Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Арман Махмұтұлы Байсейітов – №15 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

IMG_8820Байсеитов Арман Махмутұлы 1980 жылдың 13 наурызында дүнеге келді .

Білімі: 1997-2002 ҚазМСҚА Алматы қ.

Факультет: Техгологиялық –құрылыс

Мамандығы: Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс

Біліктілігі: құрылыс инженері

2007-2008 ҚазЭУ (IBS) Алматы қ.

EXECUTIVE MBA «Стратегиялық менеджмент»

2012-2015  (International Business School, EUROPEAN UNIVERSITY)

Doctor Business Administration

Жұмыс тәжірибесі:

2002-2003Алматы қ. «Құрылыс басқармасы»ЖШС

Лауазымы: ӨТБинженері

2003-2005 «Mega Center Development» ЖШС

Лауазымы: басты инженер, бөлім менеджері

2005-2006 «Mega Center Development»ЖШС

Лауазымы: Жобалар мен жоспарлау бөлімінің меңгерушісі

2007-2008 «Астана-Моторс» ҚМК ЖШС

Лауазымы: құрылыс басқармасының директоры

2008-2009 «Hyundai Center Almaty» ЖШС

Лауазымы: Директор

қос қызметтілікте:

2008-2009 «Hyundai Center Kazakhstan» ЖШС

Лауазымы: директор орынбасары

2009 – 2012г.  «Mega Center Aktobe» ЖШС

Лауазымы : Директор

2012 – 2014г. «Astana Motors» ҚМК ЖШС

Лауазымы: Бас директор

2014 – 2016г. «Dynasty Invest» ЖШС

Бас директоры

қос қызметлікте:

2015- қазіргі уақытта «ОРЛЕУ»ЖШс бас директоры

2011 жылы ҚР Президентінің грамотасымен және өзге де мақтау, алғыс хаттарымен марапатталды.  Облысымыздың қоғамдық-саяси жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін өткен жылы  облысмыздың «Жыл адамы»  атағына иеленді.

Үйленген.Үш баланы тәрбиелеуде.

Сайлауалды бағдарламасы

Елбасымыз, тарихи тұлға  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында, 24  жыл тәуелсіздік  ішінде Қазақстан  әбден танығысыз елден құрметті, сыйлы, дамыған мемлекетке  айналды.

Елбасының дұрыс, көрегенді саясаты қоғам өмірінің  барлық саласында игілікті өзгерістерге алып келді. Осыдан қазіргі таңда  маңыздылығы қажет рухани баюдың, ішкі және сыртқы саяси өмірдің, экономикамыздың  динамикасының өскендігі байқалады.

Уақыттың кезекті шақыруларына төтеп беру үшін біздің Көшбасшымыз қазақстандықтардың алдына жаңа  ауқымды мақсаттар мен оның жүзеге асырылу жолдарын   нақтылап көрсетті.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының  «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын  нақты іске асырудың   көрсеткен,  қоғам өмірін жаңартып, экономиканы жетілдіруді жүзеге асыратын реформаны жариялады.

Осы мақсаттың  жүзеге асырылатын  қажетті бағыттары:

  • әр азаматтың және барлық қоғамға қызмет ететін мықты, тәуелсіз мемлекеттің құрылысы;
  • еліміздің барлық аумағында азаматтар өмірінің сапасын арттыру, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін тиімді жағдай жасау, соның ішінде кәсіби әрекеттерін іске асыру. Мемлекет міндеті – адамға өз қолымен қажетті, жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беру.
  • демографиялық амандықты қамтып, әлеуметтік кепілдіктің тұрақты да әділетті жүйесін дамыту, қоршаған ортаны салауаттандыру.
  • мемлекеттік денсаулық сақтауға, білімге, жұмыс істеуші азаматтарға, отбасыларға, мүгедектерге, жас мамандарға, оқушы жастарға әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет жүйесінде еңбекақының жоғарлауын, әлеуметтік төлемдерді, стипендиялар мен жәрдемақыны әлеуметтік қажеттілікке бюджеттік қаражат көлемін ұлғайту;
  • балалар мен жастардың жан-жақты дамуы үшін – олардың оқуына, демалыуына, отансүйгіштік және халықтар достығы рухында тәрбиеленуі үшін жағдай жасау. Жас таланттарды ынталандыру;
  • тұрғын –үй құрылысын несиелеп, әлеуметтік тұрғын-үймен қамту жүйесін жетілдіру;
  • әр адамның рухани да физикалық жетілуі үшін жағдай жасау;
  • жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, оның шығармашылық бастамасының жоғарлауы, эстетикалық және рухани қажеттілігінің өсуі үшін барлық жағдай жасау;

Өзімнің сайлауалды бағдарламамның басты бағытын  - ауылшаруашылығы бастамаларын тарту мен мемлекеттік көмекті күшейту деп білемін. Себебі Қазақстан экономикасының шыңы – агроөндірістік кешен.

Сонымен қатар, неғұрлым өзекті мәселелердің бірі – қоғамымыздың әлсіздеу тұрғындары; жас отбасылар мен бюджеттік қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету.  Мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекетіміз бірден-бір  тұрғын үй қаражатын жинақтауды жасады. Ақтөбе тұрғындарына осы мемлекеттік қарыздардың қажетті алушыларына жетуіне барлық күш-жігерімді жұмсаймын.

Мен біздің еліміздің өткеніне, қазіріне және келешігіне немқұрайды қарамайтын азаматтарды сайлау күні сайлау учаскілеріне келуге шақырамын.