Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Искандер Серікбайұлы Назарбаев – №16 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

назарбаев 1 Искандер Серікбайұлы Назарбаев 1979 жылы 8-ші қаңтарда Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келді.  Ақтөбе қаласындағы № 12 жалпы білім беру орта мектебін бітіріп шықты. Мектеп бітірген соң 1995 жылы Санкт – Петербург қаласындағы Мемлекеттік Техникалық Университетке оқуға түсті. 1996 жылы отбасы жағдайына байланысты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік ортадағы экономист» мамандығына ауысты.

Ескендір Серікбайұлы 2000 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтына (ҚМЭБИ) оқуға түсті. Оқу барысында жақсы үлгерімі үшін Сорос Қорының грантты-стипендиясымен марапатталды.  «Бизнес-статистика» пәні бойынша штаттық емес кіші мұғалім болып қызмет жасады. ҚМЭБИ бітіргеннен кейін «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандығын иемденді.

2002 жылдың қыркүйек айынан бастап 3 жыл бойына «Аджип ККО» мемлекетаралық мұнай компаниясында жұмыс жасады. Жұмыс барасында мансабы кадр бөлімінің ассистентінен компанияның кіші қаржылық аналитигіне дейін жоғарылады.

2006 жылы Ақтөбе қаласындағы «Әйгерім» жеке емханасының директоры болып тағайындалған. Компанияны дамытудағы жеткен жетістіктері үшін 2009 жылы «Әйгерім» емханасының бас директоры болып тағайындалды.

2007 жылы «Нұр Отан» партиясына мүшелікке енді. 2008 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының партиялық кеңес мүшесі болып табылады. V және VІ шақырылымдарының Ақтөбе қалалық маслихатының депутаты.

2012 жылы ОЮЛ «Медициналық компаниялардың Қазақстандық Ассоциациясы» президенті болып тағайындалды.

Қаланың әлеуметтік өміріне белсенді араласып, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттайтын «Жаңа Толқын Ақтөбе» қоғамдық бірлестігін басқарады.

Сайлауалды бағдарламасы

Ардақты сайлаушылар!

Қымбатты жерлестер!

Біздің ата-бабаларымыздың мың жылдық арманы – ол Мәңгілік Ел болу. Бұл арман ертеңгі күні мемлекетіміздің әлеуетті күшті мемлекет болатытына ертеңгі күні ұрпақтарымыздың сенімді қарауы үшін керек.

Өткен онжылдықтарда Отанымыздың ірге тасын нық бекіттік. Бұл тек бастамасы ғана. Біз тез дамып және үлкен жетістіктерге жетуіміз керек. Ұлт Көшбасшысы бізді осыған жетуге шақырады. Біз еліміздің басшылық құрылымдарының нығаюына қажетті шараларды қолдауымыз қажет. Әр қазақстандықтың борышы – ұлт Көшбасшысының инициативасын қолдап, сонымен қатар өздерінің белгілі бір істері арқылы қазақстандықтардың арманы – Қазақстанды дүниежүзіндегі ең дамыған 30 мемлекеттердің қатарына жеткізу.

«Нұр Отан» партиясының бағдарламасы «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталғаны бекер емес. Менің пікірім бойынша, қандай да партия электоральдық кампанияларға қатысса да, олардың бәрі алдына бір ғана мақсат қоюы керек – ол бізідің Қазақстанның көркеюі.

Елбасымыздың басшылығының арқасында қашанда ілгері қадам жасап келеді. Ел басы осыдан бірнеше жыл бұрын «қиын онжылдық» болатының ескерген болатын. Мұнай құны көтерілген кезеңдерінде және оның өсу темпі жоғарлағанда, бәрі соған масайрағанда,  Елбасы елімізді халықтық қордағы мұнай кірістерін шоғырландыруға, индустриялық – инновациялық дамудың стратегияларын қабылдауға, ғылымда, білім беруде, медицинада реформалар қабылдауды бағыттады. Осының бәрі жаңа масштабтарды қамтып және ұлттық «100 нақты қадам» жоспарының шегінде бүгінгі күні жүзеге асырылып тәжірибеде қолданылуда.

Бүгінде Қазақстанға жаңа сынақтан өтуге тура келеді. Нақ осы кезеңде біз анық жоспарымыздың әрекетіне кіруіміз, өзіміздің дамуымызды болжап білуіміз, ол тек белгіленген жоспарымыздың іс жүзінде қалай орындалуына байланысты. Сондықтан қалай болғанда да қазақстандықтарды біріктіріп, анық алға қойған мақсат – міндеттердің орындалуы үшін ұлттық күш-қуатты шоғырландыруымыз керек.

Кез келген ұлт үшін сайлау – бұл есейіп – жетілу емтиханы. Біз қоғамымыздың орасан зор жетіліп жаңаруының табалдырығында тұрмыз. Біз, өзіміздің қазақстандықтардың арманына тура жолмен жүріп келеміз. Ал, дағдарыстар  – бұл кез-келген ашық экономикалық модельдердің табиғи күйі. Дағдарыс біздің реформаларымызды тек нақтылайды, бірақ тоқтатуға күші жетпейді.

Дағдарыстар әрі қарата дамуға дұрыс түсінік болмағанда ғана тереңдей түседі. Ал, Қазақстанның анық алгоритмді әрекеті бар: «Ұлт жоспары», «Нұрлы жол» бағдарламасы, индустрия-инновациялық дамудың мемлекеттк бағдарламасы – осы барлық стратегиялардың жүзеге асырылуы, еліміздің өз дәрежесінде қандай да болмасын қиын дағдарыстан шығуына жәрдемдеседі.

Сайлау бағдарламасының басты мақсаты ол – елімізде экономиканың дамуын бірлігімізбен келісімнің негізінде, Қазақстан қалқына көмектесіп, өмірінің сапасын жақсарту. Мен өзім алған жауапкершілікті толығымен сезіне отырып, барлық қиындықтармен күресе алатындығыма сенімдімін.

Бағдарламаның алдыңғы бағыттары мыналар:

1.Қаланың инфрақұрылысын жаңғырту

  • Жаяу жүргінші жолымен аулааралық көлік жолдарын қаражаттандыруға әрекет жасауды қолдау;
  • Пәтер иелерінің кооперативтерінің құрал-жабдықтарын көзделген мақсатқа қолдануларын бақылау;
  • Кәсіпкерлерге көмектесу және олардың әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын көтеру;
  • Көшелер мен аулаларды жарықтандыру, әсіресе қаланың шеткі аудандарын қоса алғанда;
  • Қоғамдық көліктердің аялдамасы кешендерінің тазалығы мен тәртібінің сақталуын қолдау;

 2.Әлеуметтік жағдай жасау

  • Балалардың ауладағы алаңшаларын жаңалау;
  • Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қабылдау процедураларының дұрыс жүргізілуін қадағалау. Арнаулы сайт арқылы кезекте тұрған балаларды анықтау;
  • Дәрігерлердің жұмысын және ана мен баланың денсаулығына жауапты мекемелердің жұмысын жетілдіру;
  • Депутаттар атынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыстың алдын алуда құқық қорғау мүшелеріне көмек көрсету;

3.Ұлттық құндылығы

  • Әр түрлі конфессиялармен ұлттар өкілдерінің арасында жақсы қарым-қатынастарды қолдау;
  • Тұрғындардың қазақ тілін білу деңгейін көтеру;
  • Ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға әрекет жасау.

Қымбатты сайлаушылар! Бүгін Сіздің дауыс беруіңіз ертеңгі күнді анықтайды!