Ақтөбе қаласының мәслихат
сайты

Швец Константин Валентинович – №5 сайлау округінен депутат

Опубликовано: 25.03.2016

9х12Швец Константин Валентинович1969 жылы 29-шы маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1986 жылы  Ақтөбе қаласындағы №11 неміс тілін тереңдетіп оқытатын арнайы мектебін алтын медальмен бітірген. Санкт – Петербург мемлекеттік техникалық университетінде  инженер-металлург мамандығы бойынша жоғарғы білім алдым. Қосымша білімі – есепші. Санкт – Петербургте  бухгалтерлік мектебінде қосымша білім алған.

1987-1989 жж. Қарулы күштер құрамында отан алдындағы әскери борышын өтеген. Әскери шені – ефрейтор.

Еңбектегі  қызметі өндіріспен байланысты: «Қазақстан Трубопром» ЖШС-де еңбек ете жүріп,  жай  есепшілік қызметтен  бас бухгалтерлікке дейін көтерілді. «КТП»  ЖАҚ-да  экономика саласы  директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1998-2014 жж. аралығында «КТП» ЖШС-нің –  атқарушы директоры.

2014 ж. бастап «КТП» ЖШС-нің – бас директорының орынбасары.

V, VI шақырлымдарының қалалық мәслихат депутаты.

Ақтөбе қаласының мәслихатында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласы бойынша заңдылықтардың орындалуы, құқық жөніндегі сұрақтар қаралатын тұрақты комиссияның мүшесі болдым. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, қаланың әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысады.

 «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалынан қалалық мәслихат депутаты кандидаттығына ұсынылды.

«Қазақстан Маслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Үйленген, екі баласы бар.

Сайлауалды бағдарламасы

Егерде мені басқарушы «Нұр Отан» партиясының атынан қалалық депутат ретінде таңдау жасасаңыз, өзімді сайлаған адамдар алдында жауапты екендігімді сезе отырып, өз сайлау бағдарламамды ұсынамын:

  • Халық пен партия бірге! «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру!
  • Бірлік, келісім, халықтың тұрмысының жақсаруы – ортақ жетістік!
  • Білім сапасын жоғарылату!
  • Білім берудегі инновациялық әдістер – сапа көрсеткіші!
  • Кәсіптік орта білім беруді күшейту.
  • Орта және шағын кәсіптің белсенділігін қолдау!
  • Жалпыхалықтық спорт – өмірге!
  • Экономиканы дамытуда инвестицияны пайдалану!
  • «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясатын өндіру – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз!
  • «Еңбекпен қамтамасыз ету жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу!
  • Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру! Ұлттың бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін орындау!
  • Жоғары руханиялық – бірлік пен келісім кепілі!

Ұлттың бірлігі мен ынтымақтастығы мемлекеттің ең басты құралы, сол ынтымақты сақтап әрі қарай әртүрлі мәселелерді шешу үшін ұлтаралық достық, ел азаматтарының патриоттық сезімдерін оятуға ерекше көңіл бөлемін.