Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Мұратбай Құттымұратұлы Әжібаев – №23 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Ажибаев 2Мұратбай Құттымұратұлы Әжібаев  Қызылорда облысы, Қазіргі Айтеке Би ауданы. Қазалы қаласында 1964 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

1981-1992 жылдар аралығында Алматы Сәулет – Құрылыс иснтитуты, КАЗ  ГАУ және Д.Қонаев атындағы Гуманитарлық Заң Университетін бітірген. Мамандығы – Заңгер, экономист.

1984-1986 жылдары Кеңес Армиясының қатарыңда болған.

1987-1994 жылдар аралығында Алматы қаласы ГосНИИсредаз ғылыми инстутутында – инженер экономист, бас маман болып кызмет атқарған.

1995-2002 жылдар аралығында прокуратура, Ақтөбе облысы қаржы полициясыңда, Ақтөбе облысы кеден комитеті саласында қызмет атқарған.

2003-2010 жылдары «Ақтөбе облысы кәсіпкерлік және жұмыс берушілер одағы» Заң орталығының бас директоры қызметін атқарды. Заң ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі.

2010 жылдан бастап қазіргі таңда, «Индор Медиа Групп» ЖШС және «Ай-Би» жеке шаруа қожалығының – бас директоры болып кызмет жасап келеді. «Нұр Отан» партиясыныі мүшесі. Үйленген.  Екі баланың әкесі.  Үш немересінің Атасы.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Қымбатты  жерлестер!

Біз – Бір отбасымыз! Отанымыз да бір! «Қазақстан тағдыры-әрбіріміздің тағдырымыз»-деп, Президентіміз тауып айтқан.

Біз, Түрлі ұлт өкілі іргеміз бір, мықты мемлекет құрудамыз, соның кепілі тәуелсіздік алған жылдары ең ауыр деген сынақтардан өте білдік, және де бүгінгі таңда айқын даму жолында нық аяққа тұрдық.

Елбасымыз Қазақстандықтар алдына үлкен тапсырмалар қоюда, оларды жүзеге асыру біздің тарапымыздан уақыттың кезекті қажеттілігіне дұрыс тойтарыс болып табылмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясат  «Нұрлы жол» бағдарламасын  еңгізді, жаңа экономикалық дамудың негізгі болып табылатын бес жаңа институттық өзгерістерді көрсетті.

Ішкі ірі көлемдегі тапсырмалардың бірі жаңа тарих тармағында ұлттар бірлігін нығайту екенін Президентіміз қайта мәлімдеді, себебі қоғамымыздың жанжақтылығы біздің әлсіз емес, ол біздің-мықтылығымыз! Және біз еліміздің болашағы үшін «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық жобасы жолында барлығымыз бір жауапкершілікті сезінуіміз керек.

Біздің әл-ауқатымыздың негізі осыған келіп тіреледі. Елбасы ұсынған ұлт жоспары еліміздің тұтастығы мен бірлігі үшін барлық азаматтық қоғамды жаңғырту мәселесін сипаттайтын мемлекет құрылысы жолындағы нақты 100 қадамнан тұрады. Әрбір Қазақстан азаматының міндеті-осы өзгерістерді іске асыруға қатысу.

Мен, Ақтөбе қаласы маслихатының депутаттығына үміткер ретінде өзімнің сайлау алды бағдарламамда құрылымды жұмысқа және барлық билік саласы өкілдерінің өзара әрекеттестігіне басты назар аударамын.

Жергілікті басқару жүйесінің және өзін-өзі басқаруды нығайту.

Маскүнемдік, нашақорлықпен, қылмыспен және басқа да қоғамға қайшы әрекеттермен күресу.

Экономиканың инновациялық дамуы, ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерінің негізінде еңбекші адам қажеттілігін барынша толыққанды қанағаттандыру.

Алдағы уақытта ресурс үнемделетін, энергиялық тиімді технологияларды енгізу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды дамыту, экологияны қалпына келтіру және табиғатты дұрыс пайдалану.

Тұрғын үй құрылыстары қарқынын арттыру.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету, қоғамдық көлік, әлеуметтік маңызды тауарлар және азық-түлік бағаларын мемлекет тарапынан реттеу.

Ақтөбе – кәсіпкерлік пен инвестицияға ыңғайлы қала.

Халықтың ақшалай табысын шынайы көбейту.

Халық өмірінің деңгейін, сапасын тұрақты түрде жоғарылатуға бағытталған әділ әлеуметтік саясатты жүргізу.

Адамның өзін-өзі жүзеге асыру, соның ішінде кәсіби іскерлігін дамытуға оңтайлы жағдай жасау.

Әлеуметтік қажеттіліктерге мемлекеттік денсаулық сақтау және білім беру, жұмыс істейтін адамдарды, отбасыларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, жас мамандарды, оқитын жастарды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуге арналған бюджет шығынын арттыру.

Медициналық қызметтің сапалылығын және қолжетімділігін арттыру.

Балалар мен жастардың дамуына, олардың оқуы, демалуы, патриоттық рухты және халықтар достығына тәрбиелеуге жағдай жасау.

Қарт азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу.

Білім беру және шығармашылық қызметке, дене шынықтыру мен спортқа арналған әлеуметтік инфрақұрылымды және материалды-техникалық негізді арттыру.

Әрбір адамның физикалық және рухани тұрғыда дамуына жағдай жасау.

Салауатты өмір салтын насихаттау.

Аулаларымызда тазалық пен жайлылық.