Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Гринберг Владимир Феликсович – №20 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

гринберг 1Гринберг Владимир Феликсович  20 сәуір 1955 жылы  дүниеге келді.1972 жылы  Қостанай қаласының № 8 орта мектебін бітірді.

1977 жылы Қарағанды  политехникалық институтын бітірді. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін бітірді.

1997 жылдың қазан айынан бастап 1994 жылдың қыркүйек айы бойынша «Запказгеология» ӨГБ геофизик, отряд бастығы, аға геофизик, Сағыз партиясының бастығы, Орталық партия бастығы, орталық зертхана бастығы қызметтерінде жұмыс жасады.

1994 жылдың қыркүйек айынан бастап 1995 жылдың қыркүйек айы бойынша «Электродсервис» ЖШС директоры, 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылдың қаңтар айы бойынша – «Каир ЛТД» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды, 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап  қазіргі уақытта дейін – «Каир Трэйд» ЖШС бас директоры болып қызмет етеді.

Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Қымбатты жерлестер!

20 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық деңдейдегі мәслихаттарға сайлау болады.

Сайлауға қатыса отырып, саналы және салмақты түрде таңдау жасай отырып, біз өз болашағымызды айқындаймыз. Менің қалалық мәслихатқа үміткер ретінде қатысу туралы шешімім өз білімім мен өмірлік тәжірибемді біздің қаланың тұрғындарының өмірін жақсартуға күш салу, маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға тырысудан туған ой.

Менің бар өмірім сүйікті қаламмен байланысты, тұрғындарды толғандыратын проблемалар да маған мәлім. Менің бағдарламамдағы ең басты мән – азамат, адам, оның отбасы туралы қамқорлық;

Біздің Республикамыздың мол жетістіктерге жетуінің ең басты факторы «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы -  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағыты  деп санаймын.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі бола отырып, мен негізгі ережесі «Бірлік! Тұрақтылық!Жасампаздық!» болып танылған партияның саяси бағдарламасын қолдаймын.

Партияның сайлауалды платформасын негізге ала отырып; мен өз сайлаушыларымның мүдделерін ұстанамын, өз жұмысымды қаланың ең маңызды деген проблемаларын шешуге жұмылдырамын!

- Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

  • берекелі отбасы – мемлекет негізі;
  • жастарға – сапалы тегін білім, еңбекпен қамту;
  • зейнеткерлерге – қамсыз қарттық;
  • білікті маманға – жоғары ақы төленетін жұмыс;
  • қол жетімді тұрғын жай құрылысының көлемін арттыру;
  • аулаларды, көшелерді аббаттандыру;
  • кәсіпкерліктің түрлі нышандарын дамыту;
  • салық жүйесін ықшамдау және оның жүктемесін азайту;
  • тегін және сапалы, барлық адамдарға қолжетімді медицина; әр отбасына – сапалы коммуналдық қызмет үшін қолдан келерлік төлемақы;

.  Депутаттың ең басты міндеті – өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау!

Қымбатты жерлестер! Бұл тізбе біздің кездесулеріміздің барысында сіздерден келіп түсетін сіздердің ұсыныстарыңызбен толықтырылатын болады.

Сөзімнің соңында баршаңызға ашық аспан, береке-бірлік, бақыт, молшылық пен махаббат тілегім келеді. Және мен, біздердің бірлесіп, біздің өмірімізді бұдан да жақсырақ, ал әлемді мейірімдірек ете алатындығымызға сенімім мол екендігін айтқым келеді.

Қолдау көрсеткендеріңізге алғысым шексіз және бар жақсылықты тілеймін сіздерге, достарым!