Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Аманбай Смайелұлы Сакиев – № 11 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Сакиев  Аманбай Смайелұлы Сакиев 1964 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Екі жоғары білім. 1985 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын бітірді. Сонымен қатар, экономика мамандығы бойынша  Алматы экономика және статистика институтын бітірді.

1985 – 1987 жылдары Кеңес әскерінің қатарында мерзімді әскери қызмет өтті.

1988 жылы сәуір айнын бастап Шилісай фосфоритті кенішінде электрослесарь болып өз еңбек жолын бастаған.

1988 – 1988 жылдары Калинин атындағы колхозында инженер-электрик болып жұмыс атқарған.

1990 жылдың қаңтардан бастап 1996 жылдың қаңтарына дейін – “Госэнергонадзор” энергоинспекциясының инспекторы.

1996 – 1999 жылдары “Госэнергонадзор” энергоинспекциясы тобының басшысы.

1999 жылдың ақпаннан 2003 жылдың маусымына дейін – өткізу департаменті директорының орынбасары, қосалқы станция қызметінің бастығы, Бірінші Вице-Президентінің орынбасары, “Ақтөбеэнерго” ААҚ техника жағынан директоры.

2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін – “Энерготехмонтаж XXI” ЖШС қаржы директоры.

2005 жылдың қыркүйектен бастап 2010 жылдың қазанға дейін – Мемелекеттік энергетика қадағалау Комитетінің Батыс аумағының бастығы, Мемелекеттік энергетика қадағалау Комитетінің Ақтөбе облысындағы аумақтық инспекцияның басшысы.

2013 – 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің мемлекеттік энергетика қадағалау Комитетінің  аумақтық бөлімшелерді мониторинг және үйлестіру басқармасының басшысы.

2015 – 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы инвестиция және даму Министрлігі индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы.

Қазіргі танда – “Трансэнерго” АҚ Басқарма Төрағасы.

Құрметті атақтар:

-Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетик;

- Ақтөбе облысының жыл адамы (2011 жылы);

- Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министрінің құрмет грамотасы.

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Халыққа дерексіз ойлар емес, әйгілі ақиқаттар қажет» – бұл, француз қаламгер Антуан Ривольдің қызық пікірі.  Бүгін, біздің  елімізге тікелей әсер ететін геосаясаттық және сыртқы экономикалық ақиқат кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты сөзсіз және әйгілі аксиома болып табылады.  Оның барлық бағдарламалары («Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: ғаламдық бәсеке жарамдылығы», және «Қазақстан жаңа ғаламдық шындығында», және «Нұрлы Жол-Болашаққа бастар жол», және «Қазақстандық жол – 2050», және «100 нақты қадам» Ұлттың жоспары) – жай айқын, заманауи ақиқатта жете талқыланған іс-әрекет жоспары ғана емес – бұл «болашақ инфрақұрылымына ауқымды инвестициялары, бұл жұмыс орындары, қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатын сақтау, олардың тұрақты болашақта сенімділігі». Ал бізге, еліміздің азаматтарына не керек? Елбасының барлық бағдарламалары тармақтарының  орындалуы керек.  Сондықтан мен, қалалық мәслихат депутаттығы сайлауында өз кандидатурамды ұсынуын шештім, біздің қаламызда Елбасының қойылған барлық мақсаттары мен тапсырмаларын  белсенді жүзеге асыруын қажет деп санаймын. Егер, 11 сайлау округінің сайлаушылары менің ойымды қолдаса, онда мен, олардың дауыстарына сүйеніп, қалалық мәслихаттың депутаты бола тұра, олар үшін көп және сүйікті қаламыз «ақ төбенің» үйлесімді әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін істей аламын. Бұл үшін келесі сайлау алдындағы бағдарламаны ұсынамын:

-         Бірінші кезекте, азаматтардың өмірі негіз ретінде, Конституцияны сақтау;

-         «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: ғаламдық бәсеке жарамдылығы» бағдарламасын жүзеге асыру;

-         «Қазақстан жаңа ғаламдық шындығында: өсу, реформалар, даму» бағдарламасын жүзеге асыру үшін насихаттау және  күш салу;

-         Сондай-ақ,  ТКШ инфрақұрылымының, сумен және жылумен жабдықтауының жаңғыртуы және инженерлік коммуникациялардың дамуына инвестицияларды тарту туралы төртінші тармағында айтылған, «Нұрлы-жол – Болашаққа Бастар жол» бағдарламасын жүзеге асыру;

-         Энергиямен жабдықтау сенімділігінің арттыруы туралы 51 және 52 тармақтарында айтылған «100 нақты қадам» Ұлттың жоспарын жүзеге асыру;

-         Ақтөбе қаласында әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары қарқынын қолдау;

-         «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру жолымен жастардың жұмысқа орналасуымен жәрдемдесу, қажетті практикалық білім және бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін ұсынумен;

-         Аз қамтылған азаматтарды, зейнеткерлерді, ана мен балалықты әлеуметтік қолдау, мұқтаждарға және мүгедектерге деген қамқорлық;

-         Ақтөбе қаласының жылумен жабдықтау жүйесіне инновациялық технологияларын енгізу арқылы қызмет сапасын жақсарту;

-         Ақтөбе қаласында жылыту маусымының жаңылусыз және апат жағдайларынсыз өтуі.

Елбасы өзінің бір сөзінде «Өз бірлігімен мықты, өз еңбегімен қуанышты, өз жұртымен тату болған ел ғана бақытты және жақсы өмір сүреді» деп айтқан, осы сөздер есте қалды. Мен – лайықты өмір сүру үшін! Егер Сіз сол бағытты ұстансаңыз, онда біз сізбен бір бағыттамыз! Барлық күшімізді салып, біздің қаламызды әлеуметтік және экономикалық жоспарда көркеюші және дамыған облыстық орталығына айналдырайық! Тыс қалмаңыз, өйткені сіздің азаматтық ұстанымыңыз өте маңызды! Бұл жай ғана сөздер емес… Қаланың әл-ауқаты Сіздің дауысыңызға байланысты! Өз таңдауыңызды жасаңыз және де ол дұрыс болсын!