Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Ерлан Асқарұлы Тәтімов – № 22 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Фото

Тәтімов Ерлан Асқарұлы 1966 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары – 1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Институтты аяқтағаннан соң Ақтөбе қалалық клиникалық ауруханасының базасында травматология бойынша интернатураны өткен. Жоғары оқу орнына түскенге дейін Ақтөбе медициналық училищесін «Санитарлық фельдшер» мамандығы бойынша бітірген.

1985-1986 жылдар аралығында  эпидемиолог дәрігердің көмекшксі.

1986-1988жж. Совет Армиясы қатарынды борышын атқарды.

Өзінің еңбек жолын Ақтөбе облысының Қарабұтақ аудандық ауруханасының травматолог дәрігер,  жирургия бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

1997 жылдан 2000 жылға дейін Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық ауруханасында дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, 2001-2003 жылдар аралығында бас дәрігер қызметін атқарған.

2003 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық қан орталығының директоры болып тағайындалған, ал 2004 жылдан 2012 жылға дейін  №2  қалалық емханасының бас дәрігері.

2012 жылы «Дүние» Ақтөбе әлеуметтік-техникалық институтын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.

2012 жылдың қаңтар айында Ақтөбе облыстық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары, 2012 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалды.

2005 жылы «Денсаулық саласының менеджері» атағы беріледі.

Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы белсенді еңбегі үшін «Шапағат», «Қазақстан Республикасының

тәуелсіздігіне 10 жыл», Пиорогов атындағы медальдарымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған. «НұрОтан» партиясының  2003 жылдан бастап  мүшесі. Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті сайлаушылар!

2017 жылдың 29-шы қазанында шығып қалғандардың орнына  барлық деңгейдегі  мәслихаттар депутаттарының  сайлауы болады. Еліміздің, облысымыздың, қаламыздың әрі қарай қандай жолмен дамитындығы біздің әрқайсымызға байланысты. Ақтөбе қаласының тұрғыны ретінде мені қаламыздың проблемалары бей-жай қалдырмайды, сондықтан да сіздердің назарларыңызға  өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынғым келеді:

-Қалалық мәслихат сессияларында және оның тұрақты комиссияларының жұмыстарында өз округімдегі сайлаушылардың мүдделерін қорғайтын боламын.

-Өзімнің кәсіби тәжірибем мен іскерлік дағдыларымды Ақтөбе қаласының миллион тұрғыны бар қала мәртебесіне жетуіне бағытталған әлеуметтік-экономикалық үлгіде дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын орындауға жұмсаймын.

-Білім беру жүйесін дамытуға және жетілдіруге айрықша көңіл бөлемін. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбие беру 90%-ға дейін қамтылуына,  білім саласы құрылысының белсенді түрде жүргізілуіне қол жеткіземін.

-Сапалы білім алудың тең дәрежеде және барлығына қол жетімді болуына, қаламызда үш ауысымдық мектептерді және апатты жағдайдағы мектептерді болдырмауға жағдай жасаймын. Сонымен қатар жаңа мектептердің салынуына ықпал етемін. Жастарға кәсіби-техникалық білім берудің қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік туғызамын. Білім беру қызметкерлерінің жалақыларын жоғарылатуға қолдау жасаймын.

-Қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген түлектердің меншік нысанына қарамастан қала кәсіпорындарында қажетті практикалық білімдері мен бастапқы тәжірибелерін жинақтауына мүмкіндік бере отырып, «Жастар тәжірибесі»  бағдарламасын іске асыру жолымен жұмысқа орналастыруға жәрдем беремін.

-Қала тұрғындарының тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектермен және медициналық қызметпен тең дәрежедеде қамтамасыз етілуіне айрықша көңіл бөлемін.

-Тұрғындардың мейлінше осал қорғалған бөлігін: зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларды, балаларды, жастарды, аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды дамытуға айрықша көңіл бөлемін.

-Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (су құбырлары, жылу трассалары, энергиямен қамтамасыз ету) жұмысқа жарамдылық қалпын сақтап тұру, үй маңындағы аумақты көріктендіру үшін ПИК-ке жәрдем беремін. Өз округімнің көріктендіру, жолдарын жөндеу, жарықтандыру бойынша өзекті мәселелерін шешуге ыкпал етемін.

-Спорттық құрылымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, спорттық іс-шараларды қаржыландыруға және қазіргі заманғы спорт алаңдарын салуға бюджеттік қаржы көлемін көбейтуге қол жеткіземін.

-Достыққа, ұлтаралық келісім мен төзімділікті нығайтуға бағытталған ақпаратты-түсіндірмелік жұмыстарды белсенді және тұрақты түрде өткіземін.

-Жастардың қазақстандық патриотизмі мен рухани адамгершілік тәрбиесін үнеми назарда устаймын.

Біздің басты жетістігіміз  – ел Тауелсіздігі!

Біздің идеямыз – Казақстанды өркендету!

Біздің саяси идеалымыз – Елбасы!

Менің бағдарламамның мақсаты – халық сенімін нақты істермен ақтау!