс жасайды. 15 мектептен тыс білім беру ұйымдарында 516 тәжірибелі оқытушы жұмыс жасайды. Байқаулар, жарыстар қорытындысы бойынша 4037 оқушы жүлделі орынға ие болды. Жалпы спорттық үйірмелердің саны 632, 20 010 жасөспірімдер қатысады. Шығармашылық үйірмелердің саны 837, 26877 оқушы қатысады. Қала мектептердің жанында 28 әскери-патриоттық клубтары ұйымдастырылған, 1576 оқушы қатысады. 

DSC_0143

Дайындық барысында, үлкен жұмыстары жүргізілді. Комиссия мүшелері, қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова қатысуымен, қалада орналасқан аула клубтарды, қосымша білім беру ұйымдарын, мектептер бойынша шығулар өтті.

Білім беру саласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасында балаларды 100% қамтылуына мақсат қойылған, әрбір бала қосымша біліммен қамтылуы тиіс.

Маңызды мәселелердің бірі, қазіргі заманға талабына сәйкес техникалық жабдықтармен және спорттық құралдармен жарақтандыру қажет. Кейбір мектептен тыс мекемелердің техникалық жағдайы нашар, едендердің, мекемелердің қасбетін, шатырдың күрделі жөндеуі қажет.

Үлкендердің қолдауымен, жастардың шығармашылық, спорттық әлеуетін арттыру мақсатында спорттық алаңдарды, аула клубтарды дамуға шараларды қолданумыз керек.

Бүгінгі өзекті мәселелердің бірі, балаларды мектепке дейін тасымалдау. Шығармашылық Академиясының ашылуына байланысты, қосымша біліммен қамту саны өсіп келе жатыр. Бірақ, көптеген ата-аналарға осы Академияға дейін жетуі қиын болып тұр.

DSC_0116

Сессия соңында, Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, блогер Бисенбаева Жайнагулге сөз берілді. Қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын әрі қарай жалғастыруға, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Қатысушылардың сын-пікірлерін, ескертулері ескеріліп тиісті органдардың шаралары қолдануда.

 

DSC_0142