Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Опубликовано: 28.01.2015

   23.12.2014 ж.     284

 

Ақтөбе қаласы бойынша

коммуналдық қалдықтардың

пайда болу және жинақталу

нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару            және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                           23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының             2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабының           1) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы                22 қарашадағы №1370 «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу                  және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтар пайда болу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе қалалық                                                             Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                                 мәслихатының хатшысы

 

И. Назарбаев                                                  С. Шынтасова

 

 

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының

2014 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 284 шешіміне қосымша

 

 

Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

 

Нысан атауы Есептеу бірлігі Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық жинақталу нормасы, м3
орташа жылдық
Жайлы тұрғын үйлер 1 тұрғын 2,01
Жайлы емес тұрғын үйлер 1 тұрғын 2,3
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 0,94
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1,1
Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,76
Емханалар 1 қабылдау 0,17
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 керует-орын 1,35
Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары 1 оқушы 0,28
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтандыру мекемелері 1 орын 1,65
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары 1 орын 0,49
Мұражайлар, көрмелер 1 м2 жалпы аудан 0,09
Стадиондар, спорт алаңдары 1 орын жоба бойынша 0,13
Азық-түлік дүкендері және

өнеркәсіп тауарлары дүкендері, супермаркеттер

1 м2 сауда алаңы 0,75
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер 1 м2 сауда орыны

 

0,38
Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлардың қоймалары, көтерме базалары 1 м2 сауда алаңы 0,37
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар 1 м2 жалпы ауданы 0,57
Дәріханалар 1 м2 сауда алаңы 0,66
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 7,12
Автошеберханалар 1 жұмысшы 2,12
Гараж кооперативтері 1 гаражға 0,18
Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,78
Зергерлік, аяқ-киім, сағаттарды жөндеу шеберханалары 1 м2 жалпы алаңы 0,86
Моншалар, сауналар 1 м2 жалпы алаңы 0,82