Сайт
маслихата города Актобе

Протокол публичного слушания по учету мнения населения «О внесении предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе» в постоянных комиссиях маслихата города Актобе

Опубликовано: 06.04.2018

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында
«Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға
атау беруге байланысты ұсыныс енгізу туралы» тұрғындардың
пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

Протокол публичного слушания по учету мнения населения
«О внесении предложения о присвоении наименований вновь
образованным двум районам на территории города Актобе
в постоянных комиссиях маслихата города Актобе

Өткізілген уақыты: 2018 жылғы 5 сәуір, жерг. уақытпен сағ. 12:00.

Өткізілген орны: Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы (Жеңіс даңғылы, 31).

Время проведения:5 апреля 2018 года, 12-00 час. мест. времени

Место проведения:Актюбинская областная филармония имени Г.Жубановой (пр.Победы, 31).

 

Барлығы қатысқандар – 237 адам(тізім жалғанады).

Всего присутствовали– 237 человек (список прилагается).

 

Төрағалық етуші:

Председательствующий:

Сұлупан Панақызы Шынтасова — Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы.

Шинтасова Сулупан Панаевна – секретарь маслихата города Актобе.

 

Күн тәртібі:

Повестка дня:

Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға атау беруге байланысты ұсыныс енгізу туралы.

О внесении предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе.

 

Қатысушылар:

Присутствующие:

         Ақтөбе қаласының әкімі – І.Испанов және оның орынбасары – К.Айдарханова, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Қ.Бекенов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, Ақтөбе қаласының құрметті азаматтары, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары.

Аким города Актобе – И.Испанов и его заместитель – К.Айдарханова, председатель Общественного Советагорода Актобе – К.Бекенов, депутаты маслихата города Актобе, члены Общественного советагорода Актобе, руководители государственных учреждений, почетные граждане города Актобе, представители СМИ и жители города Актобе.

Тыңдалды:

Заслушали:

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Күлпаршын Алпысбайқызы Айдарханова.

Заместитель акима города Актобе – Айдарханову Кулпаршын Алпысбаевну.

 

Сөз сөйлегендер:

Выступили:

Қоғам қайраткері, профессор – А.Тайжанов:

Общественный деятель, профессор – А.Тайжанов:

-  Заңдылық тұрғыдан негізделген оны халық қалауы болып депутаттар мен әкімшілік қолдаған. Ендеше, оны жүзеге асыратын болсақ, тарихи сәт болады. Ақтөбе қаласына «Алматы» мен «Астана» атауларын беру ұсыныс түсіп тұр. Өзімнің біраз еңбегім бар, көргенім бар осы екі қаланың атауын біздің аудандарға беру дәл осы кезеңде, дәл осы уақытта, қазіргі заманға келер ұрпаққа аса маңызы бар және бүгінгі жасап жатқанымыз таза тарихқа айналады. Алматы қаласы — қазіргі еліміздегі ең үлкен мегаполисі, миллионнан артық халқы бар. Оны сапа жағынан да білуіміз керек. Алматы қаласы біздің Қазақстанның ер жетуіне және біздің Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, рухани болмысын типтеуге үлкен ат салысқан қалалар. Өйткені біз автономиялық Республика болып құрылып, одан кейін ССР Одағына жеке мемлекет есебінде кірген уақыты осы құжаттарға Алматыда қол қойылған болатын. Одан кейін күні кеше біздің Тәуелсіздік декларациясы жариялануы, одан кейінгі Тәуелсіздік мәселесі осы Алматыда шешілген болатын. Ендеше, Алматы өзінің болмысымен тарихи қала. Екінші әлеуметтік жағына келетін болсақ бұрынғы уақыттарда біздің облыс орталығында педогогикалық, әлеуметтік, экономикалық, саясат және т.б. саласында білім алған азаматтардың барлығы осы Алматы қаласында білім алды. Сол азаматтар қазір біздің елімізді басқарып келді. Ендеше, Алматы қаласының атын берсек те артық етпейді. Астанаға келетін болсақ, Астана қаласы — біздің 21 ғасырдағы жаңа облысымызға және жаһандану заманына сай. Биыл Астана қаласы 20 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде Астана қаласында халықаралық жиындар, көптеген мәселелер болды. Ол экономикалық, әлеуметтік, рухани жағынан және көптеген жетістіктерге жетті. Спорттың да орталығына айналды. Астана қаласы қазір Әл-Фараби кезінде айтылған ақылды қалаға айналған. Ауданымызға «Астана» атын берсек біздің кейінгі ұрпақ бұл қаладан үлгі алады. Сондықтан бүгінгі шешіп жатырған шешіміміз: екі ауданға «Алматы» және «Астана» атауларын беру туралы дұрыс болады деп сенемін. Осы ұсынысты сіздердің қолдауыңызға шақырамын.

