Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Күлшат Қабылбекқызы Масалимова – №14 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Масалимова 1Күлшат Қабылбекқызы Масалимова 1973 жылы 9 шілдеде Алматы облысының Үштөбе қаласында дүниеге келген. Қазақстан экономика және құқық институтын бітірген. Мамандығы — экономист.

Күлшат Қабылбекқызы еңбек жолын 1999 жылы «LLP Corporate Cuisine» шотландиялық фирмада тамақтандыру және адамдарды жайғастыру бойынша үйлестіруші болып бастап, 2005 жылға дейін сонда еңбек етті. 2005-2009 жылдары  «Aspava» ЖШС (тамақтандыру қызметі, мейрамхана бизнесі) директоры болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бері «TAKSIM ASIA» ЖШС (тамақтандыру қызметі, мейрамхана бизнесі) басшысы.

Қандай салада болса да қандай істі де аяғына дейін жеткізу К.Қ. Масалимоваға тән қасиет. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, ол тамақтандыру саласындағы бәсекелестікті дамытуға үлес қосып келеді. Ол қарамағындағы қызметкерлерді оқытып, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға аса мән береді.

Күлшат Масалимова — үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі принципті басшы, қағылез жан. Қала кәсіпкерлері арасында оның беделі жоғары. Бүгінгі күні Қазақстанның іскер әйелдері Ассоцияциясының өңірлік құрылымын басқарып отыр. Оның басшылығымен Ақтөбе қаласының кәсіпкер әйелдері үшін семинарлар, тренингтер өткізіліп келеді.

Күлшат Қабылбекқызы жеке кәсіпкерліктегі әйелдердың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп отыр, осылайша әйелдерді жеке бизнеске тартуда. Әйелдер, жастар, сондай-ақ ауылдықтар арасында бизнесті қолдаудың тетіктерін көбейту үшін «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қорының республикалық қорымен, Реконструкция және даму еуропалық банкі шағын бизнесті дамытуды қолдау тобымен, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен, Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімімен тығыз байланыс орнатты.

Тұрмыста. Үш бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.

 

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер етіп ұсынған «Нұр Отан» партисының мүшесі болғандықтан, мен партияның саяси тұғырнамасын тұтастай және толық мақұлдап, қолдаймын, сонымен қатар өзімнің сайлауалды бағдарламамды да партия бағдарламасы негізінде құрдым.

Сайлауалды бағдарламамның негізі — реформалар бағытын одан әрі дамытып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру.

Жаңа көкжиектерге жетудегі жауапкершілік, белсенді іс-қимыл, оған ұмтылыс қашан да басым бағытта және азаматтар сенімінің негізі болды және солай бола береді. Заманауи талаптарды бағындыру және әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп беру жолындағы ұлттық бірлік пен табысты жұмыс біз үшін маңызды шешім деп білемін.

Дәл бүгінгі күні экономиканы дамытудың және азаматтардың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартудың өзекті проблемаларына ерекше назар аудару аса қажет.

Партияның сайлауалды бағдарламасы ел алдында тұрған міндеттер — қазақстандықтардың өмірін одан әрі жақсартуға, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

Мені депутаттыққа үміткер ретінде өскелең ұрпаққа рухани тәрбие мәселесі де толғандырады.

Құрметті сайлаушылар, сіздермен бірлесе отырып, жастарды жұмысқа тарту және олардың бос уақытын ұйымдастыру проблемаларын шешуді өзімнің міндетім деп санаймын. Өйткені бүгінде дипломы бар жас мамандардың жұмысқа орналаса алмауы мені қатты қынжылтады.

Депутат болып сайланған жағдайда түрлі қаржы көздерінен қаражат тауып, қаланы көріктендіру, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қызмет ететін боламын.

«Қарттарым — асыл қазынам» деген, мені қарттар мәселесі де ойландырады. Оларға қамқорлық жасау, қайырымдылық көрсету жөнінде жұмыстар жүргіземін. Бұл — біздің әрқайсысымыздың парызымыз. Маған балалар үйінің түлектері жиі келіп тұрады. Біз олармен өмір туралы әңгімелесіп, тұрғын үй алулары үшін есепшот ашуға көмектесіп келемін.

         Ақтөбе қаласы бойынша іскер әйелдер Ассоцияциясының төрайымы ретінде әйелдердің өзекті мәселелерін шешуге ықпал етуді өзімнің парызым деп санаймын.

Мемлекет Басшысы маңызды және халыққа мәлім өмірлік принциптерді жүзеге асыру үшін қазақстандықтарға қажетті шарттар жасау мақсатында ішкі және сыртқы саясаттағы бес маңызды міндет деп мыналарды көрсетіп берді: әрбір отбасының әл-ауқаты, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балаларға білім беру, денсаулықты нығайту, зейнетақы салымдарын құру.

Қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткер ретінде осы міндеттерді негіз ете отырып, осы мақсаттардың орындалуына жету үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын деп өз сайлаушыларыма уәде беремін.