Сайт
маслихата города Актобе

Протокол публичного слушания по учету мнения населения «О внесении предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе» в постоянных комиссиях маслихата города Актобе

Опубликовано: 06.04.2018

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында
«Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға
атау беруге байланысты ұсыныс енгізу туралы» тұрғындардың
пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

Протокол публичного слушания по учету мнения населения
«О внесении предложения о присвоении наименований вновь
образованным двум районам на территории города Актобе
в постоянных комиссиях маслихата города Актобе

Өткізілген уақыты: 2018 жылғы 5 сәуір, жерг. уақытпен сағ. 10:00.

Өткізілген орны: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры (Т.Ахтанов көшесі, 52).

Время проведения:5 апреля 2018 года, 10-00 час. мест. времени

Место проведения:Актюбинский областной театр драмы имени Т. Ахтанова

(ул.Т.Ахтанова, 52)

 

Барлығы қатысқандар – 194 адам (тізім жалғанады).

Всего присутствовали – 194 человек (список прилагается).

 

Төрағалық етуші:

Председательствующий:

Сұлупан Панақызы Шынтасова — Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы.

Шинтасова Сулупан Панаевна – секретарь маслихата города Актобе.

 

Күн тәртібі:

Повестка дня:

Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға атау беруге байланысты ұсыныс енгізу туралы.

О внесении предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе.

 

Қатысушылар:

Присутствующие:

         Ақтөбе қаласының әкімі – І.Испанов және оның орынбасары – К.Айдарханова, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Қ.Бекенов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, Ақтөбе қаласының құрметті азаматтары, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары.

Аким города Актобе – И.Испанов и его заместитель – К.Айдарханова, председатель Общественного Советагорода Актобе – К.Бекенов, депутаты маслихата города Актобе, члены Общественного советагорода Актобе, руководители государственных учреждений, почетные граждане города Актобе, представители СМИ и жители города Актобе.

 

Тыңдалды:

Заслушали:

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Күлпаршын Алпысбайқызы Айдарханова.

Заместитель акима города Актобе – Айдарханову Кулпаршын Алпысбаевну.

 

Сөз сөйлегендер:

Выступили:

Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының ардагері – М.Рудаков:

Ветеран органов внутренних дел Актюбинской области – М.Рудаков:

-  Здравствуйте, уважаемые присутствующие! Раньше в 1980 году в городе имелось два района — Пролетарский и Фрунзенский. Но, они свою роль сыграли в организационный период. В то время бурно развивались новые заводы, открывались фабрики. Однако, численность населения не соответствовало и поэтому эти два района упразднили. Сейчас, я уже слежу несколько месяцев периодически в газетах, на телевидениях информации об образовании двух новых районов в городе. Город Актобе ассоциируется с ншими столицами «Алматы» и «Астана». Я считаю, что большая польза для наших районов и экономическая, и моральная, и материальная если преднесем наименований «Алматы» и «Астана» этим двум районам.

Ақтөбе қаласының тұрғыны — М.Жұмақұлов:

Житель города Актобе- М.Жумакулов:

-  Саламатсыздар ма! Қаламызды екіге бөлу мәселесі газет, теледидар беттерінде жарияланып, көп уақыттан бері талқыланып жатыр.Қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Алпысбайқызы, баяндамасында осы екі ауданға«Алматы» және «Астана» атауларын беру туралы ұсынысын қолдаймыз. Барлығыңызға сәттілік тілейміз.

Ақтөбе қаласының тұрғыны – М.Қазкеев:

Житель города Актобе — М. Казкеев:

- Қайырлы күн, құрметті ақтөбеліктер! Бүгін өте маңызды, қасиетті іс жасалып жатыр. Енді, мына жұмыс тобының ұсынып отырған «Алматы» және «Астана» атауларын беруді біз қолдаймыз. Енді, осы құрылған екі ауданның бірі Қарғалы селосында орналастырады деген мәліметті естіп жатырмыз. Қарғалы селосы тұрғындарының атынан бізге «Астана» атауын беруді сұраймыз.

Ақтөбе қаласының тұрғыныҚ.Арыстанғалиев:

Житель города Актобе — К.Арыстангалиев:

-  Құрметті, ақтөбеліктер! Бүгін біз осындай қалада болып жатқан өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Мақтанамыз!Қолдаймыз! Астана — ол біздің жүрегіміз, жастардың қаласы. Алматы – ол көп жылдан бері еліміздің басты қаласы. Осы ұсынысты қолдаймыз. Ақтөбеміз өркендей берсін! Рахмет.

Ақтөбе қаласының тұрғыныМ.Бисеналин:

Житель города Актобе — М.Бисеналин:

-       Құрметті, халайық! Қазір Ақтөбенің тұрғындар саны 500 мыңға таяп қалды. Қалада екі ауданды ашу- ол өмір талабы, қажет деп есептеймін. Екіншіден, менің айтайын дегенім: Ақтөбенің өзінің жері бар, суы бар. Менің ойымша, «Алматы», «Астана» деген атаулардың керегі жоқ біз Батыс облысында орналасқандықтан, өзіміздің «Сазды», «Елек» деген өзеніміздің атауы бар. Аудандарға осы екі атауды беруді ұсынамын.

Ақтөбе қаласының тұрғыныР.Сеилханов:

Житель города Актобе — Р.Сеилханов:

- Қайырлы күн, жиынға қатысушылар! Қазіргі таңда өздеріңіз білетіндей ауылдық жерлер қарқынды дамып келеді, қаланы екі ауданға бөлу өте дұрыс. Ал, атауына келетін болсақ, біздің қазақтың қаһармандары, батырлары — Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беруге ұсыныс білдіремін.

