Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Серік Амантайұлы Әліпов – №19 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

IMG_8835Серік Амантайұлы Әліпов 15 маусым 1963 жылы Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданының Көк-Төбе кентінде дүниеге келген. Еңбек қызметін 1985 жылы Алға ауданындағы Ақтөбесельмаш зауытында инженер-құрастырушы болып бастады. Кеңес Армиясы қатарында әскри қызметін өтеді.1988-1989 ж.ж. – «Ақтөбесельмаш» зауытында инженер-құрастырушы. 1989 жылы еңбек ұжымы мен партиялық ұйымның ұсынысымен Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің жұмысына жіберілді. 1989-1991 ж.ж. Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, істерін басқарушысы.1991- 1993 ж.ж. – «Медицина» республикааралық биржасы, Бас директордың орынбасары. 1993-1997 ж.ж. – «ТАНУ» Акционерлік қоғамы, коммерция жөніндегі директордың орынбасары. 1997-1999 ж.ж. – «ТМКгрупп » ЖШС, директоры. 1999 бастап қазіргі уақытта – «ПромМаркет» («Ақтөбе» сауда үйі) ЖШС Бас директоры.

Серік Амантайұлы «Нұр Отан» партиясының мүшесі, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» АОФ қазақстандық үлесті мониторингтеу жөніндегі комиссиясының төрағасы болып табылады. Ақтөбе қалалық қалалық мәслихатының V. VI шақырылымдарының депутаты. Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп,  жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі комиссиясының төрағасы.

Марапаттары:  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі, «Белсенді Қызметі үшін» медалі, «Нұр-Отан» партиясының құрмет грамотасы.