Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Алмагүл Шұбайқызы Бекенова – №8 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

Бекенова 2Алмагүл Шұбайқызы Бекенова 1971 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында туған. Өзінің еңбек қызметін 1997 жылы Ақтөбе облыстық теледидардан бастады. Ұзақ уақыт редактор және жаңалықтарды жүргізуші болып жұмыс жасады, сонымен қатар авторлық бағдарламаларды қоса жүргізді.

Ол «Көзқарас», «Әйел әлемі», «Экономика және бизнес» тақырыптық бағдарламалардың авторы және жүргізушісі, «Арна» ақпараттық бағдарламаның редакторы болды. Салауатты өмір салтын насихаттауда белсенді ат салысты, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен қызмет етті, «Сау болыңыз» теледидарлық жобаны жүргізді. 2002 жылы салауатты өмір салтын насихаттауда белсенді жұмысы үшін Ақтөбе облысының әкімінен мақтау қағазына ие болды.

Бекенова Алмагүл Шұбайқызы 2001 жылы бірінші «Томирис» Ақтөбе облыстық суретті толық түсті қоғамдық-ақпараттық бағыттағы журналды қалыптастырып, басқарды. «Томирис» журналында 2005 жылдың 5 ақпанына дейін бас редактор қызметін атқарды. Осы уақыт аралығында Ақтөбе аймағы бойынша ең сапалы басылымдардың бірі етті, бұл журналда әйел денсаулығы, жұмыссыздық мәселесі, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, әйел мен балалардың өсімпаздықтары туралы мәселелері қозғалды. Басылымның шығарылымы екі есе артты. Қазақстанның Батыс аймағына журналды тарату артты. 2003 жылы журнал облыстық БАҚ арасында облыстық байқауда шағын және орта бизнесті баяндағаны үшін екінші орынға ие болды.

Сол жылы шындықты жәнеқоғамдық өмірді жариялағаны үшін Ақтөбе қаласының  әкімінен мақтау қағазымен марапатталды. 2005 жылдан бастап «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс жасады.

2006 жылдың наурыз айынан «РТРК «Қазақстан» облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. 2007 жылдың шілде айынан бастап Астана қаласындағы «РТРК «Қазақстан» тақырыптық бағдарламаның бас продюсері болып жұмыс жасады.

Бүгінде бизнеспен белсенді айналысуда. Әрбір қазақстандық әйелдің басты міндеті отандық экономиканы дамытуға көмектесу болып табылады. Белсенді өмірлік позициясының арқасында сайлауға қатысып, V-шақырылымның қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

Алмагүл Шұбайқызы комиссия төрайымы, қаланың әлеуметтік-мәдени дамуына зор үлесін қосуда. Комиссиямен бірнеше рет қала мектептеріне шығып қарау жұмыстары жүргізілді, тамақтандыру, балалардың қоғамдық қауіпсіздігі, қаланың емханаларында сапалы медициналық қызметтерді көрсету сияқты сұрақтары қарастырылды, комиссиямен ақпаратты жинақтау бойынша біршама еңбек атқарылды, сауалнама қаланың барлық емханаларында жүргізілді, барлық емханаларға шығып қарау жұмыстары жүргізілді, ондағы жағдайлармен танысты және көптеген мәселелер көтерілді, осыған орай көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынылды. Белсенді қайырымдылық көрсетумен айналысады және әйел саясаткерлерінің Ақтөбелік клубының мүшесі болып табылады.

       Сайлауалды бағдарламасы

  Біздің еліміз қаржы-экономикалық және жаһандық қауіп-қатерлер мен жаңа жетістіктер табалдырығында тұр.

«Нұр Отан»  партиясының басты мақсаты – халық бірлігі болып табылады.

Бірлік, тұрақтылық және шығармашылық – Қазақстан әлемнің  ең дамыған 30 елдің қатарына ену жолындағы негізгі компоненттері болып табылады.

Қалалық мәслихат депутаты  сайлауына «Нұр Отан»  партиясының мүшесі ретінде, халық алдындағы жауапкершілігімізді сезіне, жасына, кәсіби, әлеуметтік, ұлттық және діни ерекшеліктеріне карамастан, барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған сайлауалды бағдарламаны ұсынамын:

  1. Қалалық мәслихат сессияларында тұрақты комиссия алдында округтік сайлаушылардың мүдделерін білдіріп және қорғаймын.2. Мен сол округ тұрғындарының мәселелерін шешуге  кәсіби тәжірибем мен дағдыларымды  пайдаланамын.3. Сол аймақтың аз қамтылған отбасылардың балаларына, соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше назар аударылатын болады.4. Шағын және орта бизнестің серпінді дамуы – мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады және жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету керек. Қалалық мәслихат депутаты өкілеттігі шегінде  бизнесті бастап, әрі қарай дамытуға, әкімшілік кедергілерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын.

    5.Жұмысымның маңызды басымдылығы –  шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандыру болып табылады.

    6. Біз қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу секілді мәселелерді шешуге депутат өкілеттігін пайдалануға міндеттеймін.

    7. Менің парламенттік қызметімнің негізгі басым бөлігі –  ана мен баланы қолдау болып табылады; толық емес және аз қамтылған отбасыларға қолдау тетіктерін жетілдіру, үйде оқитын мүгедек балаларға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету.

    8. Салауатты өмір салтын сақтау  және насихаттау жолында мен кәсіби тәжірибемді пайдаланамын.

    Біздің болашағымыз – біздің қолымызда. «Нұр Отан»  партиясы – қоғамды жаңа жетістіктерге жетелейтін  күш  болып табылады.

    Біз, «Нұр Отан» партиясының мүшелері Қазақстан игілігі үшін.

    Біз Қазақстанды мықты ел қатарына қосып, өркендеткіміз келеді. Және біз осыған қалай қол жеткізуге болатын білеміз!