Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Юрий Владимирович Гончаров – № 13 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

photofacefun_com_1516099403  Гончаров Юрий Владимирович 1978 жылы 4 шілде айында Ақтөбеде дүниеге келген. Білімі жоғары. № 26 орта мектепте оқыған. «Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу» мамандығы бойынша Ақтөбе мұнай және газ колледжін бітірді. «Технологиялық үрдістердің жүйелерді автоматтандыру» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.
2004 жылдан 2016 жылға дейін «КазТрансГазАймақ» АҚ АФ жетекші маман болып жасаған.
2009 жылдан бастап, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының басшысы болған.
2011 жылда кезектен тыс ҚР президенті сайлауында Н.Ә.Назарбаев кандидатының сенімді өкілі болды. Қазіргі кезде Ақтөбе қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Бірнеше рет сессия отырысында өзекті мәселелерді талқылау барысында сөз сөйлеп, нақты ұсыныстар енгізуге үлес қосқан. Белсенді спорт түрлерімен шұғылданады. Блогер болып, жалпықалалық іс-шараларға белсене қатысады.
2017 жылы журналистика күніне орай «Ақтөбе қаласының үздік блогері» Ақтөбе облысы әкімі мадақтамасымен марапатталды.

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Егер мен қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланып, сайлаушыларға жауапкершілік пен міндет сезімін білдіретін болсам, олардың мүдделері бойынша ғана басшылық етемін:

Ю.Гончаровтың бағдарлама және міндеттері:

- Аудан тұрғындарымен үнемі байланыста болу, тұрғындардың әр арыз-шағымын және аппеляциясын мұқият тексеріп, апта сайын келушілерді жеке қабылдауды қамтамасыз ету, өтініштер бойынша қабылданған шаралар туралы тоқсан сайын есеп беріп, адамдарға зиян келтіретін барлық проблемаларды шешу;
- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы басқарушы компаниялардың жұмысын қадағалау, осы салада тиімділікке және әділеттілікке жету!
-  Аудан әкімшілігімен техникалық қызмет көрсету мен құрылыста: үйлерге, жолдарға, жергілікті жерлерге, көшелерді жарықтандыруға, спорттық және балалар ойын алаңдарына белсенді түрде араласу;
- Аудан жастарының рухани-патриоттық тәрбиесіндегі спортты дамытуда, салауатты өмір салтын тәрбиелеуде, жоғары рухани әлеуеті бар қоғамды дамытуда барлық күш-жігер жұмсау;
- Әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету;
- Қоғамдағы тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету;
- Қарт адамдарға, көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және мүгедектерге арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
- Өз сайлаушыларының құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қорғау;
- Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласына сәйкес, әрбір қазақстандық білімнің болашақта табыстың ең іргелі факторы екенін түсінуі керек. Жастар басымдықтары жүйесінде білім бірінші сан болуы керек. Егер құндылық жүйесінде білім негізгі құндылыққа айналса, ұлт табысты болады.
-  Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі ретінде дене шынықтыру мен спортты, әсіресе жастар арасында дамытуды насихаттау және материалдық қолдау;
- Жолдарды жөндеу, ауылдарды сауықтыру, көшелерді жарықтандыру мәселелері бойынша мәслихат пен атқарушы биліктің тығыз қарым-қатынаста болу;
- Ауданда және қалада экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу.