Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Гүлнәзия Жанұзаққызы Дәрібаева – №6 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Дарибаева 1Гүлнәзия Жанұзаққызы Дәрібаева, 1972 жылы 23 ақпанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының Сарыбұлақ совхозында дүниеге келді.

1979 жылы Қорғантұз орта мектебінің табалдырығын аттап, 1989 жылы орта мектепті бітіріп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетіне түскен. 1993 жылы осы аталған институттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі деген квалификация алған. Өз еңбек жолын 1993-1997 жылдар аралығында  Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының  №1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1998 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударуына байланысты №15 орта мектебіне жұмысқа орналасқан. Осы мектепте 2004 жылдан бастап директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың сәуір айынан бастап мектеп директорының қызметін атқарып келеді. Жалпы педагогикалық өтілімі – 23 жыл. Жоғары деңгейдің бірінші біліктілік санатында.

2003 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін, қалалық, облыстық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін «Дарынды балалар – Қазақстан болашағы» энциклопедиясына енгізіліп, төсбелгісімен марапатталды. 2010 жылғы Облыстық «Үздік мұғалім» байқауының грант иегері.

Тұрмыста, екі баласы, екі немересі бар.

 Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Қымбатты жерлестер!

         Қазақстан Республикасының іргетасын қалаушы және Тұңғыш Президентінің арқасында тәуелсіздік жылдарында біз жүзжылдықтармен тең келетін жолдардан өттік!

         Ұлтымыздың Көшбасшысы арқасында барша қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде!

         Елбасының бастамасымен біз әлем елдері арасында іргесі мықты, гүлденген, бәсекеге қабілетті, құрметті мемлекетті құрдық!

         Президентіміздің арқасында қазіргі жағдайда  біз  қоғамымыздың саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын жаңғырттық!

         Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен біздің елімізде мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттары мен бағыттары нақты әрі айқын көрсетілген, ерекше «2050-стратегиясы» жүзеге асырылды!

         Біздің еліміздің ғана емес, әрбір отбасының болашағы мен  экономикалық өсуінің дұрыс жолы – «Нұрлы жол» бағдарламасы Назарбаевтың арқасында әзірленді.

         Егер де менің үміткерлігімді жерлестерім қолдайтын болса, мен әрбір отбасының игілігі, мемлекетіміздің көркеюі, Қазақстан Республикасы деп аталатын Отанымыздағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін еңбек етемін!

         Егер адам заңмен қорғалмаған болса, оның құқығын қорғаудың қандай қиын екендігін өзімнің кәсіби тәжірибемнен жақсы білемін.

         Мәслихаттағы өкілдік,  бізге нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасауға, сонымен қатар ел тұрғындарының конституциялық құқықтары мен қызығушылықтарына толыққанды жауап беретіндей жүзеге асырылып жатқан заңнамаларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

         Депутаттар үшін ел азаматтарының барлық ұрпақ буынын қорғауға бағытталған заңдар маңызды болуы тиіс. Әрбір адамның өз қабілеттерін, еңбек ету құқығын жүзеге асыруға, лайықты еңбекақы алуға, кәрілікті қамсыз өткізуге мүмкіндіктері болуы қажет.

         Әсерлі ұлттық экономикасыз  халықтың әл-ауқатының өсуі мүмкін емес. Соған байланысты, заңнамалық база келесі мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:

  • Экономиканың барлық салаларында отандық өндіріске қолдау көрсету, экспорттаушылар мен ғылымиқажеттілігі бар, ресурссақтаушы өнімдерді өндірушілерді ынталандыру, ішкі және сыртқы инвестициялардың кірісіне қолайлы жағдай жасау;
  • Өндіріс пен қызмет көрсету салаларының дамуын ынталандыратындай салықтық саясатты қалыптастыру;
  • Экономиканың жеке секторларының дамуына ықпал ететіндей жағдай жасау;

Елімізде әлеуметтік саясат белсенді жүргізіліп, азаматтардың құқықтары мен бостандығын жүзеге асыруға жағдай жасалғанда ғана, ұлттық экономиканың дамуы адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасына жағымды әсер етеді.

Менің ойымша:

  • Еңбек ақы ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз етумен шектелмей, отбасы шеңберінде кеңейтілген мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс – жеке баспана алуға, дұрыс тамақтануға мүмкіндік, балалардың оқуы мен толыққанды демалысын қамтамасыз ету;
  • Білім, оның ішінде жоғары білім де – қоғамның барлық қабаттарының жастарына қол жетімді. Жас мамандарға – мамандығы бойынша жұмыспен қамтуға шынайы мүмкіндіктер;
  • Денсаулық сақтау – әсіресе әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған тұрғындар үшін, медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту;
  • Зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылғандар үшін – өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінетіндей, мемлекеттік қолдау көрсету;

Ақтөбе қалалық мәслихаты депутатының іс-әрекеті қабылданған нормативтік актілердің санымен ғана анықталмайтындығына сенімдімін.

Заңнамалық іс-әрекетті жетілдіру қажет, қабылданған заң баптарының қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан заңнамаларға қайшы келетіндей екі жақты мағынасының болуына жол берілмеуі тиіс.

Заңдардың жүзеге асырылу механизмі заңның актілерінде емес, заңның өзінде мейлінше анық жазылғаны дұрыс. Ең бастысы, олар адамдар мен барлық қоғамның мүддесі мен игілігіне бағытталуы қажет.