Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

319 шешім “Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы “

Опубликовано: 19.03.2015

Ақтөбе қаласының ауылдық

елді мекендерінде тұратын және жұмыс

істейтін мемлекеттік ұйымдарының

мамандарына отын сатып алу үшін

әлеуметтік көмек беру туралы

                                                                                      

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                      №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару           және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 – бабының         5 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек берілсін.
  2. Осы шешім оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе қалалық                                                          Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                               мәслихатының хатшысы

 

                               И. Назарбаев                                                  С. Шынтасова