Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Қайрат Аманғосұлы Төлеуов – №21 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Тулеуов1Тулеуов  Кайрат Амангосович1977 жылы 26. қазанда Ақтөбе облысы Ленин ауданы Велиховка селосында туылған, Қазақстан Республикасының азаматы.

1994 жылы Ленин ауданындағы Сазды орта мектебінде оқып бітірген.

Жоғары білімді, 2000 жылы М.Омпанов атындағы Ақтөбе Медициналық Академиясын бітірген. Мамандығы: «Емдеу ісі». 2004 жылы ҚазҰЮА бітірген. Мамандығы: «Құқықтану».

Еңбек қызметін 2000 жылы жеке кәсіпкер ретінде бастаған.

2003-2007 жж «Атамекен» АШ басшысы.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытта «Атамекен нан – 2000» ЖШС директоры.

Үйленген, 2 баласы бар.

2007 жылы «Қарғалы ауданының үздік кәсіпкері» дипломымен марапатталған.

2007 жылы «Ақтөбе облысының үздік кәсіпкері» дипломымен марапатталған.

2007 жылы Индустрия және сауда министрлігінен «Қазақстан Республикасының үздік кәсіпкері» дипломымен марапатталған.

2011 жылы «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына» медальмен марапатталған.

2011 жылы қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Ақтөбе қаласының әкімі А.Б.Мухамбетовтан дипломмен марапатталған.

2011 жылы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтан «Алғыс хатпен» марапатталған.

Сайлауалды бағдарламасы

№21 сайлау округі тұрғындарының әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін және инженерлік инфрақұрылымын дамыту проблемаларын шешу қалалық мәслихат депутаттығына  ретінде айналысатын негізгі міндеттердің бірі деп санаймын:

1.Тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары төмендеу топтарына құқықтық, әлеуметтік жәрдем алу мәселелері жағынан көмек көрсету.

2.Орта және шағын кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарын дамытуға ықпал ету.

3.Жаңақоныс, Қурайлы, Құрашасай, Өрлеу селолары мен жалпы Ақтөбе қаласының дамуына әсер ететін әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.

4.Жас мамандардың жергілікті атқару органдары арқылы жұмысқа орналасуларына ықпал ету.

5.Жалпы әлеуметтік мәселелерді, сонымен бірге мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар мәселелерін, мәдениет және денсаулық сақтау мәселелерін шешуде (үнемі)  жетекшілік ету.