Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Сұлупан Панақызы Шынтасова – №18 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

СайтСұлупан Панақызы Шынтасова 1959 жылы 4 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Экономикалық жоғары білім иегері, заң ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе қалалық тамақ саудасы, № 1 шаруашылық дүкенінде тауартанушы қызметінен бастаған.  1982-1988 жылдары қалалық тамақ саудасы, 6 шаруашылық есеп, аға тауартанушы; 1988-1992 жылдары «Азық-түлік тауарлары» Ақтөбе бөлшек сауда бірлестігі, № 6 ОД директоры; 1992-1997 жылдары Облыстық әкімшіліктің облыстық сауда басқармасы, басқарма бастығы; 1999-1999 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің талдау және шұғыл ақпарат секторының меңгерушісі; 1999-2002 жылдары Облыстық коммуналдық меншік басқармасы, басқарма бастығы; 2002 -2004 жылдары Базарларға және бір жолға талондар бойынша қызметтердің кейбір түрлеріне әкімдік ету жөніндегі облыстық басқарма, басқарма бастығы; 2004-2006 жылдары Ақтөбе облыстық қаржы департаменті, директордың орынбасары; 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополиярды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы қызметін атқаруда. 2013 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Саяси Кеңес мүшесі.Сұлупан Панақызы «Нұр Отан» партиясы ХV съезінің делегаты, қалалық мәслихаттың IV, V және VI шақырылымдарының депутаты. Қазақстанның өнеркәсіпті – инновациялық, экономикалық – әлеуметтік саяси дамуы бағдарламасына өзінің үлесін қосуда. «Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі. 2008 жылы «Қазақстанның жүз іскер әйелі» тізіміне кірді.

С. Шынтасованың басты қасиеті қоғамға пайда тигізу бағытында жұмыс жүргізу. Ол қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады. Қалалық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларында Ақтөбе қаласы сайлаушыларының мүддесін жақтап қорғап келеді.Аса маңызды мәселе ретінде аз қамтылған соғыс және еңбек мүгедектерін зейнеткерлерді әлеуметтік жағынан қамту жүйесін жетілдіру мен дамытуға көңіл бөледі. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ардагер-әйелдерді марапаттауды, қаланың құрметті азаматтарымен кездесулер өткізуді ұйымдастырып тұрады. Қала өміріне жастарды тиімді әлеуметтендіруді қамтамасыз ету үшін жастардың қалаға қажеттілік және оның болашағына жауапкершілік сезімін сондай-ақ барлық мүдделі салалардың жұмыстарын қалыптастыру мақсатында С.Шынтасованың басшылығымен «Ақтөбе қаласында жастар саясатын дамыту және жастар проблемалары туралы» көпшілік тыңдау өткізілді. Мақсаткерлік және жауапкешілік, адамдармен жұмыс істеудегі жоғары кәсіби баға жетпес іс тәжірибесі бүгінгі таңда депутат ретінде мемлекеттік істерді шешуде көмегін тигізуде. «Берік отбасы – берік ұлт және берік мемлекет» деген девизбен өзінің депутаттық өкілеттігін отбасы мәртебесі мен ананы қорғауды нығайтуға пайдаланады. Мәртүк поселкесіндегі Яйсан балалар үйіне тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Наурыз және жаңа жылдық мерекелерде аз қамтылған тұрғындардың балалары мен жетім балаларға мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.

Марапаттары:  2008 жылы «Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық тану ұлттық сыйлығы «Ажар» Республикалық конкурсының номинациясы бойынша табыс етілді; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» төсбелгісі, “Қазақстан мәслихаттарына-20 жыл” мерекелік төсбелгісі; “Қазақстан Республикасының құрметті депутаты” құрмет төсбелігісі;

Тұрмыс құрған, екі баласы, төрт немересі бар.

 

Сайлауалды бағдарламасы

Өзімнің мақсатым – менің Отаным, біздің  Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жасампаз ел болуына белсенді қатысу. Бірінші кезекте, еліміздің саяси тұрақтылығының, ұлтаралық және дінаралық келісімнің нығаюын, әрбір қазақстандықтардың бір- бірін құрметтей білуін қамтамасыз етемін.

Елбасымыздың біздің мемлекетіміздің гүлденуі мен әл- ауқаты жасқартуға арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясының , «Нұрлыжол» бағдарламасының, бес институционалдық реформалар жүзеге асыру бойынша еліміздің түбегейлі жаңа ортаны қалыптастыру және алдағы жылдары үшін оның тұрақты дамуы үшін берік негіз болатын «Ұлт жоспары – 100 қадам» саясатының жүзеге асырылуын қолдаймын.

Менің сайлауалды бағдарламам мынадай басым мәселелерді қамтиды:

Қалалық агломерация, қаланың инфроқұрылымының дамуына, аулалардың абаттандырылуына, үйлердің уақытылы сапалы жөндеу жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға, қаланы көгалдандыруға жұмыстар жүргізу.

Балаларға арналған спорт алаңдары мен мәдени нысандарының құрылысына жағдай жасап, денсаулық салауатты өмірдің басты кепілі ретінде оларға жаппай денешынықтыру, спорт, мәдени мұра мен шығармашылық белсенділіктерін насихаттау және дамыту үшін балалар мен жастардың бос уақытын өткізуге қолайлы жағдай жасау.

Кәсіпкерлер қоғамның және еліміздің экономикасының бастамашыл тобы болғандықтан кәсіпкерлікті қолдау және іскерлік белсенділікті ынталандыру. Жаңа жұмыс орнын құратын экономиканың басым секторларында кәсіпкерліктің өсуіне ықпал ету. Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған «Даму» қорына, «Бизнестің Жол картасы- 2020», «Сыбаға» секілді бағдарламаларға қолдау көрсетіп, барлық жағынан көмек беру.

Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында қолайлы амалдар мен жұмыс түрлерін қолдана отырып, халықтың әлсіз топтары соғыс және еңбек ардагерлеріне, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, мүгедек жандарға, мүгедек балаларға, жетім балаларға қолдау көрсетіп, қамқорлық таныту.

Мені, Ақтөбе қаласының тұрғыны ретінде біздің қаламыздың тұрғындарының өмір сүру деңгейінің артуы қызықтырады. Жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау маңыздылығын түсіне отырып, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттік қолдау көрсетуге ұмтыламын. Халыққа қажетті медициналық көмек көрсету үшін аймақтық денсаулық сақтау қызметкерлерін құруға жан-жақты көмекпен қамтамасыз ету.

Сумен жабдықтау, жол техникалық қызмет көрсету мен көшелерді жарықтандыру жақсартуға күшімді саламын.

Депутат ретінде сайланудағы менің мақсатым Сіздермен тығыз ынтымақтаса отырып, менің сайлаушыларым мен биліктің мекемелерімен маңызды мәселелер мен міндеттерді өз деңгейінде шешу болып табылады.

Құрметті сайлаушылар, Сіздерден біздің еліміздің, республикамыздың, облысымыздың ,қаламыздың болашағына немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймын. Сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Сіз өз атыңыздан дауыс бере отырып, өзіңізге, өзіңіздің балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ үшін дауыс беретіндеріңізді есте сақтаңаздар.

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының ұранын қолдаймын және өз тілегім ретінде санаймын:

ҚАЗАҚСТАН 2021:  БІРЛІК. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ.