Сайт
маслихата города Актобе

ПРЕСС-РЕЛИЗ!

Опубликовано: 11.12.2017

 

glashatayҚР Бюджет Кодексінің 78 бабына сәйкес, бюджет жобасы алдын ала қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында қаралуы тиіс. Осыған орай, ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында «2018-2020 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының индустриялық даму, инфрақұрылым және тұрғын-үйкоммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.

«2018-2020 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеттік жобасы мен жоспары» бойынша баяндама жасағандар:
«Ақтөбе қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ;
«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
«Ақтөбе қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ;

«Ақтөбе қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ.

Комиссия жұмысына мәслихат хатшысы С.Шинтасова, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары, тұрақты комиссияның мүшелері, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.

«Ақтөбе қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2018 жылға арналған бюджеті 1 359 806,0 мың теңге мөлшерінде анықталып, 9 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылады.

«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің 2018 жылға арналған бюджеті 517 317,0 мың теңге мөлшерінде анықталып, 16 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылады.

«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2018 жылға арналған бюджеті 129 040,0 мың теңге мөлшерінде анықталып, 3 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылады.

«Ақтөбе қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің 2018 жылға арналған бюджеті 4 681 911,0  мың теңге мөлшерінде анықталып, 13 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылады.    «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің 2018 жылға арналған бюджеті 19 424,0  мың теңге мөлшерінде анықталып, 3 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылады.

Ашықтылық, айқындық және қол жетімділік мақсатында қаралған бюджет материалдарын Ақтөбе қалалық маслихатының maslihataktobe.kz. сайтынан және Instagram maslihataktobe әлеуметтік желісі арқылы қарауға болады.

Баспасөз парағына 2017-2018 жылдарға арналған бюджеттік жобаның түсіндірме жазбасы,  бюджеттің кіріс және шығыс салыстырмалы кестесі қосымша ұсынылады.