Ақтөбе қаласының құрметті азаматы – М.Тәджібаева:

Почетный гражданин города Актобе – М.Таджибаева:

-  Сәлеметсіздер ме, қала тұрғындары! Айтылған ұсынысты қлдаймын. Егер, осы екі ауданның біріне – «Астана» атауы берілсе, оның несі жаман?! Елбасымыздың маңдай терін төккен Астана қаласын одан әрі қарай ілгері апарсақ деймін. Ал, Алматы біздің тарихымыз, бәріміз осы Алматы қаласының оқуын бітіріп, білім алдық. Ол үлкен мақтаныш. Осы жұмыс тобының ұсынып отырған атауларын қолдаймын, өте дұрыс шешім деп есептеймін.

Қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау бойынша материалдарды жинақтап, тиісті ономастикалық комиссияларға ұсыныс беру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі мүшесі – А.Пангереев:

Член рабочей группы для подготовки материалов по наименованиюи переименованию административно-территориальных единиц в городе, его составных частей для внесения предложений в соответствующие ономастические комиссии– А.Пангереев:

-       Қадірменді, жерлестер! Бүгінгі көтеріп отырған мәселе – әлеуметтік, тарихи, мәдени маңызы бар мәселе. Бұған ат үсті қарауға болмайды. Қаламыз күннен күнге өсіп, өркендеп келеді. Ертең «республикалық маңызы бар қала» деген атақ алып жатсақ, оның несі жаман?! Сөз сөйлеген кейбір азаматтар жер-су атауларын, кісі есімдерін беруге ұсынып жатыр. «Версачи», «Шанель» деген брендтерді жұрт атауына қарап алады. Ал, біз егер де «Астана», « Алматы» атауларын берсек, жұрт елең етіп, билік бет бұра бастайды. Астананың үйлерін жөндеуге, жолдарын салуға, шаңдатпауға, суға кетпеуі үшін «Астана», «Алматы» деген атауынан ұялғанынан барады.«Қазақстан Республикасының әкімшлік-аумақтық құрылыс туралы» заңының талаптарына сәйкес, бір әкімшілік аумақтың атауы қайталанбауы керек. Мүйізі қарағайдай ғалымдар жиналып, кісі есімдерін, сондай-ақ, атауы бұлыңғыр, мән — мағынасы жоқ атауларды беруге шектеу қою туралы президент әкімшілігіне хат жолдаған. Себебі, бір кісі есімін беретін болса, екінші біреуі тұрып айтады неге онда менің есімім берілмейді деп. Сондықтан «Астана», «Алматы» атауларын берудіөте дұрыс деп есептеймін.

Ақтөбе қаласының тұрғыныР.Сеилханов:

Житель города Актобе — Р.Сеилханов:

-  Бүгін бір ерекше, тарихта қалатын күн болып тұр. Бүгін міне, болашақтың тіршілігі үшін саяси және экономикалық мәні зор шаруаны шешкелі тұрмыз. «Жылым жылқы болғасын ба, бәйге көрсем тыпырлап тұра алмаймын, топқа түскім келеді де тұрады» деп бір ақиық ақын айтқандай, мен де осы үлкен шарадан тыс қала алмадым. Қала тұрғыны, азаматы ретінде ойымды, ортаға салып, сіздермен бөліскім келіп тұр. Ал, ашылған аудандарға «Астана», «Алматы» атын беру нағыз ұтымды да маңызды шешім дегім келеді.Алматы-бұл біздің тарихымыз. Мемлекетіміздің 20 ғасырдағы дамуы мен өркендеуі, қазақ халқының өсіп-өнуі осы Алматымен тіклей байланысты. Астана атауына келетін болсақ, бұл біздің жаңа, егеменді еліміздің символы.Жастардың қаласы. Мемлекетіміздің саясатының темірқазығы. Қазақта «Қызды жеңге бұзады, жеңгені теңге бұзады» деген мақал бар. Халқым бұзылмайық, шешім дұрыс, ұсыныс орынды. «Алматы», «Астана» атаулары кешегіміз бен бүгініміз және ертеңгі болашағымыз. Мен бұд екі атауды қолдаймын және сіздердің де ойларыңыз солай деп түсінемін.

«Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға атау беруге байланысты ұсыныс енгізу туралы» тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдау қатысушылары дауыс берді:

«Жақтады» — 171

«Қарсы» — 23

«Қалыс қалған жоқ» — 0

Участники публичного слушания по учету мнения населения                                      «О внесении предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе» проголосовали:

«За» — 171

«Против» — 23

«Воздержался» — 0

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша қатысқандардың жалпы санының көпшілік даусымен Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға «Астана» және «Алматы» атауларын беру мақұлданды.

По итогам публичного слушания большинством голосов от общего числа присутствовавших, было одобрено внесение предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе.

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

Постоянные комиссии маслихата города Актобе ПОСТАНОВИЛИ:

  1. Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға «Астана» және «Алматы» атауларын беру бойынша қала халқының пікірі ескерілсін.
  2. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары– К.А.Айдархановаға:

Осы ұсыныс Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысын қабылдауға Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясына енгізілсін.

  1. Учесть мнения населения города о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе – Астанинский и Алматинский.
  2. Заместителю акима города Актобе – Айдархановой К.А.:

Внести данное предложение на сессию маслихата города Актобе, для принятия совместного решения маслихата города Актобе и постановления акимата города Актобе.

 

 

Төрағалық етуші                                                                           С.Шынтасова