Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Ардақ Садақбайұлы Өтегенов – №10 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Утегенов 1Өтегенов Ардақ Садақбайұлы 1979 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысында дүниеге келді.

1996 жылы Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында  орта білім алды. 1996-2000 жж. аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша аяқтады.  2004-2008 жж. Атырау мұнай газ  институтына түсіп, «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәлім алып шықты.

2015 ж. Ақтөбе қаласындағы Қазақстан-Ресей халықаралық университетінде дәріс алып, экономика мен бизнес магистрі дәрежесіне ие болды.

2000 жылы өз еңбек жолын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы Жаңажол ГӨЗ-ның жөндеу-механикалық слесарі қызметінен бастады.

2002-2003 жж. еңбек сүйгіштігі мен жеке ынтасына қарай,  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы басшылығының шешімімен қытай тілін меңгеруі үшін Бейжін мұнай университетіне іс-сапарға жіберілді.

23.07.2003 жылы іс-сапары аяқталған соң,  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы Басқару аппаратының тіл саясаты және мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізу қызметіне аудармашы болып ауыстырылды. 

07.02.2006 жылы  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы Әкімшілік департаментінің шаруашылық бөлімі бастығы қызметіне ауыстырылды.

14.10.2014 ж. бастап СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары- шаруашылық бөлімі бастығы қызметінде жұмыс жасайды.

2004, 2010 және 2015 жылдары әкімшілік департаментінің жұмыстарын атқарған уақытта көптеген жетістіктерге жетіп, Компанияның өндірістік-шаруашылық қызметіне қосқан үлесі, жоғары көрсеткіштерді есекере отырып, үш мәрте «Өндіріс озаты» деген құрметке ие болды.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

 

Сайлауалды бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан-2050 және әлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру туралы стратегиялық бағдарламаларын негізге ала отырып және «Нұр Отан» партиясының саяси бағытын қолдай отыра, Сіздердің назарларыңызға сайлауалды бағдарламамды ұсынып, бағдарламаны өздеріңізбен бірге жүзеге асырамын:

  • Сессия отырысында, оның тұрақты комиссия жұмысында өз сайлау округімнің мүддесін қорғаймын;
  • Біздің қаламызда тротуарлар құрылысын, велосипедтермен қыдыруға арналған арнайы жолақтардың, көгалдандыру, аулаларды жөндеу, балалармен спорт алаңдарының құрылысын қалпына келтіріп дамыту мәселелері өте маңызды деп ойлаймын;
  • Қолжетімді баспана құрылысын, автожолдардың және инженерлік желілердің құрылысын дамыту қажет, жаңа жолдар салуға және сапалы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізу, сонымен қатар қоғамдық көліктің желілерін кеңейту мәселесін шешу керек.
  • Сонымен қатар менің округімнің маңызды мәселелерінің бірі, жылыту құбырларының күшін жоғарылату.
  • Қаладағы әлеуметтік маңызды бағдарламаларды дамытып, Ақтөбеліктердің әлеуметтік жағдайын жақсарту қажет, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесу, аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен басқа да мұқтаж санаттағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
  • Қолжетімді спорт кешендері, аула клубтары арқылы жасөспірімдерге салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау.
  • Қалалық әкімдікпен және кәсіпорындардың қолдауымен жастар қоғамдық бірліклестітерімен бірігіп жастарды спортпен шұғылдануға, туризммен айналысуға жағдай жасау.

Аталған Осы бағдарламада аталған барлық мәселелер менің ұдайы жұмысымның басты бөлшегі болады, оларды шешуге қала басшылығының алдына тапсырма қоятын боламын.

Қазақ Елі – үлкен жер аумағымен, тұрғындарымен әлемдегі ең бай елдерінің бірі.біздің еліміз өзінің  дана халқының арқасында әлемдегі жетекші елдердің қатарына енетіндігіне нық сенемін.