«Нұр Отан партиясының АҚФ төрағасы – М.Әжібаев:

Председатель АГФ партии «Нұр Отан» – М.Ажибаев:

- Қадірменді Ақтөбеліктер! Алматы — қазақ елінің қазіргі оңтүстік Астанасы болған, ірі білім, ғылым өнер ордасы. Әр қазақ азаматы оқу-білім алған, өмір жолын бастаған үлкен мегополис. Алматы — бүкіл қазақ зиялы қауымы, ақындарға, жазушыларға қазақ интелегенциясының калыптасуына үлес қоскан, жүректеріне білімнің, ғылымның нәрін берген, өте әдемі Алатау баурайында орналасқан жасыл қала. Осыған орай, Қазақ поэзиясының іргесін қалаған ағаларымыздың бірі — Қасым Аманжолов былай жырлаған: «Бермесең бермей-ақ баспанаңды, сонда да тастамаспын астанамды, жүрегімнің жылуымен жылатармын үйімдегі әйелім мен жас баламды».Ал, енді Астана туралы өте көп айтуға болады. Астана — еліміздің жүрегі, ірі өнер, білім, ғылым орталығы, қазіргі таңда қазақ елін бүкіл дүниежүзіне мойындатқан қалалардың бірі. Биыл Астана қаласының 20 жылдығы. Сондықтан, Ақтөбе қаласын «Алматы, Астана» аудандарына бөлуді «Нұр Отан» партиясы бірауыздан қолдайды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе облысы бойынша сарапшысы– Н.Махамбетов:

         Эксперт национальной палаты предпринимателей «Атамекен» по Актюбинской области, депутат маслихата города Актобе – Н.Махамбетов:

-  Саламатсыздар ма, қала тұрғындары! Осы жақында, мен, Сазды ауылдық округінде кездесуде болдым. Ауылдық округ тұрғындарынан әр түрлі ұсыныстар келіп түсті. Батырлардың атын беруге де ұсыныстар түсті. Бірақ, бұл ұсыныс дұрыс емес деп ойлаймын. Қазір бір батырдың атын қойсақ, қалған батырлардың ұрпақтары қарсы болуы мүмкін. Мен осы аудандарға «Сазды» және «Елек» атауын беру ұсынысымен келіп отырмын.

Қалалық білім беру саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы — Л.Оралбаева:

Председатель городского профсоюза работников образования — Л.Оралбаева:

-  Саламатсыздарма, қадірменді қауым! Біздің қаланың тұрғындарының саны өте қарқынды өсіп келе жатыр. Күннен күнге қала өзгеріп көркейіп келеді. Оны кезекте тұрған балалардың санынан байқауға болады. Мемлекеттік оқу орындарының саны — 134, жеке білім беру мекемелері 21 санына жетті. Қала тұрғынының саны 400 мыңнан асып отыр, осыған орай медицина, білім саласы және ішкі істер қызметкерлерінің жұмысын күрделендіріп отыр. Біз, білім саласындағы қызметкерлер бірауыздан екі ауданның атын «Алматы» және «Астана» болу ұсынысын қолдап отырмыз.

Ақтөбе қаласының тұрғыны – А.Сарин:

Житель города Актобе – А.Сарин:

-  Бүгін үлкен мәселе қозғалып жатыр. Екі ауданға «Астана», «Алматы» аттары ұсынылып жатыр. Бұл қалалар біздің еліміздің туын тіккен жерлер. Дастандарда Ақтөбе туралы оқысақ «Қобда» өзені мен «Елек» өзені туралы айтылған. Мен ешкімге жалпақтамай, өзім ойымды білдіргім келеді. «Астана», «Алматы» деген атауларды қолдамаймын. Өзіміздің өңірімізге таныс, жақын «Елек» пен «Сазды» атауын берсе дұрыс деп ойлаймын.

