Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Айнұр Қайсарқызы Бақтығалиева – № 17 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

photofacefun_com_1516102465

Бақтығалиева Айнұр Қайсарқызы 1981 жылы 20 сәуірде Атырау облысы Индер поселкесінде дүниеге келген.
Жоғары білімі – экономист. Қазіргі уақытта AlmaU Алматы менеджмент Университетінде магистратура бөлімінің бағдарламасын тыңдаушы.
Өзінің еңбек қызметін 1999 жылы Атырау қаласындағы «Свифт Текникал Сервисез» компаниясының филиалында бастаған.
2001-2004 жылдары «Болашақ Атырау» ЖШС директоры қызметін атқарды. Компанияның жұмыс бағыты ТШО және Аджип компанияларының жобаларына қазақстандық және шетелдік қызметкерлерді тарту, жалдауға негізделген. 2004 жылдан бастап жолдасымен бірге отбасылық кәсіпкерлікті басқарады. Кәсіпкерлік экономиканың басты үш бағытына негізделген: ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, тігін шеберханасы.
Ақтөбе қаласындағы «Нұр Отан» партиясының  филиалының мүшесі, «НұрОтан» саяси партиясының мүшесі, Қазақстан кәсіпкер әйелдер қоғамының мүшесі, тұрмыста, төрт балалы.

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өзімнің басты мақсатым Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанымызды көркейту деп есептеймін. Бірінші кезекке саяси тұрақтылықты сақтауды, ұлтаралық келісім мен әрбір қазақстандықтың жеке тұлғасының құрметтеу мен бостандығын қадірлеуді қоямын.
Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне арналған Елбасының саясатын қолдап, «Қазақстан – 2050» стратегиясының, «Нұрлы жол» бағдарламасының, «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының бес институциялық реформасының жүзеге асуына атсалысамын.

Менің сайлауалды бағдарламамда төмендегідей сұрақтарды қамтылады:

Қалалық агломерацияны, қаланың  инфрақұрылымын дамыту, аулалық территория жайлылығын қалыптастыру, өз уақытында жөндеуден өтуі мен көгалдандыру мәселесі бойынша жұмыстар атқару.
Балалар спорт алаңын, мәдени нысандар, велосипед жолдарын жасақтау арқылы жастар мен балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, сол арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мен тұрғындарды жаппай спортқа баулу, шығармашылық белсенділікке шақыру.
Жастар ‑ біздің болашағымыз.Олардың қалыптасуы біздің тарбиеміз бен бозбала шағында берген өнегемізге тікелей байланысты. Оның денсаулығы, білімі, патриоттық сезімі, туған жерге сүйіспеншілігі, ұрпақты тәрбиелеуі мен үлкенге құрметі біз арқылы қалыптасады. Біздің тарапымыздан оларға түсініспеншілік пен қолдау қажет. Біз жастардың ауылда қалып, жұмыс жасауы, құрылыспен айналысуы, ұрпақ тәрбиелеуіне  жағдай жасауымыз керек.
Өз жұмысымды жастардың әлеуметтік қабілетінің ашылуын ықпал ету үшін жастар мен жас кәсіпкерлерге, кәсібін жаңа бастаушыларға қолымнан келгенінше қолдау мен көмек көрсетуге тырысамын. Бар күш‑жігерімді қаланың жастарына рухани, патриоттық тәрбие беруге, спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, еріктілер жұмысын  жандандыруға арнаймын. Өмір тәжірибесін жинап, өзінен үлкен мамандардан жақсы қасиеттерді меңгеру қабілетінің қалыптасуына ықпал етемін. Қоғамның елеусіз, қараусыз қалған тұрғындарын тартуға тырысамын.
«2017-2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлік және өнімді еңбекпен қамтуды дамуты» мемлекеттік бағдарламасы, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Кәсіпкерліктің жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында жан‑жақты көмек көрсетемін. Тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында жұмыс түрінің барлық формасын қолдану арқылы соғыс ардагерлері, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, мүгедек балаларға, жетім балаларға көмек көрсетемін.
Ақтөбе қаласының тұрғыны ретінде мен қаламыздың тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруды мақсат тұтамын. Білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау орындарына материалды‑техникалық базасын толықтыру мақсатында бюджеттік көмек алуға ұмтыламын. Денсаулық сақтау қызметкерлері мен медициналық көмекке мұқтаж жандарға жан‑жақты жағдай жасауды көздеймін.
Сумен қамту мен жол жөндеу және көшелерді жарықтандырумен шұғылданамын.
Менің депутат болып сайланған жағдайдағы міндетім ‑ мені сайлаушылар және мемлекет басшыларымен бірлесіп, бүгінгі маңызды мәселелерді шешу болып табылады.
Құрметті сайлаушылар, облыс, республика, ел және қала болашағына енжар қарамаңыздар! Сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз! Есіңізде болсын, еңбекке қабілетті, шебер, қуатты, Сіз және ел үшін жұмыс жасайтын адамға дауыс беру арқылы Сіз өзіңіз  және ұрпақтарыңыздың болашағына сенімді боласыз!

«Нұр Отан» партиясының ұранын қолдаймын! Болашаққа бізбен бірге барыңыз!

 «ҚАЗАҚСТАН 2021: БІРЛІК. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ»