Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Асхат Нұрсұлтанұлы Қабиев – №9 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

кабиев 2 Асхат Нұрсұлтанұлы Қабиев 1973 жылдың 10 қыркүйегінде  Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келді. 1990 жылы Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектебін бітіріп, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша        Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін аяқтады.

Өзінің еңбек жолын 1990-1991 ж.ж. Ақтөбе «Сельмаш» зауытында металл жөндеуші қызметтен бастады.

1991-1993 ж.ж  ҚР әскери күштер қатарында қызмет атқарды.

1997-1999ж.ж. жеке кәсікерлікпен айналысты.

1999 жылы  «Кабиев и К»  ЖШС ашып, «Дина» Супермаркеттер желісін құрды.

Қазіргі таңда қалалық мәслихаттың депутаты, V шақырылым. 2011жылы Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде кандидат Н.Ә.Назарбаевтың штабының белсенді қатысушысы болды.

 «Құрмет» орденімен, «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл» медалімен марапатталды. Елбасының құрмет грамоталарымен, облыс, қала әкімдерінің және «Нұр Отан» партиясының грамоталарымен марапатталды.   

Салауатты өмір салтын сақтайды, спортпен шұғылданады, футбол ойнайды.

Үйленген. Төрт баланы тәрбиелейді.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!!!

Біздің ел масштаб модернизациясы заманына қадам басты. Біз жаһандық  ырғақпен дамып келеміз. Он жылға еліміздің  стратегиялық мақсаттары мен міндеттері жасақталған.

Партия мүшесі әрі өз елімнің азаматы  ретінде менің басты міндетім:

 -қала мен өз ауыл-аймағымның дамуына үлес қосу. Біздің аймақ  қала картасында алдыңғы қатарда болуына үшін бар күш-жігерімді қосуға әзірмін.

 Өмір бойы мен Ақтөбеде тұрып қызмет жасап келем. Мен қаламды сүйемін және жастардың, қарт адамдардың, зейнеткерлердің, соғыс ардагерлеріне қатысты мәселелерді білемін. Бірлесе отыра біз міндетті түрде жақсылыққа қол жеткіземіз!

Қалалық мәслихаттың депутаты ретінде  сайланған жағдайда, өз жауапкершілігімді сезіне отыра төмендегідей бағдарламамды ұсынамын:

1) Қалалық мәслихаты және комиссиямен жұмыс барысында өз аймағымның қызығушылығын басты негізге аламын.

2)Өзімнің кәсіби тәжірибемді , білік, дағды

-ларымды пайдалана отыра, КСК, қалалық орындау ұйымдарын бақылау арқылы коммуналды инфраструктураны жақсартуды қолға аламын (су құбыры, теплотрасса, канализация, электрқуатпен қамтамасыз ету).

3)Қазіргі таңда қаладағы ең басты мәселе – жол-

дың сапасы. Осы мәселе бойынша  қала әкімшілігімен өз ауыл-аймағымызды капиталды жөндеу бойынша қолдау  көрсетуін сұраймын.

4)Балалар – біздің ең қымбат жандарымыз, сондықтан олардың болашақ тағдыры ата-аналарды алаңдатады. Осыған байланысты мектептер мен бала-бақшаларда капиталды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ат салысамын.  Білімді және өнегелі ұрпақ – біздің жарқын болашағымыз.

  5) Мықты отбасы  бұл – мықты ұлт, мықты ел!Өзімді азамат ретінде сезіне отыра, өз лауазымымды аналарды қорғау, отбасы мәртебесін көтеру секілді міндеттерді атқаруға жұмсаймын.

Біз «Нұр Отан» партиясының мүшелері,  барлық қазақстандықтарға экономикалық даму негізінде, өмір сапасын жақсарту мақсатында,  еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту үшін бірігуді ұсынамыз.Біз барлық жауапкершілікті сезіне отыра, барлық міндеттерді атқара алатынымызға сенімдіміз.

Қазақстан –  кең аумақты, керемет халқы бар бай ел. Біздің ел өзінің парасатты халқының арқасында әлемдік көшбасшы болатынына сенімім мол.  Біздің қаламыз жарқын болашаққа лайық.

Құрметті Ақтөбеліктер мен сіздердің үміттеріңізді ақтаймын! Тек бірлігі мен ынтымақтастығы мол ұлт қана алдағы  қиындықтарды жеңіп, жаңа даму деңгейіне өте алады.

Ерен КӨШБАСШЫЛЫҚПЕН  нығайтылған бірлік пен келісім – XXI ғасырдағы қазақстандық табыстың басты формуласы да осы.

“Нұр Отан” – бейбітшілік пен келісімнің партиясы.