Қалалық жастар ресурстық орталығы басшысы – Ж.Табылғанов: Руководитель городского молодежного ресурсного центра – Ж.Табылганов:

-       Саламатсыздар ма, құрметті жиынға қатысушылар. Соңғы 10 жылда қала тұрғындарының саны 477 мың адамға дейін өсті. Әр жылдары 2 мыңнан астам жаңа субъектілер ашылып қала тұрғындар құрылысының белсенді дамып байқалуда. Болашақта Ақтөбе агломерация орталығы миллион тұрғыны бар қала болады деп сенеміз. Мұнда шағын және орта бизнес белсенді түрде дамып келеді. Әр жылда 2000-нан астам жаңа бизнес субъектілері ашылады. Қалада тұрғын үй құрылысының белсенді дамуы байқалады. Соңғы бес жыл ішінде 2,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. «Батыс» және «Нұр-Ақтөбе» шағын аудандары салынды.Жоғарыда аталған екі аудандарға   тұрғын үй құрылысын дамуына байланысты, ауыл округтерінің дамыту инженер коммуникация инфрақұрылымдары бар. Бұл шағын және орта бизнестерге ықпал етеді. Біз, жастар, Ақтөбе қаласын екі ауданға бөлуді қолдаймыз.

Ақтөбе қаласының тұрғыны – К.Рамбев:

Житель города Актобе – К.Рамбев:

-       Біз барлығымыз бүгінгі тарихи отырысқа қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Бірақ, Астана мен Алматының өзінің орны бар оған ешкімнің дауы жоқ. «Астана» мен «Алматы» бренд болса, неге бізге «Елек» деген брендті шығармасқа? Неліктен біз қаламызға «Астана», «Алматы» деген атау беруміз керек? Мысалы, ертең Орал немесе Маңғыстау қаласы екі ауданға бөлінсе оларға да осы атаулар беріле ме? «Сазды» мен «Елек» деп атау берілсе дұрыс болады деп ойлаймын.

«Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Ғ.Байдербес:

Председатель общественного объединения «Қос шынар» — Г.Байдербес:

-  Құрметті ағайындар. Бүгін біздер тарихи сәтке тап болып отырмыз. Біріншіден, «Астана» деген атау беру дұрыс деп ойлаймын. Бұл — Ақтөбе қалалысының болашағы. Екі ауданға «Астана» мен «Алматы» атау беруін қолдаймын.

 

«Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға атау беруге байланысты ұсыныс енгізу туралы» тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдау қатысушылары дауыс берді:

«Жақтады» — 181

«Қарсы» — 56

«Қалыс қалған жоқ» — 0

Участники публичного слушания по учету мнения населения                                      «О внесении предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе» проголосовали:

«За» — 181

«Против» — 56

«Воздержался» — 0

 

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша қатысқандардың жалпы санының көпшілік даусымен Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға «Астана» және «Алматы» атауларын беру мақұлданды.

По итогам публичного слушания большинством голосов от общего числа присутствовавших, было одобрено внесение предложения о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе.

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

Постоянные комиссии маслихата города Актобе ПОСТАНОВИЛИ:

  1. Ақтөбе қаласының аумағында жаңадан құрылған екі ауданға «Астана» және «Алматы» атауларын беру бойынша қала халқының пікірі ескерілсін.
  2. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары– К.А.Айдархановаға:

Осы ұсыныс Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысын қабылдауға Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясына енгізілсін.

  1. Учесть мнения населения города о присвоении наименований вновь образованным двум районам на территории города Актобе – Астанинский и Алматинский.
  2. Заместителю акима города Актобе – Айдархановой К.А.:

Внести данное предложение на сессию маслихата города Актобе, для принятия совместного решения маслихата города Актобе и постановления акимата города Актобе.

 

 

Төрағалық етуші                                                                          С.Шынтасова